Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар



бет6/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Арт терапия

Қажетті құралдар: Қатты ақ қағаз (А4), ермексаз.
Өткізілу уақыты:  45 минут
Нұсқау: Әрбір қатысушы «Мен кіммін?» деген сұраққа 20 сөз жазуы керек. Осы жазылған сөздің алғашқы 5 сөзін оқиды
Интерпретация жасау:
1. Әлеуметтік. Тұлғалық және 3. Отбасылық. қоғамдық ортаға байланысты.
2. Жеке өзіне қатысты. 4. Рухани-тарихи қатынас.
Өз бейнеңізді ермексазбен ақ қағазға жапсырып, орындауыңыз тиіс. Орындап болған жұмысыңызға тақырып қойып, басқа қатысушының жұмысына да тақырып қойыңыз. Тақырыптар қойылып болған соң, өзіңіздің жұмысыңызды жинап алыңыз. Жұмыстардың ішінен өзіңізге жақын деген 2-3 тақырыпты таңдап алуыңыз керек.
Рефлексия: Өз жұмысын таныстырады.
- Осы жұмыстан кейін қандай сезімде болдыңыз?
Сабақ №5
МҮСІН ӘЛЕМІ
Мақсаты: барлық арттерапиялық жаттығулар сияқты шығармашылықты ынталандыру. Сонымен қатар құндылық бағдарын, бірлескен өзара қарым-қатынас және топ мүшелерінің бәсекелестігін дамытады.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
Қажетті құралдар: Ермексаз.
Топтың әр мүшесіне ермексаз беріледі. Жаттығу барысында жеңіл әуен қойылады. Сен әлем жасайтын бес адамның біреуісің. Ермексаз – сенің қалауыңның барлығын жасауға мүмкіндік беретін шикізат. Көздеріңізді жұмып, ермексазбен жұмыс жаса және саусақтарыңа өз сезімдеріңді және ойларыңды көрсетуге мүмкіндік бер. Мүсінді жасап болғаннан кейін, оны қалған қатысушылармен бірге үстел үстіне орналастыр. Өз тобыңмен бірлесе отырып, көздеріңді ашып, сәйкес бөлшектерден тұтас әлем құрастыру бойынша жұмыс жаса. Егер де жаттығу барысында топтың басқа мүшелеріне қатысты сезімдер пайда болса, оны айтуға немесе оларды ермексазбен көрсетуге болады. Соңында басқатоптармен өз сезімдеріңмен бөліс.
Рефлексия: Сабақты талдау.
Сабақ №6
ЕРМЕКСАЗ ЖӘНЕ ТІЛЕК
Мақсаты: қол ептілігін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Өткізілу уақыты: 45 минут
Қажетті құралдар: Ермексаз.
Барысы: Өз тілегімізді ерікті формада мүсіндейміз, онымен «сөйлесеміз», оған қалаған нәрсені және іште қалып қойған нәрселерді айтамыз. Оны қалаған затымызға трансформациялаймыз.
— Көзді жұмып мүсіндік бейне жасаймыз.
— Ермексаздан фигура жасаймыз және бояймыз.
— Қол, аяқ, табандарымыздың, түрлі заттардың ізін қалдырамыз.
— Қыш бойтұмар мен тұмарлар жасаймыз.
— Берілген уақыт аясында белгілі тақырыпта топтық компазиция жасаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет