Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет47/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   138
Нәтижелерді өңдеу: 
Сұрақтардың бірінші блогы (1-5) инклюзия және инклюзивтік мәдениет 
ұғымының мәні туралы, сондай-ақ білім беру ұйымы туралы ақпараттың 
қолжетімділігі мен сапасы туралы түсініктердің қалыптасуы туралы пікірді 
зерттеуге бағытталған, мұндай сұрақ-пікірлердің арасында мынадайлар бар: 
«Инклюзия туралы түсінік бар, инклюзивтік мәдениет ұғымының мәнін 
түсінемін»; «Барлық білім алушыларға, ата-аналарға, жұртшылыққа олардың 
ана тіліне немесе денсаулығы шектеулеріне қарамастан (ақпарат аударылған, 
Брайль 
қарпімен 
немесе 
одан 
да 
үлкен 
қаріппен 
терілген, 
аудио/бейнематериалдар ұсынылған және т.б.), мектеп туралы ақпарат 
қолжетімді)»; «Мектепте (сайтта), қажет болған жағдайда, ымдау тілінен 
немесе оқушылардың ана тілінен аудармашылар қол жетімді»; «Мектепте білім 
алушылар қатарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар бар»; 
«Мектепте денсаулық мүмкіндіктері шектеулі қызметкерлер (мұғалімдер, 
қызмет көрсетуші персонал, әкімшілік) бар». 
Сұрақтардың екінші блогы (6-13) білім беру ұйымындағы, оның ішінде 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қатысты қарым-қатынасты 
зерттеуге бағытталған, мынадай сұрақ-пікірлер оны анықтауға мүмкіндік 
береді, мысалы: «Білім алушылар арасындағы, оның ішінде ерекше білім беру 
қажеттілігі бар балалармен достық қарым-қатынас белсенді түрде қолдау 
табады»; «Мұғалімдер мен қызметкерлер білім алушылармен қарым-қатынасты 
түзу, ақауларына ерекше назар аудармай жасайды, бірақ сонымен қатар сол 
немесе өзге де қызметті орындау кезінде әртүрлі мүмкіндіктерін ескереді»; 
«Білім алушылар мектеп қызметкерлеріне олардың мәртебесіне, жасына, 
жынысына, денсаулық жағдайына қарамастан құрметпен қарайды». 
Сұрақтардың үшінші блогы (14-17), білім алушыларда инклюзивтік 
мәдениет туралы түсініктің қалыптасуы (мұғалімдер тұрғысынан) туралы 
ақпаратты қамтиды: «Білім алушылар ең жоғары жетістіктерге қол жеткізуге 
болатын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 
мектепке келеміз деп санайды»; «Білім алушылар әртүрлі балалардан мектеп 
ережелерін әртүрлі дәрежеде сақтау талап етілетінін түсінеді»; «Білім 
алушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тап болатын оқу және 
мектеп өміріне толыққанды қатысу жолындағы кедергілерді жеңуге көмектесе 


115 
алатындарын түсінеді»; «Білім алушылардың пікірі оқу-тәрбие және 
әлеуметтік-мәдени жұмысты ұйымдастыру кезінде зерделенеді және ескеріледі 
және мектептегі әлеуметтік-мәдени жағдайдың өзгеруіне әсер етеді».
Сұрақтардың төртінші блогы (18-23) баланың мүмкіндіктерін шектеу 
балаларды қоғамдық маңызы бар тәрбие қызметіне қосу үшін кедергі бола ма 
және білім алушылардың қабілеттері қалай бағаланатынын түсінуге 
көмектеседі: «Мектеп қоғамдастығында шығу тегіне, үлгеріміне немесе ерекше 
білім беру қажеттіліктеріне қарамастан, жақын жерде тұратын барлық 
балаларды мектепке қабылдау саясаты байқалады»; «Қызметкерлер білім 
алушының қабілетін ағымдағы жетістіктер мен сәтсіздіктерге қарамай, кешенді 
бағалайды». 
Сұрақ-пікірлердің бесінші блогы (24-34) білім беру ұйымы 
қызметкерлерінің инклюзивтік мәдениет негіздерін түсінуіне бағытталған: 
«Қызметкерлерде білім беру ортасы білім алушылар мен мектеп қызметкерлері 
арасындағы қарым-қатынасты, үй-жайлардың қолжетімділігін, мектеп 
мәдениеті мен саясатын, оқу жоспарларын, жұмыс бағдарламалары мен оқыту 
әдістемелерін қамтиды деген түсінік бар», «Қызметкерлер білім алушылардың 
ерекше білім алу қажеттіліктерінің нәтижесінде туындаған кедергілерді 
қосымша психологиялық күшейтуден алыс». 
Сұрақ-пікірлердің алтыншы блогы (35-40) инклюзивтік мәдениетті түсіну 
контекстінде мұғалімнің инклюзивтік қызметке жеке дайындығын зерттеуге 
көмектеседі. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жеке қарым-
қатынас (жұмыс) тәжірибем бар»; «Дамуында ауытқулары жоқ балалармен бір 
сыныпта оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға қолдан келгенше 
көмек көрсетуге дайынмын»; «Инклюзивті оқытудың жақтаушысы болып 
табыламын, басқа білім алушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді инклюзивтік 
мәдениетке тартуға барынша жәрдемдесетін боламын». 
Респондент жинаған баллдардың санын инклюзивтік мәдениеттің 
қалыптасуының біз ұсынатын деңгейлерінің бірімен салыстыруды ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет