Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар



бет7/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Арт терапия

Рефлексия өткізу.
«Менің мүмкіндіктерім» жаттығуы
Қатысушылар жеке – жеке берілген ақ парақтарға төмендегі сөздерге жауап жазады:
— Істегім келеді
Істей аламын
— Істеуім керек
Талдау жасау.
Сабақ №7
ҚУАНЫШ ШЕҢБЕРІ
Мақсаты: тыныштандыру, өзін-өзі қабылдау қабілетін дамыту.
Міндеттері:
— психоэмоциялық кысымды түсіру;
сезім қабілетін жоғарылату;
— танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Гуашь, акварель, пастель, түрлі-түсті қарындаш, стакан, қылқалам, ақ парақ А3, майлық-қағаз, релаксациялық әуен.
Өткізілу уақыты:  45 минут.
Жұмыс барысы:
Сіз өмірде, табиғатта шеңберге ұқсас не көрдіңіз? Шеңберді қалай елестетесіз? Ақ парақтың ортасына балаларға қандай да бір дөңгелек нәрсе салу ұсынылады (белгілі бір бейне немесе ою). Өз жұмысыңызға ат қойып, және оны әңгімелеңіз?
Нәтижесіне қарай талдау жүргізіледі.
— Жұмыс барысында не сезіндіңіз?
— Сіздер жұмыс нәтижелі болу үшін не істер едіңіздер?
— Нәтижесінде не шықты?
— Жасаған бейне неге ұқсайды?
— Түстерді алу үшін сіз қандай күш салдыңыз?
— Нәтижесі сіздерге ұнай ма?
— Қай жерін өзгерткіңіз келеді?
Топпен жұмыс:
Ватман қағаздың үлкендігіндей шеңбер алынады. «Қуаныш» тақырыбына әр бала өз тұсына сурет салады. Өз тұсына салған суреті туралы әңгімелейді. Бәрін салған сурет қандай сезімге бөлейді?
Рефлексия: Сабақты талдау.
Сабақ №8
МЕНІҢ НӘЗІКТІЛІГІМ
Мақсаты: ортаға жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
Керекті құралдар: бархат қағазы (мақпал қағазы), мақта.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
Нұсқау: Берілген заттардан болашағын елестете отырып, сурет салуы қажет.
Рефлексия:
— Қандай әсер алдыңыз?
— Не алдыңыз?
«Әдемі қорапша» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың қызығушылық деңгейін және сенім деңгейін анықтау.
Шарты: Менің қолымдағы қорапшада менің өмірімде ерекше рөл атқаратын, менің өмірім үшін өте маңызды, менің өмірім үшін ең қажет бір зат бар, сіздер оны көргілерің келеді ме? (Оқушылар өз қалаулары бойынша ортаға келіп қарауларына болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет