Ми қанайналымының бұзылыстары



бет5/5
Дата24.10.2023
өлшемі0.54 Mb.
#481523
1   2   3   4   5
Ақпараттық бөлім

Дәрі-дәрмектермен емдеу. XX ғасырдың басынан фенобарбитал, дифенилгидантоин (фенитоин немесе дифенин) эпилепсия ұстамасынан сақтандыратын дәрілер ретінде осы күнге дейін нәтижелі пайдаланылып келеді. Бүгінгі таңда нәтижелі эпилепсияға қарсы дәрілер болып вальроаттар және карбамазепиндер есептеледі.
Вальпроаттар: конвульсофобин вальпроевалық қышқылдың кальций тұзы, эпилепсияның барлық түрлерінде өте нәтижелі әсер етеді. Оны 600-1500 мг/тәулігіне тағайындайды.
Бүгінгі таңда әйгіленімдік және біріншілік, салдарлық тұтас денеге жайылған тырыспа-селкілдек ұстамалары және үлестік эпилепсияларды емдеуде финлепсин және финлепсин ретард нәтижелі қолданылады. Оларды абсанс және миоклоникалық ұстамаларда пайдалануға болмайды!
Қандай да болмасын дәрілердің организмге жанама теріс ықпалдары болатыны белгілі. Бұл дәрілерді ұзақ көп мөлшерлерде қабылдаудан организмде әртүрлі қосымша дерттік үрдістер, дәріге организмнің тәуелділігі, оның қабылданатын мөлшерін ұдайы арттыруға мәжбүрлейтін оларға төзімділіктің артуы, дерттің сүлде түрге ауысуы байқалады.
Осыған байланысты эпилепсияны емдеудің жаңа тәсілдерін іздестіру күн тәртібінен түскен жоқ. Соңғы жылдардың ізденістері нәтижесінде бұл аурудан сақтандыру және емдеу мақсатында аз қарқынды магниттік-лазерлік терапия қолданылуы нәтижелі болатыны күмән келтірмейді. Бұл тәсіл жалпы организмге адаптациялық әсер етеді және Мидың биоэлектр белсенділігін ретке келтіреді, жүйке жүйесінің межеқуатын көтереді, нейромедиаторлық белсенділігін оңалтады, «гипофиз-бүйрек бездерінің сыртқы қабаты» жүйесінің функцияларын түзеп, организмнің бейспецификалық төзімділігін арттырады.
Аз қарқынды лазер сәулелерінің жақсы нәтижелілігі зат алмасуларына антиоксиданттық ықпал етуімен, бауыр мен Ми жасушаларының ядроларында РНҚ мен ДНҚ түзілуін арттыруымен қатар, олардың электромагниттік толқындарының ырғағы Мидың меншік электробелсенділік ырғағымен (Мидың альфа-ырғағымен) сәйкес келуімен айқындалады.
Хирургиялық емдеу. Дәрілердің көмегімен ұстамадан сақтандыру мүмкіндігі болмағанда хирургиялық әрекеттер пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет