Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет46/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138
деңгейін зерттеу мақсатында сауалнама жүргізуді ұсынамыз: 
Зерттеу жүргізуге көмектесуге келіскеніңіз үшін рахмет. Ол дамуы типтік 
емес оқушыларды білім беру кеңістігіне енгізуге ықпал ететін өзгерістердің 
негізі болады. 
Қарсы болмасаңыз, тегіңізді, атыңызды және әкеңіздің атын жазыңыз 
__________________________________________________________________ 
Тиісті жолға белгілер қойыңыз: 5 - егер Сіз толық келіссеңіз; 4 - келісуіңіз 
мүмкін; 3 - қалай жауап беретініңізді білмесеңіз; 2 - келісетін сияқтьысыз; 1 - 
толық келіспейсіз. 
Жауап беру үшін ойлануға көп уақыт жұмсау керек емес. Егер кейбір 
сұрақтар Сізге түсініксіз немесе дұрыс құрылмаған болып көрінсе, неғұрлым 
қалыпты, сұрақтың мағынасына сәйкес келетін «ортаңғысын» елестетіп көріңіз 
және соның негізінде жауап таңдаңыз. Аралық, белгісіз, «білмеймін» деген 
сияқты жауаптарға жиі жүгінуге тырыспаңыз. Шынайы жауап беріңіз. Өз 
жауаптарыңызбен жақсы ой қалдыруға тырыспаңыз. Бұл жерде «дұрыс» немесе 
«қате» жауаптары болуы мүмкін емес. 
Сұрақтар: 
1. 
Инклюзия туралы түсінік бар, инклюзивтік мәдениет ұғымының 
мәнін түсінемін. 
2. 
Барлық білім алушыларға, ата-аналарға, жұртшылыққа олардың ана 
тіліне немесе денсаулығы шектеулеріне қарамастан (ақпарат аударылған, 
Брайль 
қарпімен 
немесе 
одан 
да 
үлкен 
қаріппен 
терілген, 


112 
аудио/бейнематериалдар ұсынылған және т.б.), мектеп туралы ақпарат 
қолжетімді. 
3. 
Мектепте (сайтта), қажет болған жағдайда, ымдау тілінен немесе 
оқушылардың ана тілінен аудармашылар қол жетімді. 
4. 
Мектепте білім алушылар қатарында ерекше білім беру қажеттілігі 
бар балалар бар. 
5. 
Мектепте денсаулық мүмкіндіктері шектеулі қызметкерлер 
(мұғалімдер, қызмет көрсетуші персонал, әкімшілік) бар. 
6. 
Мектеп ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоса алғанда, 
барлық білім алушыларға түсіністікпен қарайды. 
7. 
Білім алушылар арасындағы, оның ішінде ерекше білім беру 
қажеттілігі бар балалармен достық қарым-қатынас белсенді түрде қолдау 
табады. 
8. 
Білім алушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар мен 
әлеуметтік азшылық мүшелері үшін қорлайтын, кемсітушілік пікірлерді, лақап 
сөздерді қолданудан қашық. 
9. 
Мектеп қызметкерлері атқаратын лауазымына, жасына, жынысына, 
денсаулық жағдайына, ауқаттылығына және шығу тегіне қарамастан, бір-біріне 
құрметпен қарайды. 
10. 
Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық білім алушыларға үлгі 
болып табылады. 
11. 
Білім алушылар мектеп қызметкерлеріне олардың мәртебесіне, 
жасына, жынысына, денсаулық жағдайына қарамастан құрметпен қарайды. 
12. 
Мұғалімдер мен қызметкерлер білім алушылармен қарым-қатынасты 
түзу, ақауларына ерекше назар аудармай жасайды, бірақ сонымен қатар сол 
немесе өзге де қызметті орындау кезінде әртүрлі мүмкіндіктерін ескереді. 
13. 
Денсаулығы бұзылған білім беру ұйымының білім алушылары мен 
қызметкерлері ешқандай бұзылуы жоқ адамдар сияқты өздерін ыңғайлы 
сезінеді. 
14. 
Білім алушылар ең жоғары жетістіктерге қол жеткізуге болатын
оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектепке 
келеміз деп санайды. 
15. 
Білім алушылар әртүрлі балалардан мектеп ережелерін әртүрлі 
дәрежеде сақтау талап етілетінін түсінеді. 
16. 
Білім алушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тап 
болатын оқу және мектеп өміріне толыққанды қатысу жолындағы кедергілерді 
жеңуге көмектесе алатындарын түсінеді. 
17. Білім алушылардың пікірі оқу-тәрбие және әлеуметтік-мәдени 
жұмысты ұйымдастыру кезінде зерделенеді және ескеріледі және мектептегі 
әлеуметтік-мәдени жағдайдың өзгеруіне әсер етеді. 
18. 
Мектеп қоғамдастығында шығу тегіне, үлгеріміне немесе ерекше 
білім беру қажеттіліктеріне қарамастан, жақын жерде тұратын барлық 
балаларды мектепке қабылдау саясаты байқалады. 


113 
19. 
Балалардың ерекше білім беру қажеттілігі балаларды қоғамдық 
маңызы бар тәрбие қызметіне қосу үшін кедергі болып табылмайды. 
20. 
Қызметкерлер білім алушының қабілетін ағымдағы жетістіктер мен 
сәтсіздіктерге қарамай, кешенді бағалайды. 
21. 
Мектепте балалардың біріздендірілген талаптарға сәйкестігі емес, 
айырмашылықтары бағаланады. 
22. 
Мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай 
жасауға жалпы ұмтылыс бар. 
23. 
Мектеп қоғамдастығында инклюзияның шекараларына, мысалы, 
дамудың көптеген ауыр бұзушылықтары бар балаларды мектепте оқыту 
мүмкіндігі туралы күмән айтылады. 
24. 
Қызметкерлерде білім беру ортасы білім алушылар мен мектеп 
қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасты, үй-жайлардың қолжетімділігін, 
мектеп мәдениеті мен саясатын, оқу жоспарларын, жұмыс бағдарламалары мен 
оқыту әдістемелерін қамтиды деген түсінік бар. 
25. 
Қызметкерлер 
білім 
алушылардың 
ерекше 
білім 
алу 
қажеттіліктерінің нәтижесінде туындаған кедергілерді қосымша психологиялық 
күшейтуден алыс. 
26. 
Қызметкерлер қарапайым және «ерекше» білім алушыларды қарсы 
қоймайды. 
27. 
Әрбір адам оқыту және қоғамдық өмірге толық қатысу жолында 
кедергілерге тап болуы мүмкін деген түсінік бар. 
28. 
Қызметкерлер 
білім 
алушыларға 
олардың 
қабілеттерінің 
айырмашылығын беттеріне баспайды. 
29. 
Қызметкерлер мүгедектікті сезіну денсаулығы бұзылған адам 
қоғамдағы жағымсыз қарым-қатынас пен кедергілерге тап болған сәтте күшейе 
түседі деп санайды. 
30. 
Мектепте дененің сұлулығы туралы стереотиптік көзқарастармен 
келіспейді. 
31. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерін білу оқыту мен тәрбиелеудің оңтайлы 
формаларын, құралдары мен әдістерін таңдауда мұғалімнің жұмысына ықпал 
етеді. 
32. 
Арнайы әдістемелерді меңгеру сабақта түзету-дамыту жұмыстарын 
жүргізу үшін қажет. 
33. 
Қызметкерлер денсаулығы бұзылған адамдар туралы стереотипті 
ұғымдарға, мысалы, оларды үнемі аяпп немесе кейіпкерлер ретінде қабылдаған 
кезде қарсы тұрады. 
34. 
Білім беру процесі мен мектеп өмірінен денсаулығында елеулі 
бұзылулары бар білім алушыларды шығарып тастау нақты практикалық 
қиындықтарды емес, мектептегі психологиялық кедергілерді көрсетеді. 
35. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жеке қарым-
қатынас (жұмыс) тәжірибем бар. 


114 
36. 
Егер сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала (балалар) 
оқитын болса, қарсылығым жоқ. 
37. 
Егер менімен (менің баламмен) бір партада ерекше білім беру 
қажеттілігі бар бала отырса, оған қарсы емеспін. 
38. 
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен қарым-қатынас жасау 
(жұмыс істеу) үшін психологиялық-педагогикалық дайындығым бар. 
39. 
Дамуында ауытқулары жоқ балалармен бір сыныпта оқитын ерекше 
білім беру қажеттілігі бар балаға қолдан келгенше көмек көрсетуге дайынмын. 
40. 
Инклюзивті оқытудың жақтаушысы болып табыламын, басқа білім 
алушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді инклюзивтік мәдениетке тартуға 
барынша жәрдемдесетін боламын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет