Конфуцизмның діни этикалық концепцияларының қалыптасуына ежелгі анышпандардың алдында абсолюттық бас июдің арқасында болды. Бұл бас ию Қытайда көптеген ғасырлар бойы басқа өркениетті қоғмдарға қарағанда діннің үстінен моральдың үстемдік жүргізуіне мүмкіндік берді. Көптеген діни мəселелерге қытайлықтар прагматикалық мораль тұрғысынан қарады. Басқа мемлекеттерде мораль діни догмалардан шыққан болса Қытайда крісінше жоғары мəртебеге көтеріліп догманы канон ретінде қабылдаған. Бұл мағынада кейбір ғалымдардың түсініктеріне қарап конфуцизмды дін ретінде қабылдамауларын түсінуге болады.
Конфуций: Конфуцизм ежелгі Қытайда да б.д.д ҮІ ғ. Орта шенінде қалыптсқан философиялық жүйе. Оның негізін салған ежелгі Қытай ойшылы Конфуций (Кун-цзы, 551-479 ж. б.д.д.) ол өз шығармаларын қалдырмаған. Оның ілімі ізбасарларының жазбалары бойынша белгілі, кейде қайшылықты болып келеді. Бұл ілімдегі басты мəселе- тəртіп ережелері, дұрыс өмір сүру негіздері. Оған үлгі ретінде алтын ғасырды алады, данышпандардан үйренуге шақырады. Өздерінің жоғары адамгершілікті адам идеалын жасайды (цзюнь-цзы) оның құнды жағы: гуманистілігі жəне парыз сезімталдығы. Гуманистік (жэнь) Конфуций ұғымы бойынша қарапайымдылық, ақыл, қайырымдылық, əділеттік сезімі.
Конфуций ілімінің түп тамыры адам жəне қоғам мəселесіне тіріледі. Адам-əлеуметті жан, əлеуметті ортада оның нағыз орны, қызметі анықталады. Адамның табиғат туа бітсе, адам өмірінің мəн-жайы қоғамда, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, тіпті ашылады. Адамның мəнісін «бес тұрақтылық» (у нан) құрайды. Бес тұрақтылыққа – жэнь (адамгершілік), адамды ұнату, ли (сыпайлық, рəсім, əдеп), вэнь (тəрбиелілік), цзюнь-цзы (идеал адам, адал ер)
Зороастризмдегі құндылықтардың мифологиялық негіздері: Зороастризм аңыз бойынша біздің дəуірімізге дейінгі 1500-1200 жылдар аралығында өмір сүрген. Ахурамаздаға (отқа қайырымдылық құдайы) табынуға негізделген жаңа дін жүйесін, əлемдік этика үлгісін жасады.
Ахурамазданың жарық пен ізгілік əлеміне Ангра-Майнудің зұлымдық пен қпас əлемі қарсы тұрды. Зұлымдық құдайы Ахурамазданы мейілінше жек көрді. Бірақ оған қарсы əлдене жасауға дəрменсіз еді: бір ауыз ізгі сөздің өзі зұлымдық рухын құртып жібере алатын еді. Бұл күрес мың жылға созылады. Одан кейінгі мыңжылдықта жарық пен ізгілік құдайы «фраваши»-Заратуштраның рух болмысын жасап, оны «ғұмыр бəйтерегі»-
«хаоманың» өзегіне орналастырады. Осыдан кейінгі кезеңде жарық пен қапастың ортасындағы заттық əлем жасалады. Ахурамазда өз қолымен бірінші адамды жəне бір бұқаны жаратады. Үшінші мыңжылдықта Ангра-Майну Ахурамаздмен соғысып, бұқа мен адамды өлтіреді, бірақ олардың ішінен адамдар шығады.
Келесі мыңжылдықта Ахурамазда Заратуштраға адам кейпін беріп, адамдарға ақиқат дін таратуға жұмсады. Жарықты қорғай ма, қапас жағына шыға ма-таңдауды Заратуштраның өзіне қалдырады. Адамзаттың басым бөлегінің дұрыс өмір құруы, ізгілік жағында болуы Ахурамазданың зұлымдықты жеңуіне көмектеседі. Əлемнің даму циклі аяқталғанда Заратуштра жер бетіне құтқарушы кейпінде оралады. Заратуштра діні бойынша ақыр заман болғанда өлгендер Ахурамазданың алдына жауапқа барады. өлген адамның жаны аспанға ұшып, «жаза көпіріне» барады. Оларды онда құдай күтіп тұрады. Күнəсіз жандар жарық пен қайырымдылық əлеміне, күнə жасағандар зұлымдық əлеміне жіберіледі.
Зороастризм ілімі ізгілік пен зұлымдық, жарық пен ымырасыз күресі арқылы ең жоғары адамшылық құндылықтарыны жетуді үш дəрежеге бөледі. 1-Жарату, 2-Жақсы мен жаманның сапырылысы, 3-ізгіліктің зұлымдықты жеңіп мəңгі жасау дəуірі. Мұның негізінде бəрі өзінің бастапқы қалпына оралады дген мағына жатыр, яғни бірінші ізглік құдайы əлемге келіп, зұлымдық құдайы сонан соң пайда болды.
Зороастризм этикасының негізі тек қана өз денсаулығынды ойлау емес жəне де жан тазалығын ойлау. Зороастризм моралі тамаққа да көп көңіл бөледі. өйткені қарны аш адам жақсы істер жасай алмайды- деп түсінілуде. Яғни аштық пен нашар тамақтану адамның ахлағына кері əсер береді.
Егерде адам осы дүниеде көп ізгі істер жасаса онда о дүниеде сыйлық алады, яғни оның жаны мəңгілікке кетіп өз денесін күтеді, жəне ... күнінде бірлеседі. Ал жамандық жасаса онда жаза алады, яғни оның жаны денемен бірлеспейді. Яғни Авеста адамдарды тек бұл дүниедегі жазалармен емес о дүниедегі өмірімен де қорқытуда.
Достарыңызбен бөлісу: |