Методические указания по внедрению книги «введение в языкознание»



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата08.02.2024
өлшемі427.49 Kb.
#491397
түріМетодические указания
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
annotation178694

27-28-ші семинарлар тапсырмалары: 
1. «Сөйлейтін» машинаның пайда болуы. Кратценштейн машинасы. 
Александр Грейам Беллдің ойлап тапқан құрылғысының ғылыми жаңалығы. 
Тілді синтездеу. Синтетикалық сөйлеу. Формантты синтез. Конкатенативтік 
синтез. Дифон 
2. Компьютердегі сөйлеу үшін мәтін түзеу. Орын алатын қиындықтар. 
3. Компьютерлік морфология. Компьютерлік синтаксис. Парсер 
4. Компьютерлік 
семантика. Компьютердің семантикалық ұғымын 
қалыптастыру. «The Circuit Fix-It Shop» ауызша диалогтік жүйесі 
5. Компьютерлік прагматика. Компьютерлік прагматиканың тапсырмалары 
6. Компьютерлік ым тілдері 
7. Компьютерлік лекскография. «Wordnet» онлайн сөздігі 
8. Культуромикалық төңкеріс. Туиттерологияның лингвистикалық маңызы 
9. Компьютерде ақпаратты алу мен жинақтау. Жинақтау бағдарламалары. 
Ұғым векторы. Компьютерде сөздің дұрыс жазылуын тексеретін құралдар. 
10. Машиналық аударма. Машиналық аударманың мақсаты. Автоматты 
аудармада туындайтын қиындықтар мен кедергілер 
11. Сот лингвистикасы. Компьютерлік сот лингвистикасы, оның қолданылу 
салалары: сауда белгілерін анықтау, заң терминдерін талдау, спикерді анықтау 
Қосымша тапсырма: В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамстың «Тіл біліміне 
кіріспе» оқулығы бойынша 529-532 беттерде берілген жаттығуларды орындау. 


Дәріс 15. Жазу тарихы. Жазу: тілдің әліпбиі 
Адамзат мәдениетінің жеткен зор жетістігі ретіндегі жазудың даму 
тарихы беріліп, ір жазуға жеке-жеке лингвистикалық сипаттама қоса 
таныстырылады. Жазба тілдегі емленің, пунктуацияныңмаңызы нақты 
мысалдар көмегімен түсіндіріледі. Жазба тілдің ерекше түрі ретіндегі СМС 
жазбаларының тілдік сипаты студенттерге ұсынылады. Ағылшын тілінің
қазіргі емле жүйесі мен орфоэпиясына жеке тоқталып өтіледі. Адамның 
шығармашылық қабілетінің ерекше екендігін дәлелдейтін «өтірік жазудың» 
пайда болуының алғышарттары, себептері мен қолданылуы, оның құрылымы 
зерттеу нысанына алынады. Дәрісте келесі сұрақтар қарастырылады: Жазу. 
Жазу тарихы. Пиктограммалар мен идеограммалар, олардың ұқсастықтары 
мен айырмашылықтары. Петрогифтер. Эмотикондар. Сына жазуының пайда 
болуы.Шумерлердің жазу жүйесі. Литография. Логогрифтер. Силлабикалық 
(буын) жазуы. Силлабарий. Жазу және сөйлеу. Жазба тіл және пунктуацияның 
сөйлеу үдерісіндегі маңызы. Контрастивті екпін. Жазуда бас әріптерді, көлбеу 
жазуды, сөздердің астын астын сызудың атқаратын қызметтері. Псевдожазу. 
«Өтірік жазудың» пайда болуының алғышарттары, себептері мен қолданылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет