Лекция 6. Тақырыбы: Будда
Буддизм атауы осы ілімнің негізін салушы Будда есімімен байланысты. «Будда»- санскрит сөзі («будх»-ояну, көзі ашылу), ұйқыдағы сананың оянып, сергек санаға өтуін білдіреді. Бір сөзбен айтқанда «будда» кез келген белсенді сананың иесі, ал ақыл-ойыдың белсенді күйінің не екенін Будда ілімі түсіндіреді. Бұл ілімді ҮІ ғасырда Үндістан жерінде тарихи қайраткер Сиддхартха Гаутама таратты. 29 жасында Сиддхартха бар байлықтан, патшалықтан, отбасынан бас тартып, адамзатты азаптардан құтқарудың жолын іздеп шығды. 6 жыл даналармен, діндарлармен əңгімелесіп, тақуалық өмір кешкенде өзін оландырған сұрақтарға жауап таппайды.
Буддизмнің негізін салушы Будда (сергектенген) деп аталған Сиддхартха, ірі ммлекеттердің құрылуы кезеңінде касталық айырмашылықтардың, құдайға сыйынудың жəне құрбандық шалудың күрделі ырымдарын қасиет тұтқан брахман дініне қарсы халық бұқарасының наразылығын білдірді. Ол қағы қасіреттен арылуды тек имандылықты жетілдіруден іздеп, одан өмірден баз кешу, нирванаға берілу жолымен ғана қол жеткізуге болады деп түйді. Будда əке құдайдың өмір сүруін мансұқ етті.
Будданың өмір сүру принципі - рахат өмір сүру, нəпсін тыю күшті өмірге апармайды. Бақыт дегеніміз адам өмірінің ең кемелдену дəуірі. Яғни жеке тұлға іштегі күмəндарды жеңіп кемелденуге жетеді. Яғни ол толық қанағатты болып, ештене қажет етпейді.будда үшін бақыт деген бір өмірден басқа бір өмірге өту. Кеңірек айтқанда құдайлардан бастап тозақ тұрғындарына дейін, жəне əр өмірде қиындықтар көп. Бұған сансара деніледі, мағынасы «əр түрлі құбылыстарға айналу» деген сөз. Бақыт та сол кезде келеді, осы айналымнан жан шыққанша.сансара теңізін тек рахат толы кемемен өте аламыз қайғы толы кемемен өте алмаймыз. Осыны біліп Будда үшінші жолды іздей бастайды. Үшінші жол ол орта жол. Яхни шехви сезімдер жоқ бола бастағанда адам өзінің моральдік негізін табады.
-Төрт қасиетті ақиқат
Киелі саналатын Бодхи ағашының түбінде ойға шомып отырған Сиддхартхаға кенеттен шындық ашылады. Бұл шындық буддизмнің төрт «ұлы ақиқатына» айналады.
Бірінші ақиқат бойынша адам өмірі азап шегуден, қайғы-қасіреттен тұрады.
Екінші ақиқат бойынша азап шегудің себептері адамдардың тілегі мен құмарлығына байланысты болады.
Үшінші ақиқат бойынша азаптан құтылудың жолдары-адамдардың өздерінің тілек, құмарлық ұмтылыстарына тежеу салу.
Төртінші ақиқат бойынша азаптан толық құтқарылу- Будда көрсеткен жолға түсу. Ол
«игілікті сегіз жол» мыналар: дұрыс түсінік (пұтшылдықтан, адасушылдықтан бөлек), дұрыс ой (кемелденген даналарға тəн), дұрыс сөз (шыншыл, жылы), дұрыс іс-əрекет (татулықтағы, таза), дұрыс жинақылық (өзін-өзі тəрбиелеу, өзін ұстай білу), дұрыс мінез- құлық (ешкімге жəбірлік көрсетпеу), дұрыс көңіл бөлу (йога), рухани дұрыс шынығу (медитация)
Буддизмдегі негізгі құндылықтар:
Буддизм этикасы адамның іс-əрекетін зерттейді жəне ол екіге бөлінеді: Кусала (моральдық)
Акусала (моральдық емес)
Кусала – даналық ақ көңілдік, қайғысын бөлісу деген мағынаны білдіреді. Ол осы үш негізге сүйенеді. Акусала- жек көру, ашкөздік жəне де алдап арбау.
Буддизм этикасының екіге бөліну себебі: Моральдік іс-əркеттер адамның рухын көтереді. Буддизм жолындағы адамдарға құаныш əкеледі. Моральдік емес ақиқат жолға кедергі болғандығы барлығы акусала болып табылады. Будда діні моралдік этиканың діні болып табылады. Ол бес ережені қамтиды: Тірі жанды өлтірмеуге сөз береді. Маған біреу бір нəрсе бере оны алмаймын. Жаман сезімдерден бас тартады. Өтірік айтудан бас тартады. Адамның санасын бұзатын заттарға үйір болмайды.
Монахтарға 253 түрлі қылықтарға тыйым салынған. Соның ішіндегі ең негізгі талаптар жоғарыда айтылған бесеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |