Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар


Сабақ №17 МЕНІҢ КІШКЕНТАЙ КЕЗІМДЕГІ БЕЙНЕМ



бет13/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Арт терапия

Сабақ №17
МЕНІҢ КІШКЕНТАЙ КЕЗІМДЕГІ БЕЙНЕМ
Мақсаты: өз өмірінің өткен кезеңдерін сезініп, анық елестетіп, сол уақытта пайда болған және осы уақытқа дейін өзімен бірге ілесіп жүрген проблеманы жоюға ұмтылу.
Керекті құралдар: Қағаз-майлық, степлер, фломастерь, скотч.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
«Мен кіммін?» жаттығуы
Шарты: Көздеріңізді жұмып, еш нәрсе ойламай тағы өздеріңізге «мен кіммін?» деген сұрақты қойып, жауап жазыңыздар. Оймен бөлісу, енді қандай жауаптар берілді? (талдау).
Нұсқау: Қатысушыларға керекті құралдар таратылады. Берілген заттарды пайданала отырып, кішкентай кезіндегі бейнесін қуыршақ түрінде жасаулары қажет.
Рефлексия: Тапсырма бойынша өз жұмыстарын таныстырады.
— Қуыршағыңыздың бейнесі қандай?
— Сіздің қуыршағыңыз нені есіңізге түсіреді?
Сабақ №18
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БУРАТИНО
Мақсаты: өзінің ішкі күйін сезіну, өз сезімдеріне талдау жасау. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: Түрлі-түсті маталар, қайшы, желім, журналдар.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
Жұмыс барысы:
«Біздің есіміміз ортақ» жаттығуы. Оқушылар кез келген оқушыға допты лақтыра отыра, сол оқушының бойындағы белгілі бір дарындылық қабілеттерін айтады.
«Қазіргі заманғы Буратино» қуыршақ терапиялық жаттығу 
Шарты: Қатысушылар топқа бөлініп, қазіргі заманғы буратиноның бейнесін жасаулары керек.
Қорытынды: Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Сабақ №19
ФОЛЬГА ҚУЫРШАҒЫ
Мақсаты: сана-сезімді қалыптастыру, бала бойындағы шығармашылық пен қиялды дамыту. Қуыршақ арқылы ішкі күйзелістерді жою.
Міндеттері:
— сезімді қалыпқа келтіру;
— психоэмоциялық кернеуді түсіру;
— танымдық қабілетті дамыту.
Керекті құралдар: Фольга, майлық- қағаз, релаксациялық әуендер.
Өткізілу уақыты: 45 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет