Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
16
сүйіп оқыған үш үлкен қайнар көз: 1. Халық
ауыз əдебиеті. 2. Шығыс əдебиеті. 3. Орыс
əдебиеті, оның арғы жағында Батыс Еуропа
əдебиеті. Абай жас-тайынан оқудан қол үзбейді,
қазақтың мəде-ниетін, араб, парсы, шағатай
тілдерін үйренеді. Шығыс əдебиетінің алыптары
Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б.
ақындарының өлеңін жаттап өседі. Ойшыл-
ақын ежелгі заман философтары Сократ,
Платон, Аристотель, сонымен қатар, Шығыстың
ұлы ойшылы əл-Фараби мұраларымен де жақсы
таныс болды. Кейін ол орыс əдебиеті мен тілін
өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары
Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов
т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге
ағылшын
ғалымы
Дарвиннің,
ағылшын
жазушысы Шекспирдің шығармаларын да
оқиды. Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен
анатомиялық ілім негіздерін оқыды. Абайдың
жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюі-
не орыстың материалистік психологиясы, оның
ішінде И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбек-
тері орасан роль атқарды. Осыдан болар, ақын-
ның дүниетанымы - кең, білімі – түпсіз терең,
ойы - ұшқыр, тілі – бай əрі көркем.
Абай сусындаған рухани көздің бірі ана
сүтімен дарыған халық ауыз əдебиеті болса,
келесі бір өшпес қазына – ол Шығыс қалам-
герлерінің туындылары. Ұлттық жəне Шығыс-
тық бұлақтан нəр алған Абай үшін ендігі бей-
таныс əлем орыс əдебиеті болды, сол арқылы
ақын Батыс əдебиетімен де таныс болды. Белгілі
ғалымдардың еңбектеріне сүйе-нер болсақ,
қазақтың ұлы сөз зергері Абай орыс классик-
терінен Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салты-
ков-Щедрин т.б. шығар-маларын терең үңіліп,
танысқан. Орыс тілі, орыс классикалық əдебиеті
арқылы Абай Ба-тыс əдебиетімен сусындап,
Гете, Байрон шығармаларын аударған. Абайдың
еркін аудармалары арқылы «Татьянаның əні»
қазақ
оқырманына
жетті,
Лермонтовтың
«Теректің сыйы», «Қанжар» сияқты терең
сырлы өлең-дері халқымыздың арасына кең
тарады. Қазақ оқырманы Абай арқылы орыс
классикалық туындыларымен, Батыс Еуропа
əдебиетінің тамаша үлгілерімен таныс болды.
Абай жастайынан кітапқа жақын болатын.
Туған жері Семейдегі қоғамдық кітапхананың
тұрақты оқырманы болды. Сол кітапхана
сөрелеріндегі Спенсер, Тэйлор, Дрепер, Уоллэс,
Милль, Шекспир, Гете, Шиллер, Гейне, Байрон
шығармалары мен орыс əдебиеті классиктерінің
шығармаларына ерекше тəнті болған Абай,
Батыс жəне орыс жазушыларынан көп нəрсе
үйренді. Бұл классиктердің əрқайсысы –
қаламгердің ой-өрісін кеңейтіп, дүниеге көз-
қарасын қалып-тастырды, əлемді танудың
өзіндік көпірлері болды.
Қ.Мұхамедхановтың айтуынша, Семейдің
қоғамдық кітапханасы – сол уақыттағы Сібір
кітапханаларының ішіндегі ең бай кітап орны
болды. Бастапқы кездері кітапхана қорында 274
дана кітап болып, 130 оқырманға қызмет
көрсеткен. Министрлер Кабинетінің қаулысы
шешімімен 1992 жылы Семейдің қоғамдық
кітапханасына ұлы ақынның есімі берілді.
Бұдан бұрын кітапхана Николай Васильевич
Гогольдің атында болатын. Кітапхана 1883
жылы революционер-демократтардың көмегі-
мен ашылған болатын. Ең алғашқы рет Абай
оның есігін шамамен 100 жыл бұрын ашқан еді.
Абай – сол замандағы қазақ оқырмандарының
алғашқысы болатын, ал Семей қоғамдық
кітапханасы – Қазақстан Республикасындағы ең
көне кітапханалардың бірі.
Абай Құнанбаев жиі оқыған кітаптар:
Пушкин А.С. Сочинения. СПБ., 1887; Толстой
Л.Н. Сочинения. М., 1889; Уэвелль В. История
индуктивных наук. СПБ., 1867; Сочинения
Платона. СПБ., 1863; Байрон Сочинения. СПБ.,
1884; Херасков М. Эпические творения. ч.1.-М.,
1786; ч.2. 1787; Кантемир А.Д. Сочинения.
СПБ., 1868; Спенсер Г. Основания психологии.
СПБ., 1876 Даль В.И. Сочинения. 1883; Беккер
К. Всемирная история. СПБ., 1846; Карамзин
Н.М. История государства Российского. СПБ.,
1845; Илиада Гомера. Аударған Гнедич Н.
СПБ., 1829, тағы басқалары.
Қазақтың төл перзенті, бас ақынына үлкен
əсер қалдырып, үлкен мағлұмат берген Амери-
каның Нью-Йорк университетінің профессоры
Джон Уильям Дрепер болған. Оның сол
кездерде орыс тіліне аударылған, Ресейдің
жоғары оқу орындарының студенттері оқулық
ретінде қолданып жүрген «Европаның ақыл-
ойының даму тарихы» (1869 ж.) деген екі
томдық еңбегі мен «Католицизм мен ғылымның
арасындағы қатынас тарихы» (1876 ж.) атты
кітабы Евгений Петрович Михаэлис арқылы
Абайға жетеді. Михаэлистің өзі Абайға бұл
кітапты берген көрінеді. Ақынның өзі досы
Михаэлисті есіне алғанда «Дүниеге көзімді
ашқан кісі - Михаэлис» дейтіні де осыдан болар.
Қаламгердің Дреперді оқығанына Əлихан
Бөкейхановтан
бастап
кейінгі
абайтану-
шылардың барлығы назар аударады. Асылында,
Абайдың американдық тарихшы, дəрігер,
химик, физик, фотосуретші Дрэперді оқуы оның
ой-өрісін жаңа бір сатыға көтерді. Оның
кітаптарының əр тарауын оқыған сайын, бұрын
білмеген тарихи деректерге ұшырасып, өзінің
таным саясын кеңейте түсті.
|