Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет45/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   138
Білім беру ұйымында ата-аналардың инклюзивтік мәдениетін 
қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұсынамыз. 
Іс-шаралар кешенінің мақсаты: білім беру ұйымында оқушылар ата-
аналарының инклюзивтік мәдениетін қалыптастыру. 
Міндеттері: 
1) 
инклюзивті процестің барлық қатысушыларын қанағаттандыратын 
жағдайлар жасау; 
2) 
ата-аналар мен педагогтар арасында серіктестік қарым-қатынасты 
қалыптастыру; 
3) 
ата-аналар қауымдастығын дамыту ‒ ата-аналар бірлестіктерінің 
пайда болуы. 
Іс-шаралар кешенін әзірлеген кезде мынадай принциптерді ескеру қажет:
1) Жеке тәсілді іске асыру: 
Инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің 
толықтырылуын қалыптастырған кезде ата-аналарға жеке тәсіл принципін 
ескеру маңызды. Жеке тәсіл білім беру қатынастарының әрбір қатысушысының 
жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, өзара іс-қимыл формаларын, 
әдістері мен құралдарын таңдауды көздейді. Ата- аналармен өзара іс-қимылдың 
барлық түрлері негізгі міндетті шешуге бағытталуы тиіс ‒ ата-аналардың 
құзыреттілік деңгейін арттыруға және оларды инклюзивті білім беруді іске 
асыру мәселелерінде ынтымақтастыққа тартуға мүмкіндік беретін, оқушылар 
ата-аналарының инклюзивтік мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру.
Ақпараттық-ағартушылық қолдау инклюзивті білім беруге қатысты ұстанымды 
қалыптастырады, инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру үшін қолайлы 
жағдайлар жасау білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. 


109 
1) 
Барлық қатысушыларды белсенді қосу: Ұйымдастырушылық 
шешімдерді әзірлеу және қабылдаудың командалық формалары: жиналыстар, 
командалық тренингтер, жобалық топтар, ата-аналар комитеттері. 
2) 
Отбасымен серіктестік өзара қарым-қатынас: Отбасымен қарым-
қатынастың серіктестік формаларын ұйымдастыру, ата-аналардың білім беру 
ұйымының өміріне қатысуы, ата-аналарды толғандыратын мәселелер бойынша 
оларға консультациялар. 
Жеке консультацияларға немесе ата-аналармен әңгімелесулерге ерекше 
назар аудару қажет. Жеке әңгімелесулер педагогтарға ата-аналармен тиімді 
қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Жеке әңгімелесу барысында жеке даму 
бағдарламасын әзірлеу бойынша бастапқы ұсынымдар жасалуы мүмкін, 
тәрбиеленушінің отбасымен одан әрі өзара іс-қимыл бағыттары анықталады. 
Білім беру ұйымында инклюзивтік мәдениеттің қалыптасуының 
ағымдағы жағдайын ескере отырып, ата-аналармен қарым-қатынастың ең 
тиімді түрлерін ұсынамыз: 
 
«Инклюзивті білім беру: проблемалар, ізденістер, шешімдер» 
тақырыбына дөңгелек үстел; 
 
ата-аналармен практикум «Сүйетін жүрек»; 
 
«Білім беру ұйымындағы инклюзия» тақырыбына ақпараттық 
стендтер ресімдеу; 
 
инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар поштасын 
ұйымдастыру; 
 
білім беру ұйымында инклюзивті білім беруді іске асыру мәселелері 
бойынша консультациялар.
Алғашқы таныстыру іс-шарасы ‒ «Инклюзивті білім беру: проблемалар, 
ізденістер, шешімдер» тақырыбына дөңгелек үстел (2-қосымшаны қараңыз). 
Бұл іс-шараның мақсаты ‒ білім беру ұйымы оқушыларының ата-аналары 
арасында инклюзивтік мәдениеттің қалыптасу деңгейін арттыру және 
отбасылық тәрбие тәжірибесімен алмасу. 
Іс-шараның міндеттері: 
• 
инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру 
қағидаларын көпшілікке тарату және насихаттау; 
• 
оқушыларды, ата-аналар қоғамдастығын, педагогтарды инклюзивті 
білім беруді ұйымдастыру қағидаларымен таныстыру; 
• 
оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушылары арасында диалог 
ұйымдастыру; 
• 
инклюзивті білім беру жағдайында оқытудың белсенді оң 
мотивациясын қалыптастыру; 
• 
денсаулық мүмкіндігі шектеулі оқушыларға төзімді қарым-қатынасты 
тәрбиелеу; 
• 
оқу-тәрбие процесі қатысушыларының жалпы педагогикалық 
мәдениетін арттыру; 
• 
инклюзивті оқытудың артықшылықтары туралы оқушылар мен ата-
аналарды ақпараттандыру; 


110 
• 
денсаулық мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды инклюзивті және 
қашықтықтан оқыту туралы білімді кеңейту. 
Ата-аналар алдын ала хабарламалар дайындайды, педагогтар сөз сөйлеуді 
ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Іс-шараны өткізу барысында ата-аналармен 
жұмыстың оң нәтижелері атап өтіледі ‒ олар инклюзивті білім беруге көбірек 
қызығушылық таныта бастады, ата-аналар ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
балалардың қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен бірлескен қызметін 
ұйымдастыру бойынша педагогтарға жиі сұрақтар қояды. 
Білім беру ұйымында дөңгелек үстел ұйымдастырғаннан кейін «Ата-
аналар поштасы» жобасын іске асыру. Бұл жоба ата-аналарда қандай 
ақпараттық тапшылық бар екенін, сондай-ақ осы жағдайда ата-аналарды 
ақпараттандырудың қандай түрі неғұрлым тиімді болатынын анықтауға 
көмектеседі. 
Ата-аналарды инклюзивті білім берудегі негізгі ұғымдармен таныстыру 
мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымында инклюзивті білім беруді іске 
асыру туралы ата-аналарды хабардар ету мақсатында мектепте инклюзивті 
білім беруді іске асыру мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізу. 
Ата-аналармен «Сүйетін жүрек» практикумы қорытынды іс-шара болып 
табылады.
Мақсаты: балалар мен олардың ата-аналары арасындағы қарым-
қатынастарды үйлестіру.
Практикумның барысында ата-аналар оларды қызықтыратын мынадай 
сұрақтарға жауаптар алады: 
• 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелей отырып, қалай 
тұйық болмауға болады? 
• 
Балалардың еркелігін, есірлігін қалай білуге және ескертуге болады? 
• 
Балаға жасқаншақтығымен күресу үшін қалай көмектесуге болады? 
• 
Болашағы үшін қорқынышпен не істеуге болады? 
• 
Балалар агрессиясы және үйден тыс жерде қарым-қатынас жасағысы 
келмеу. 
• 
Көп адамдар санынан қорқу. 
• 
Ересектерге айла-шарғы жасау. 
Іс-шаралар кешені іске асырылғаннан кейін мынадай оң нәтижелерге қол 
жеткізілуі тиіс: 
• 
педагогтар ата-аналар активімен ғана емес, барлық ата-аналармен 
тиімді диалог құра алды; 
• 
бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру бастамасы педагогтерден 
туындайды, бірақ ата-аналардың көпшілігі инклюзивті білім беруге 
қызығушылық танытады; 
• 
педагогтар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы серіктестікке 
ұласты; 
• 
ата-аналар бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша 
педагогтармен жиі кеңесе бастады; 
• 
ата-аналар білім беру ұйымының жұмысына оң көзқарас білдіреді. 


111 
Осылайша, ата-аналар мен білім беру ұйымдарының тиімді өзара іс-
қимылын ұйымдастыру үшін кейбір жағдайларды ескеру қажет: 
• 
топтың әрбір мүшесінің тұлғасына деген құрмет пен қызығушылыққа 
негізделген педагогтар мен ата-аналардың ортақ командасын құру қажет; 
• 
білім беру қатынастарының барлық қатысушылары арасында бір-біріне 
қолдау көрсете білуді қалыптастыру маңызды; 
• 
міндетті түрде ата-аналардың сұрауларын ескеру. 
Инклюзивті білім беру процесін іске асырудың тиімді шарты білім беру 
ұйымында табысты қалыптасқан инклюзивтік мәдениет болып табылады. Білім 
беру ұйымында ата-аналардың инклюзивтік мәдениетін қалыптастыру 
бойынша іс-шаралар кешенін пайдалану оң нәтиже береді. Ата-аналар білім 
беру ұйымының қызметіне жиі қызығушылық танытады, оқу-тәрбие процесіне 
белсенді қатысады, өзара іс-қимылдың жаңа формаларын ұсынады. 
Білім беру ұйымдарында инклюзивтік мәдениетті табысты құрудағы 
басты фактор ата-аналар болып табылады, өйткені олар білім беру ұйымы мен 
бала арасындағы тікелей делдал болып табылады.
Ата-аналардың инклюзивтік мәдениеті ‒ бұл жалпы инклюзивтік 
мәдениеттің бір бөлігі. Оны ата-аналарда қалыптастыру ‒ бұл ата-аналар 
қауымының дені сау балалар үшін де, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
балалар үшін де жаңа позитивті ресурс ретінде инклюзивті білім беру идеясын 
қабылдауы. 
Жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивтік мәдениеттің қалыптасу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет