Лекция 7. Тақырыбы: Батыс этикасы. Иудаизм мен христиандықтағы мораль.
Иудаизм (Хз.Мұса)
Яхуди Иуда мемлекетіне мүше деген сөз. Көпше түрі- яхуд. Яхуди сөзін Иуда аймағында орналасқан ескі Израиль халқының жаңа нəсілдері үшін қолданылғаны айтылады. Қауым ретінде аралас ұлт түріндегі яхудилер көбінесе əлеуметтік жəне діни қоғам болып қабылдануда. Яхудилердің қасиетті кітабы Тəураттағы мəліметтер, олардың алғашқы ғасырдан бастап сол аймақтағы қонандықтар, амулықтар, амалика жəне мысырлықтармен араласқанын көрсеткен. Яхудилердің, яғни Израиль ұлдарының үлкен аталарының Ибрахим пайғамбар екенін жəне олардың б.э.д. 1800 ж. Лұт пайғамбардың қауымымен қосылып, солтүстік Месопотамия аймағында Харранға (Урфа) қарай көшкені айтылады. Бірақ бұл жерде үлкен ашаршылыққы ұшырап, айналадағы қауымдардың шабуылынан кейін Мысырға көшкен.
Израиль ұлдары (Яхудилер) атауларын Ибрахим пйғамбардың немересі жəне Израиль лақабымен танылған Яқұп пайғамбардан алған. Яқұптың 12 баласынның арасында қызғаншақтықтан туғн келіспеушілік, яхудилердің Мысырда перғауындар өлкесінде таралып өмір сүруіне жəне Мысырдан кетуіне себеп болған. Мұса пайғамбардың басшылығымен Израиль ұлдары Мысырдан кеткен. Хз.Мұсаның басқаруымен Мысырдан кеткен Яхудилер Сина түбегіндегі Тих даласына келіп кеіннен Сирия мен Палестина аймақтарына тарады. Бұл жерде біріккенімен б.э.д. 933 ж. Изриль жəне Яһуда атты екі мемлекетіне бөлінген. Хз. Мұсаның уағыздаған дінін қабылдамаған. Израиль мелекеті Солтүстіктен келген шапқыншылық кезінде қысымға алынып, кейіннен б.э.д. 705 ж. Асур патшасы Саргон тарапынан жойылады.
Яхудилік бір тəңірлік сенімге ие (монотеист) дін болса да, бұл тəңір барлық адамзаттың тəңірі болмай, тек яхудилердің ұлттық тəңірі болып табылады. Тəңірдің аты Яһова. Яһова соғысқұмар бір тəңір. Яхудилердің дұшпаны - Яһованың да дұшпаны. Яхудилер тəңірдің уахимен жазылғанына сенетін Тəураттың алғашқы бес кітабына иман етеді. Інжілмен Құранға сенбейді. Пайғамбарға сенеді, бірақ Иса мен Мұхаммедтің пайғамбарлығын қабылдамайды.
Яхудилікте періштелерге, ақырет күніне, қаза мен тағдырға, құтқарушы месихтің келетініне сену-иман негіздері болып табылады.
Тəуелсіздігін жоғалтып, ұзақ жылдар бойы таралған түрде жəне біреудің қол астында өмір сүрген яхудилер месихтің бір күні келетініне, Израиль ұлдарына тəуелсіздік алып беретініне жəне сөз берілген жерге қайтаратына, қираған Сүлеймен ғибадатханасын жөндеп, ғибадат жасауға ашатынына сенеді.
Яхудилер ғибадаттарын Хаврада жасайды. Ғибадат кезінде Тəурат оқылып дұға етіледі. Ең маңызды ғибадаттары сенбі күні топпен Хаврада жасалатын апталық ғибадат болып табылады.
Яхудилікте «он əмір» деген негіздер өте маңызды. Мұсаның Тұр тауында тəңір Яһовадан алғанына сенілген осы он əмір мыналар:
Менен басқа тəңір болмасын. Өзің үшін пұт жасамайсың.
Раббы Яһова атын бостан-босқа айтқан адам жазаланады. Сенбі (себт) күнін қасиетті етіп, есте ұстау керек.
Ата-анаға құрмет көрсетесің. Адам өлтірмейсің.
Зинақорлық жасамайсың. Ұрлық жасамайсың.
Көршіне қарсы жалған күə болмайсың. Көршінің үйіне зиян келтірмейсің.
Яхудилер осы сенім мен ахлақтың (моральдық) негіздерімен қоса, тақуалық жəне мистикалық өмірге мəн береді. Пікірталаста болуды жақсы көреді.
Достарыңызбен бөлісу: |