Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
20
Қазақ халқының жыр айту дəстүріне
тереңірек көз жібергенде жалпы дүниежүзілік
эпикалық дəстүрге тəн ортақ қасиеттерге ие
жырау, жыршыларымыздың өзіндік ерекшелігін
анық көруге болады. Бұл ерекшеліктерді ғалым-
дар мен жалпы қауым бір-бірін қайталамайтын
жыр саздарына (мақам), тұрақты эпикалық
жырларына қарап ажыратқаны даусыз. Ал кейін
осы шарт жыршылық мектептердің
сара-
лануына да негіз болған секілді. Осы тұрғыдан
келгенде қазақ жыраулық, жыршылық мек-
тептерін былайша жіктеуге болатын секілді. 1)
Батыс Қазақстан 2) Сыр бойы 3) Орталық
Қазақстан 4) Жетісу 5) Оңтүстік Қазақстан
жыраулық, жыршылық мектептері.
Аталған жыршылық мектептерді бір-бірінен
ажырататын ерекшеліктерімен қатар барлығына
ортақ қасиеттердің де аз емес екенін айта кеткен
жөн. Бұл, біріншіден, жыр айту дəстүрінің
ежелгі тамыры бір екендігін көрсетсе, екін-
шіден, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі
көшпенділік өмір салтынан өнер иелерінің
араласуының арқасында бір-біріне əсер еткен-
дігін, сол арқылы өнер ауқымын кеңейткендігін
аңғартады. Бұл екінші себеп салдарынан қазақ
жырау, жыршылары, тіпті республиканы былай
қойып, көршілес қырғыз, қарақалпақ, өзбек жыр
айтушыларымен араласып, олардан жыр үй-
реніп қана қоймай, оларға өзінің озық жыр айту
дəстүрін де үйреткен.
Жыр үйрену жəне үйрету процесі – қиын да
қызықты, белгілі қалыптасқан дəстүрге сай іске
асатын құбылыс. Əр халықта өзіндік ерекшелігі
бар бұл əдіс қазақ жырау, жыршылары қалайша
жүзеге асырған дегенге қолда бар материалдар
тұрғысынан қарағанда байқайтынымыз, шəкірт-
тің ұстаз қасына өз еркімен еркін жүріп жыр
үйренгені басты əдіс болған.
Эпос айту дəстүрін сөз еткенде айта кететін
тағы бір мəселе, бұл жыр айту дəстүрінің елі-
міздің əр аймағында əртүрлі даму дəрежеде
болғандығы. Бұның себебін фольклорист
ғалымдар эпикалық дəстүр туып, қалыптаса бас-
таған кездегі аймақтық əлеуметтік тарихи жағ-
даймен, жыраулық, жыршылық өнердің даму
дəрежесі, белгілі жыр айтушылардың бо-
луымен түсіндіреді.
Қазақ халқының эпикалық жыр айту дəстүрі
жəне оны тудырған, қалыптастырған жыраулық,
жыршылық орта туралы сөз еткенде ауызға
алдымен Батыс Қазақстан жыр айту дəстүрі
ілінеді. Бұл аймақ негізінен ноғайлы дəуірі
кезеңінің
эпикалық
жырларын
айтумен
ерекшеленеді.
Ал таралу аймағына қарасақ, Атырау,
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Қара-
қалпақ Республикасы жəне Өзбекстан Респуб-
ликасының қазақтар тұратын аудандарын
біріктіреді. Алып шынар секілді тамырын те-
реңге салған бұл жыр айту мектебінің аты бізге
жеткен алғашқы өкілдері «қазақ-ноғай ұлы-
сының философы» атанған Асанқайғы, (Хасан
Сəбитұлы ХІV ғ.). Сыпыра (ХІІІ ғ.) болған.
Бұдан байқайтынымыз, Батыс Қазақстан
жыр айту үлгісі эпикалық дəстүрді қалып-
тастыру кезеңінде репертуар тұтастығымен
қатар жыр айту мақамдарын қылыптастыруға да
ерекше көңіл бөлген. Сондықтан да бүгінгі күні
жыр айту мектептерін мақам ерекшелігін де
ажыратуға болады.
Мұрын жыраудың жыр үйрену тəсілі мен
оның ұстаздарының жыр үйрету əдісі туралы
қызықты деректерді М. Хакім-жанованың
кезінде Мұрыннан жазып алған деректерінен
табуға болады. «Қашаған да Нұрым сияқты жат-
таған жырларды бірнеше күн домбырамен қай-
талап айтқызып, əрбір жырдың айту сарынын,
сөздің айтушыға анық жетуін қадағалап отырар
еді. «Көрұғлы» жырының мақамын өзі бірге
айтып, жан-жүйкеңді тебірентіп жіберетінді. Ол
кісінің үні əрі сазды, əрі сұлу болатын», – [2, 64-
165] деген естелік мұның куəсі.
Қазақ эпикалық дəстүрін сөз еткенде ай-
налып өтуге болмайтын жыршылық мектептің
бірі – Сыр бойы жыраулық, жыршылық мектебі.
Оғыз, қыпшақ ұлысының ажырау кезінің бір
белгісіндей оғыз тайпаларының жыр айту дəс-
түрін өз бойында сақтаған Сыр бойы жыраулық,
жыршылық мектебі өзінің репертуар, мақамдық
ерекшелігімен басқадан бөлектеніп тұрады.
Егер басқа жыр айтушылық мектептердің ерек-
шеліктерін жете қарап, зерттеп жүрген адам
ғана көре алса, Сыр бойының жыр айту
дəстүрінің ішкі арналарын, яғни Жиенбай дəстү-
рінде айтушылардың көмейден қайыратын
ежелгі оғыз мақамын, Нұртуғанның речативтік
стильдегі төкпе мақамын, Нартайдың созыла
шығатын жоғары көтерілген əуенін кез келген
адам ажырата алады. Мұны Сыр бойы жыр айту
дəстүрінің ерекшелігін көптен зерттеп жүрген Р.
Бердібаевтың: «Жыршылық терминнің Қазақ-
стан бойынша бір заманда биік шоқысындай
болған өнерпаздар Сыр бойы аймағында туып,
өмір кешкені айқын. Ұзақ жырды да, қысқа
толғауларды да өзіне лайық сазымен, өрнек
нақышына келтіріп айтатын теңдесі жоқ сұлу
терме əуені осында сақталып келген. Терме айту
үлгісі өзге жерлерде де жоқ емес. Дегенмен
олардың қай-қайсы да мазмұны, əсерлілігі,
сəнділігі, байлығы жағынан Сыр бойы термесіне
пара-пара келеді деу қиын» (3, 443), – деген
пікірі дəлелдей түседі. Халық арасында кейінгі
кез Жиенбай Дүзбенбетұлы (1864-1929 жж.),
атымен белгілі болған арнаның тамыры тым
|