Қосымша белшектер
Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.
Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру ( мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мыс: Найзағай дамуындағы жаңа циклдің бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын, күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқос толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.
Қолшатырдың - сырты жағымсыз нөсерлерден психикалақ қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді. Бейнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың күмбезі ананың бастауы, ал ұстайтын жері әке бастауы. Қолшатыр жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы мүмкін. Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.
Бөлшектердің бұрмалануы мен өткізілуі.
Қатысты бөлшектердің болмауы шиеленісті жағдайларға және психикалық қорғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін.
Мыс: суретте қолшатырдың қатыспауы қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.
Суреттердегі түстер
Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қаламның қолдануын қалайды. Егер зерттеушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы жағдайда, түстерге қарап шешім шығарудың қажеті жоқ.
Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар әр түрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайын да бейнелеуі мүмкін.
Жақсы бейімделген эмоциялық қалыпты бала әдетке 2ден-5ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабльділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруді қорқыныштың болуын мәлімдейді.
Сабақ №4
ӨЗІҢНІҢ БЕЙНЕҢ
Мақсаты: өз бейнесін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |