Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
19
СӨЗ ӨНЕРІ
А.Бұлдыбай
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖЫРШЫЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер.
Қазақ фольклористикасындағы жыраулық,
жыршылық мектептер. Қазақ халқының эпикалық жыр айту дəстүрі.
Тірек сөздер: фольклор, эпикалық жыр,эпос.
А.Булдыбай
ПОЭТИЧЕСКИЕ ШКОЛЫ КАЗАХСКОГО НАРОДА
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Поэтические школы в казахской
фольклористики.
Ключевые слова: фольклор,эпические песни, эпос.
A. Buldybai
POETIC SCHOOLS OF KAZAKH PEOPLE
Abstract. The issues dealt in this article. Poetic schools in Kazakh folklore.
Keywords: folklore, epic songs, epics.
Қазақ
халқының
эпикалық
дəстүрін
қалыптастыруда жырау, жыршы, ақындардың
атқарған қызметі зор екені айтылып та, жазы-
лып та жүр. Солай бола тұрса да əр өлкенің
өзіндік репертуар, жыр айту, мақамдық
ерекшелігі бар екені, ал оларды тудыру, қалып-
тастыру, дамытуда əртүрлі жыршылық, жырау-
лық мектептер өз қолтаңбасын қалдырғандығы
көбіне көзден таса қала береді. Оның бірінші
себебі ұлан байтақ өлкеміздегі
жыршылық мек-
тептердің өзіндік репертуары, мақамдық ерек-
шелігі, қалыптасу дəстүрі арнайы сөз болма-
ғандықтан секілді.
Жалпы, қазақ фольклористикасында жы-
раулық, жыршылық мектептер тек эпостарды,
айтушыларды зерттегенде сөз арасында ғана
айтылып келеді.
Бірақ ғалымдардың көпшілігі жыр айту
мектептерін арнайы зерттеу объектісі етпе-
гендіктен көбіне назарларын жыр айту мектеп-
терінің таралу аймағы, өкілдері, кейбірінің ре-
пертуары дегенге ғана аударған. Ал əр
мектептің репертуар ерекшелігі, ортақтығы,
жыр айту дəстүрінің өзіндік жəне ортақ сипат-
тары, əр мектептің айтушыларының толық өмір-
баяны, репертуары, бар мектепке ортақ жыр-
лардың нұсқалық ерекшелігі деген фоль-
клорист ғалымдардың зерттеуін күтіп тұрса, əр
мектептің өзіндік жəне ортақ жыр айту сазы
(мақамы) деген музыка зерттеушілерінің көңіл
аударуын тосуда. Сондай-ақ түрлі мектептер
ғана емес, бір мектептің ішіндегі бір жырдың
əртүрлі нұсқаларының айырмашылығы, ұқсас-
тығы деген де бір монографияға жүк боларлық
проблема. Біз сондықтан да жыршылық
мектепті сөз еткенде негізінен көңілді белгілі
белгілі жыр айту дəстүрінің таралу аймағы,
репертуар ерекшелігі, жыр айту саздарының
даралығы жəне əр мектептің өкілдерінің толық
репертуарын, өміртарихын анықтауға жəне
олардың қазақ эпикалық дəстүрін қалыптас-
тырудағы орнын анықтауға бөлуді жөн көрдік.
|