Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет48/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   138
1 деңгей (0-40 балл) ‒ инклюзия туралы жеткіліксіз хабардар болу және 
түсініктің жеткіліксіз қалыптасуы; білім беру ұйымында ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін жағдайлардың толық болмауы 
байқалады, бұл инклюзивтік мәдениетті қалыптастырудың төмен деңгейіне 
сәйкес келеді.
2 деңгей (40-80 балл) ‒ инклюзия туралы жеткіліксіз хабардар болу және 
түсініктің жеткіліксіз қалыптасуы, білімсіздік және білім беру ұйымының 
өміріне мүддесіздік, бұл инклюзивтік мәдениетті қалыптастырудың төмендеу 
деңгейіне сәйкес келеді. 
3 деңгей (81-120 балл) ‒ білім беруге қатысушылардың ішінара 
хабардарлығы және білім беру ұйымындағы инклюзия туралы түсініктері бар; 
білім беру ұйымында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту 
үшін қарапайым жағдайлар ғана бар, бұл инклюзивтік мәдениетті 
қалыптастырудың орташа деңгейіне сәйкес келеді. 


116 
4-
деңгей (121-160 балл) ‒ білім беруге қатысушылар ақпараттандырылған 
және білім беру ұйымындағы инклюзия туралы түсініктері бар; білім беру 
ұйымының жағдайлары мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді, бірақ ұйым 
тиісті түрде жабдықталмаған, яғни ерекше білім беру қажеттілігі бар 
балалардың барлығыі оқи алмайды, бұл инклюзивтік мәдениетті 
қалыптастырудың жоғарырақ деңгейіне сәйкес келеді. 
5-
деңгей (161-200 балл) ‒ білім беруге қатысушылар ақпараттандырылған 
және білім беру ұйымындағы инклюзия туралы түсініктері бар; білім беру 
ұйымының жағдайлары мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді, ұйым тиісті 
түрде жабдықталған және білім беру ұйымында барлық ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балалар оқи алады, бұл инклюзивтік мәдениетті 
қалыптастырудың жоғары деңгейіне сәйкес келеді. 
Инклюзивтік мәдениеттің мәні ‒ ерекше білім беру қажеттіліктері 
балаларға құндылықты қарым-қатынас.
Инклюзивті білім беру туралы қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында 
Нұр-Сұлтан қаласы (№83 мектеп), Қарағанды облысы (Саран қаласы, № 16 
ОБМ ҚММ) және Ақмола облысы (Степногор қаласы, №9 ОМ және Ақкөл 
ауданының Красногор негізгі мектебі) педагогтарына, оқушыларына, ата-
аналарына іріктеп сауалнама жүргізілді. 
Барлығы мониторингке 414 адам қатысты:
1) 
педагогтар – 126 адам, олардың ішінде:
67 ‒ ауылдық жерден, 59 ‒ қалалық; 
69 ‒ қазақ тілінде, 57 ‒ орыс тілінде.
2) 9-
11 сыныптар оқушылары – 180 адам, олардың ішінде:
93 ‒ ауылдық жерден, 87 ‒ қалалық; 
101 ‒ қазақ тілінде, 79 ‒ орыс тілінде.
3) 
ата-аналар – 108 адам, олардың ішінде: 
68 ‒ ауылдық жерден, 40 ‒ қалалық; 
60 ‒ қазақ тілінде, 48 ‒ орыс тілінде.
Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманы талдау мынаны көрсетті. 
«Инклюзивті білім беру» не екенін қалай түсінесіз?» деген сұраққа 
респондеттердің 100% «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы мектеп 
өміріне толық тарту» деп көрсетті. 
«Сіз қалай ойлайсыз, ерекше білім беру қажеттіліктері балаларды қоғам 
өміріне бейімдеу проблемасын қалай шешуге болады?» деген сұраққа
сауалнама жазған адамдардың пікірі мынадай болды: 
а) оларды басқа балалардан бөлек тәрбиелеу қажет ‒ 8/7,4%; 
б) мұндай балалар дені сау балалармен бірге өсуі және дамуы керек ‒ 
70/64,8% 
в) жауап беруге қиналамын ‒ 15/13,9% 
г) науқасына байланысты – 7/6,5% 
«Сіз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамның тең 
құқылы мүшелері ретінде қабылдауға дайынсыз ба?» деген сұрақ мынадай 
жағдайды көрсетті: 


117 
а) жауап беруге қиналамын ‒ 10/9,3% 
б) иә, толық келісемін ‒ 69/63,9% 
в) ішінара келісемін ‒ 20/18,5% 
г) жоқ, толық келіспеймін ‒ 0 
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды бірлесіп оқыту және 
тәрбиелеу процесі ерекше білім беру қажеттіліктері жоқ балаларға қалай әсер 
етеді?» деген сұраққа ата-аналар төмендегідей жауап берді: 
а) балалар мейірімдірек болады ‒ 51/47,2% 
б) басқаларға көмектесуді үйренеді ‒ 62/57,4% 
в) төзімді болуды үйренеді ‒ 48/44,4% 
г) аяушылық, тілектестік білдіруді үйренеді ‒ 60/55,6% 
д) балалардың өмір туралы түсініктерін кеңейтеді ‒ 53/49,1% 
е) жақсы жақтары жоқ ‒ 0. 
«Сіз қалай ойлайсыз, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен 
ерекше білім беру қажеттіліктері жоқ балалар бірлесіп оқитын және 
тәрбиеленетін жалпы білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтар, 
тәрбиешілер қандай қосымша дағдылар мен біліктерді меңгеруі тиіс?» деген 
сұраққа айтылған пікірлер мынадай жағдайды көрсетті: 
а) олар балаларды жақсы көру және шыдамды болу керек ‒ 69/63,9% 
б) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері 
туралы арнайы білімдері болу тиіс ‒ 83/76,9% 
в) қолдау көрсету, қақтығыстарды болдырмау дағдылары керек ‒ 
64/59,3% 
г) жауап беруге қиналамын ‒ 9/8,3% 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет