Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет53/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   138
«Домино» ойыны 
Мақсаты: топта ашықтық атмосферасын құру; қатысушыларға өздері 
туралы ашық айтуға мүмкіндік беру; топта қатысушылардың арасында 
айырмашылықтар да, оларды біріктіретін де заттар бар екенін көрсету. 
Ойын ережелері: бірінші қатысушы (мүмкіндігінше, жүргізуші) ортаға 
тұрып, өзінің екі сипаттамасын айтады – «Бір жағынан, мен көзілдірік киемін, 
екінші жағынан ‒ балмұздақты жақсы көремін». Көзілдірік киетін немесе 
балмұздақты жақсы көретін қатысушы да бірінші қатысушының жанына келіп, 
оны қолынан ұстап, мысалы «Бір жағынан, мен балмұздақты жақсы көремін, 
екінан жағынан ‒ менің итім бар» дейді. Барлық қатысушылар доминоның бір 
бөлігіне айналғанша, ойын жалғаса береді. Доминоны құрастырудың өзінде де 
әртүрлі нұсқалар болуы ықтимал ‒ шеңбер жасауға болады немесе қалыпты 
«домино» құрылымын құрастыруға болады, қатысушыларға бір-бірінің 
қолынан ұстап тұруға, құшақтасуға, түрегеп тұруға не еденге жатуға және т.б. 


128 
болады. 
Талқылауға арналған сұрақтар: қатысушылар оларға біреу «тіркелетінін» 
күтіп тұрған кезде нені сезінді; олар ең көп таралған сипаттамаларды атауға 
тырысты ма немесе керісінше ме; олар ерекшеленіп көрінгісі келді ме; олар 
бірін-бірі туралы жаңадан не білді; топтағы біреу оларға ұқсас екенін білген 
кезде олар не сезінді; біреу оларға ұқсас емес екенін білген кезде олар не 
сезінді; топта осынша әртүрлі адамдардың болғаны жақсы ма әлде жаман ба? 
Неліктен? 
3. 
Бекіту, қорытынды 
«Бір-бірімізді сеземіз» 
Мақсаты: ынтымақтастық дағдыларын бекіту. 
Жүргізуші: Қанекей, барлығымыз шеңбер жасап, қолдарымыздан ұстап 
тұрайық. Өз тынысымызды тыңдайық. Сосын біздің бөлмедегі дыбыстарды 
тыңдап көрейік, одан кейін ‒ көшеде шығып жатқан дыбыстарды тыңдайық. 
Содан кейін тағы да өз тынысымызға құлақ салайық. Ал енді өзіміздің оң 
қолымызды, одан кейін алақанымызда тұрған көршінің қолын, кейін сол 
қолымызды, сосын ұстап тұрған сол жақтағы көршіміздің қолын сезуге 
тырысайық. Ал енді, осы қолдарымыз арқылы көрінбейтін бұлақтан су ағып 
жатыр деп елестетейік. Бұл бұлақ қандай түрде? Мүмкін, жылулық немесе 
сенім, мүмкін бір-бірімізге деген қолдау немесе тағы бірдеңеге ұқсайтын 
шығар? Осы қолдарыңнан не сезгендеріңді есте сақтауға тырысыңдар, оны 
келесі сабақтың соңына дейін сақтаңдар. 
Бұл жаттығуда балалар бір-бірімен ақылдаса отырып, еркін жағдайда 
әрекет етеді. Жаттығу оларға рахат сыйлауы, сонымен бірге шағын топтарда 
немесе барлық сынып құрамында ынтымақтастық дағдыларын алуға көмектесуі 
тиіс. 
Танысу қорытындыларын шығару (бірін-бірі туралы жаңа не білді), 
тапсырмаға қатысқаны үшін барлықтарына алғыс білдіру.
Сабақ № 2: Мені түсініп ал 
Мақсаты: балада өзара түсіністік қажеттілігін қалыптастыру. 
Материалдар мен жабдықтар: әңгімеде айтылатын сол немесе өзге 
(жанды және жансыз) заттардың суреті бар тірек картинкалары. 
Сабақтың барысы: 
1. 
Кіріспе бөлім 
Вводная беседа на тему: «Бір-біріңді түсінуді үйрену үшін не керек?» 
тақырыбына кіріспе әңгіме. (Бір-біріңді тыңдап қана қоймай, бір-біріңді ести 
білу.) 
«Бұзылған телефон» ойыны 
Мақсаты: бірін-бірі ести білу білігін қалыптастыру, ұжымда позитивті 
және мейірімді қарым-қаынастарды қалыптастыру. 
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап отырады. Әр ойыншы кезекпен, 
жанында отырған ойыншының құлағына сыбырлап, бір сөз айтады. Соңғы 
ойыншы естіген сөзін қатты дауыстап айтады. Бірінші ойыншы ойын 
басталғанда айтқан сөзді дауыстап айтады. Егер сөздер сәйкес келсе, онда 


129 
барлық ойыншылар өз көршілерін жақсы түсінгені, егер сөздер сәйкес келмесе, 
олар бірін-бірі түсінбегені. 
2. 
Негізгі бөлім
«Қиялшылдар» ойыны 
Мақсаты: бірін-бірі ести білу білігін қалыптастыру, ұжымда позитивті 
және мейірімді қарым-қаынастарды қалыптастыру. 
Ойынның мәні ‒ оқушылар алдыңғы ойыншы бастаған әңгімені 
жалғастыра білу керек. 
Барлық ойыншылар әңгімені бір сөйлеммен жалғастыру керек. Әңгіме 
қай ойыншыға келіп аяқталса, сол жаңасын бастайды.
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші, мысалы иттің суреті 
бар картинканы көрсетеді. Бірінші ойыншы әңгімені бір сөйлеммен бастайды, 
мысалы: «Бір үйде ит өмір сүріпті...». Оның оң жағындағы көршісі: «Бұл ит 
өзінің иесімен тоған жағалап жүргенді жақсы көретін…». Одан кейінгі оң 
жақтағы көршісі де әңгімені бір сөйлеммен жалғастырады және әрі қарай. Бұл 
оқиғаның барысы ерекше және күлкілі болған сайын қызықтырақ бола түседі. 
Қатысушылардың қиялы таусылғанша, қызығушылығы сөнгенше, ойын шеңбер 
бойымен айналып жалғаса береді. Әңгіменің басы, ортасы және соңы 
болатындай етіп, қандай да бір оқиғаның желісімен (сюжет) құрауға тырысу 
керек. 
Бекіту, қорытынды. 
Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды әңгіме: 
Бүгін сендер өздеріңнің араларында және басқалармен өзара қарым-
қатынас жасау туралы жаңа не білдіңдер? 
Этикеттік тапсырма 
Балаларға: «Көз алдарыңа елестетіп көріңдер, сендердің араларыңда 
мінез-құлқында оғаштығы бар бала бар, ол сендер сияқты емес, бірақ ол 
сендермен бірге ойынға қатысқысы келеді. Сендер оған қалай көмектесе 
аласыңдар?» деген тапсырманы шешу ұсынылады. 
Қорытынды: 
«Әрқайсымыздың бір-бірімізді ести және түсіне алатындығымыз қандай 
жақсы, сол кезде бізге бірге болу өте қызықты». 
Балаларға бір-біріне күлімсіреп, ойын үшін алғыс білдіру ұсынылады. 
Сабақ № 3: Біз бір-бірімізді түснуді үйренеміз 
 
Мақсаты: басқа адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру, 
бір-бірін түсіне білуді үйрету, көмекке мұқтаждарға көмек көрсету қажеттілігін 
қалыптастыру. 
Материалдар мен жабдықтар: К. Чуковскийдің «Федорино горе» 
кітабы; ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б. басқалардың суреті бар, басталған, бірақ 
аяқталмаған картинкалар, жауап-суреттері бар жұмбақтар мен карточкалар, В. 
Осееваның «Просто старушка» әңгімесі. 
Сабақтың барысы: 


130 
1. 
Кіріспе бөлім 
«Басқа адамға не керек екенін түсіне және сезе біл» тақырыбына кіріспе 
әңгіме. 
• 
Сезімталдық қарым-қатынас дегеніміз не?
• 
Біз айналамызда не болып жатқанын ылғи байқаймыз ба? 
• 
Біреуге біздің аяушылығымыз немесе көмегіміз қажет пе? 
• 
Біздің бұған деген көзқарасымыз қандай? 
2. 
Негізгі бөлім 
«Федораға көмектес» 
Мақсаты: бір-бірін түсіне білуді үйрету, көмекке мұқтаждарға көмек 
көрсету қажеттілігін қалыптастыру. 
Федораға көмектесуге тырысыңдар. Сендер оған көмектеріңнің 
қаншалықты керек екенін түсінесіңдер
Осының алдында балаларға К. Чуковскийдің «Федорино горе» ертегісін 
оқу және одан үзінді жатап алу тапсырылады. 
Ойын кезінде педагог ертегідегі Федораның рөлін ойнайды және 
балалардан ертегіні еске түсіруді, одан үзінді оқып беруді, ойларымен бөлісуді 
сұрайды. Федора туралы ертегі балаларда оған деген аяушылық сезімін оятуға 
тиіс, балаларға жинақы болуға уәде береді және жоғалтқанының барлығын 
қайтаруға көмек көрсетуді сұрайды.
Үстелдегі карточкалардың үйіндісінен балалар салынып бітпеген бір 
суретті алады және онда салына бастаған бейнені аяқтайды. Содан кейін олар 
заттардың суреттерінің ұқсастығы негізінде олардың пайдаланылу мақсатына 
қарай топтастырылады (мысалы, ыдыс, жиһаз және т.б.) және оларды Федораға 
ұсынады. Ол балаларға алғысын білдіріп, жұмбақтарды шешуді сұрайды. Кейін 
балалар жұмбақтардың шешімін тапқаннан кейін назарларына жұмбақтың 
шешуі картинка ретінде ұсынылады. Жұмбақтар: «Өзім жемеймін, ал 
адамдарды тамақтандыраамын» (қасық). «Ыстық құдықтан мұрын арқылы су 
құйылады» (шайнек). «Денесі тигеннің барлығын тегістейді, қолыңды тигізсең 
‒ тістеп алады (үтік). Жұмбақтардың шешуін тапқандарға сыйлықтар беріледі.
«Просто старушка» әңгімесін талқылау 
Балалар «Просто старушка» әңгімесін тыңдайды және рөлдерге бөлініп 
ойнайды. Осыдан кейін қойылымның екінші нұсқасы ұсынылады: егер қыз бала 
жалғыз болса және құлап қалған әжейді көрсе, не істер еді? Содан кейін ұл бала 
мен қыз бала әжейге көмектесіп жатқаны көрсетіледі.
В. Осееваның «Просто старушка» әңгімесінен үзінді. 
Көшеде бір ұл мен қыз келе жатты. Олардың алдында әжей кетіп бара 
жатты. Жер өте тайғанақ болатын. Әжейдің аяғы тайып, жерге құлап қалды.
Менің кітаптарымды ұстай тұршы! - деп айқай салды бала, сөмкесін 
қызға беріп, әжейге көмектесуге ұмтылды. Ол қайтып келгенде, қыз одан: 

Бұл сенің әжең бе? ‒ деп сұрады. 

Жоқ, - деп жауап берді бала. Анаң ба? - деп таң қалды құрбысы. Жоқ. 
Енді, тәтең бе? Немесе танысың ба? 


131 
Жо-жоқ! - деп жауап берді бала. - Бұл жай ғана әжей. 
3. 
Бекіту, қорытынды. 
Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды әңгіме: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет