А бөлімі
«Дананың сөзі – ақылдың көзі» бөлімі бойынша №1 жиынтық бағалау
8-сынып /1-тоқсан/
Оқылатын шығарма
«Қорқыт ата жыры», «Байбөрі баласы Бамсы
Байрақ туралы жыр»
Оқу мақсаты
8.2.1.1.Композицияны тұтастан бөлшекке,
бөлшектен тұтасқа қарай талдау
62
Бағалау критерийі
Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен
тұтасқа қарай талдайды.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу. Түсіну. Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
1-тапсырма
Қорқыттың «Байбөрі баласы Бамсы – Байрақ туралы» жырынан
алынған төмендегі үзіндіге сүйеніп, композициялық құрылымын тауып
сәйкестендір.
1-үзінді
...Баяндүр хан тойына Байбөрі бек те келді. Баяндүр ханның қарсы
алдында найзасына сүйеніп, Қара Көне баласы Қара Бодақ, оң жағында
Қазанның баласы Ораз, солында Қазылық Оғыз бектің баласы Иекенк тұрған
еді. Мұны көргенде Байбөрі бектің көкірегі қарс айрылды. Өкіріп жылап,
қолына орамалын алып, көздерін сүртті.
Сонда бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр ханның күйеуі Қазан-Салор
тізерлеп отырып, Байбөрі бекке үңіле қарады да: «О, Байбөрі бек, мұнша неге
қайғырасың?» - деп сұрады. «Хан Қазан, қалай жылап, қайғырмаспын? Басына
менің тәжімді киер ұл жоқ. Өкшемді басар іні жоқ. Мен құдайдың қарғысына
ұшыраған жан болдым. О, бектерім, мен өзімнің тәжім мен тағымның қамын
жеп қайғырып отырмын. Күнім жетсе, бір күні өлемін. Өле қалсам, орныма,
үйіме кім не болмақ?» - деді Байбөрі. «Бар тілегің сол ма?» - деді Қазан.
Байбөрі оған: «Иә, бар тілегім сол, менің де ұлым болып ол Баяндүр ханның
алдында қызмет істеп тұрса, соны көріп мен де қуанышты болар едім, қайғым
кетіп, мақтанар едім», - деді.
Бұл сөзді есіткенде барлық оғыз елінің бектері қолдарын жайып,
жүздерін көкке жая жалбарынып, «Тәңірі саған ұл берсін», - десті. Ол заманда
бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол
кезде перзентсіз Байбіжан орнынан тұрып: «Бектер, маған да бір тілек бата
беріңдер, тәңірі маған да бір қыз берсе екен», - деді. Барлық оғыз елі қол
жайып, оған да дұға оқыды. «Тәңірі жарылқаса, сен де қызды боларсың», -
десті. «О, бектер, егер көк тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің
баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер», -
деді.
Күндерден күн өтіп, тәңірі Байбөріге ұл, Байбіжанға қыз берді. Мұны
есіткенде, бүкіл оғыз елі қуанып, той жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |