94
басқаларға ынталылық,
әзілқойлық, сезімталдық, сенім, альтруизм,
өзгешеліктерге төзімділік,
өзін-өзі ұстай білу, тілектестік, басқаларды
айыптауға ынтасыздық, ізгілік, тыңдай білу, білуге құмарлық, бірге уайымдау
қабілеті бар дүкен бар деп елестетуді сұраңыз.
Жүргізуші сатушы рөлін атқарады, ол адамның
қасиеттерін басқаларға
ауыстыру арқылы «сатады». Қатысушылардың біреуі шақырылады. Ол өзінде
жоқ бір немесе бірнеше «затты» сатып ала алады. Мысалы, сатып алушы
сатушыдан шыдамдылықты сұрайды. Сатушы қатысушыдан оған қанша
шыдамдылық
қажет екенін, оған неге керектігін, кімге шыдамды болғысы
келетінін сұрайды. Төлем ретінде жүргізуші орнына бірдеңе сұрайды, мысалы,
қатысушы ақыны өзінің бойынша жетіп-артылатын әзіл-сықақпен төлей алады.
3. Бекіту, қорытынды
Жүргізуші сабақ қорытындысын шығарады:
-
Толерантты тұлғаға қандай қасиеттер тән?
-
Интолерантты тұлға үшін қандай қасиеттер тән?
-
Сендердің ойларыңша, толерантты тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті
жағдайлар қандай?
-
Бүгін жаңадан не білдіңіз?
Сабақ №4: Өзіңе және өзгелерге төзімділік
Мақсаттары: өзіне деген қарым-қатынас басқаларға деген төзімділікпен
қалай байланысты екенін ұғыну; жеке тұлғаның өз-өзіне деген қарым-қатынасы
жүйесіндегі өзіндік қадір-қасиет сезімінің рөлін түсіну;
жоғары сынып
оқушыларында өзін-өзі позитивті бағалау қасиетін қалыптастыру;
жасөспірімдердің өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, жеке қасиеттерін ұғынуы; өз
портретін айналадағылардың ол туралы сипаттамасымен салыстыру; қарым-
қатынасты қандай тәсілдермен толерантты етуге болатынын түсіну.
Материалдар мен жабдық: қағаз,
қарындаштар, бланкілер, «Қалай
жасауға болады?» жаттығуына карточкалар.
Сабақтың барысы:
1.
Кіріспе бөлім
«Мұздатылған» жаттығуы
Қатысушылар жұптарға бөлінеді. Әр жұптан бір қатысушы
«мұздатылған», ал екіншісі – «реаниматор» рөлін атқарады. «Мұздатылған»
жүргізушінің дабылы бойынша қозғалыссыз қалады. Бір минут ішінде
«реаниматор» «мұздатылғанды» жандандыруы тиіс. Ол «мұздатылғанға» қолын
тигізе алмайды, оны сөзге де тартуға болмайды. Ол
тек көзімен, мимикамен
және пантомимика арқылы әрекет ете алады. «Еріту» өлшемшарттары ‒ бет-
әлпетіндегі өзгеріс, күлімсіреу немесе «мұздатылғанның» күлкісі.
Достарыңызбен бөлісу: