Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет39/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   138
3. 
Бекіту, қорытынды 
Жүргізуші мен оқушылар сабақтың қорытындысын шығарады. 
Сабақ №5: Басқаларға төзімділік 
Мақсаты: жасөспірімдерде түсіністік, бірге уайымдау және аяу 
қабілеттерін дамыту. 
Материалдар мен жабдық: қағаз, қарындаштар, жағдаяттар жазылған 
карточкалар. 
Сабақтың барысы: 
1. 
Кіріспе бөлім 
«Зейінді болу» жаттығуы 
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші оларға бір-біріне 
мұқият қарауды және кімнің не киіп отырғанын есте сақтауды ұсынады. Содан 
кейін топ мүшелері бір-біріне арқасымен отырады, ал жүргізуші 


97 
қатысушылардың зейінділігін тексере бастайды, мысалы:
«Аня, есіңе түсірші, Олег қандай киімде?», 
«Леша, Сережаның шалбары қандай түсті?»,
«Катя, бүгін кім ақ футболка мен қара джинсыда келді?» және т.с.с. 
«Ванька-встанька» жаттығуы 
Қатысушылар мүмкіндігінше бір-біріне жақын тұрып, шеңбер жасайды. 
Қатысушылардың бірі шеңбердің ортасына шығады. Ол барынша бойын еркін 
ұстауға тырысады, ал қалған ойыншылар қолдарын алдарына созып, ортадағы 
тұрған қатысушыны құлап кетпейтіндей ұстап, жан-жаққа қарай теңселтеді. 
Барлық ниет білдіргендер шеңбердің ортасында тұрып, ойынға қатыса алады. 
Содан кейін жаттығуды талқылау басталады. Жүргізуші шеңбердің ортасында 
болған барлық қатысушыларға сұрақ қояды: «Кім шын мәнінде бойын еркін 
ұстай алды, қысымнан арылып, айналадағы адамдарға сенім білдірді?». 
Қатысушылар тиісінше саусақ санын көтеріп, 5 баллдық жүйе бойынша өзінің 
сенім дәрежесін бағалауы қажет. Топқа сену дәрежесі төмен қатысушылардан 
неліктен бойын еркін ұстап, топқа сенім білдірмеу себептерін, ол үшін не 
кедергі болғанын сұрауға болады.
2. 
Негізгі бөлім 
«Дәлме-дәл айтып беру» жаттығуы 
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші қатысушыларға 
кезекпен, онымен әділетсіз (интолерантно) болған жағдайлар туралы қысқаша 
айтып беруді ұсынады. Сол жақта отырған көршісі бұл оқиғаны дәлме-дәл 
айтып беру керек, сондай-ақ әңгіме айтып отырған адамды түсінуге және оның 
сезімін жеткізуге тырысу керек. Оқиғаның авторы, өз кезегінде, айтылып 
отырған оқиғаның дәл жеткізілуін бағалауы тиіс. Жаттығуды шеңбер бойынша 
айнала жүргізуге болады. 
«Көзбе-көз» жаттығуы 
Қатысушылар жұптарға бөлінеді. 3 минуттың ішінде серіктестер бір-
бірінің көздеріне қарап тұрады, бір-бірімен сөйлеспей, көздерімен түсінісу 
арқылы серіктесінің ойы мен сезімін түсінуге тырысады. Одан кейін 
қатысушылар өз ойларымен топпен бөліседі. 
Талқылауға арналған сұрақтар: 
– 
Кім ешқандай сөзсіз бірін-бірі түсіне алды? 
– 
Көздерімен ұзақ байланыс жасау арқылы адамдар қандай сезімде 
болады? 
– 
Түсіну, сену, рухани жақындық сезімі туындай ма? 
«Өз сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?» жаттығуы 
Қатысушылар үш адамнан топтарға бөлінеді. Әр қатысушыға 
жағдаяттар жазылған карточка беріледі: 
1. 
Егер пікірталас кезінде зерігіп кеткен болсаң, әдетт, өз сезіміңді қалай 
білдіресің? 
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
2. 
Өте жақсы араласқың келетін адам сенің ашуыңды тудыратын болса, 


98 
әдетте, өз сезіміңді қалай білдіресің? 
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
3. 
Басқа бір адам сендердің көңілдеріңді түсіретін әрекет жасаса немесе 
айтса, әдетте, сендер өз сезімдеріңді қалай білдіресіңдер? 
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
4. 
Таныстарың сендерден бір нәрсе жасауды сұрайды. Сендер мұны 
жақсы жасай алмаймын деп қорқасыңдар. Сендер сондай-ақ осы істі орындауға 
қабілетсіз екендеріңді жасырғыларың келеді. Сендер өз сезімдеріңді қалай 
білдірер едіңдер?
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
5. 
Сендер бір адамға мейірімділікпен қарайсыңдар, ол сендерге ұнайды. 
Сонымен қатар, сендер бұл адамның сендерге де осындай көзқараста екеніне 
сенімді емессіңдер. Сендер өз сезімдеріңді қалай білдірер едіңдер? 
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
6. 
Сендердің ең жақын достарың көп уақытқа қаладан кетіп барады. 
Сендердің жалғыз қалатындай сезімдесіңдер. Осындай жағдайда сендер өз 
сезімпдеріңді қалай білдірер едіңдер? 
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
Қатысушыларға осы жағдайға жауап ретінде туындайтын өз сезімдерін 
қалай білдіретіндігін бланкіге сипаттап жазу ұсынылады. Әрбір сезім екі 
тәсілмен көрсетілуі керек: сөздердің көмегімен және әрекеттің көмегімен. 
Қатысушылар карточкаларды толтырып, өз жауаптарын шағын топтарда 
талқылайды (нұсқа: «үштікке» бөлінбеуге және карточкаларды толтырғаннан 
кейін жалпы талқылау жасауға болады). 
Талқылауға арналған сұрақтар: Әдетте, өз сезімдеріңді білдіретін тәсілдер 
туралы сендер не білдіңдер? Сезімдеріңді білдірудің негативті тәсілдерін 
қалайша пайдасы болатындай етіп өзгертуге болады? 
Сезімдеріңді конструктивті білдіру қағидаларын (барлық топ болып 
талқылау, жауаптарын тақтаға жаза отырып) барынша көп жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет