Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет32/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
26 
болсақ деген асқақ арманы менмұндалап бой 
көрсетеді.
Тарихи 
деректер 
Кенесарының 
мал 
шаруашылығымен айналысатын аудандарынан 
«зекет», егінші қауымнан «үшір» алып 
отырғанын айтады. Ал А.Ф. Рязанов «Восстания 
Кенесары Касымова (1837-1847)» атты тарихи 
очеркінде хан Кенені зекет жинауға итер-
мелеген басты себептердің біріне тоқталады: 
«...Вследствие затрудненных перекочевок с 
места на место, они были лишены возможности 
иметь большие стада мелкого скота, сос-
тавляющих 
богатство 
кочевников. 
Они 
лишились своего имущество и не имели даже 
достаточного количества кибиток, которые 
составляли излишний груз при постоянных 
перекочёвках. При таком состоянии хозяйства 
они не могли существовать за собственный 
счет. Почему Кенесары для продовольствия их 
был принужден прибегнуть у сбору хякета с 
соседних казахов; он разослал для этой цели во 
все роды своих есаулов» [4, 31]. 
Қоғамда қандай жағдай орын тепсе де хан 
Кене зекет алу барысында белгілі жүйеге иек 
артқан. Мəселен, қырыққа жетпеген мал 
басынан зекет алынбаған, қырықтан жүзге 
дейінгі отардан бір мал, одан ары қарай қырық 
малдан бір бас алып отырған. Кенесарының 
жақтастары мен патша тыңшыларының мəліметі 
зекет алудың осы үлгісі хан ордасында қаланған 
тəртіп екендігін мақұлдайды. Демек, ілгеріде 
көрсетілгендей, 100-ден 4, мыңнан қырық емес, 
40-тан 1, мыңнан жиырма бес болуға тиіс. Ал 
жырдың соңғы нұсқасында 100-ден 10, мыңнан 
жүз деп тіпті асырып жіберген [5, 292]. 
Бір қызығы, екінші нұсқада Байтабын 
батырдың Жаппас жұртын жиып, хан Кене 
атынан айтатын насихат сөзі түгелдей түсіп 
қалған. Мұнда Наурызбайдың тапсыруымен 
зекет жия келген Байтабын тоқсанға шыққан 
Төлеген қарияға дүрсе қоя береді. Егер хан 
жарлығын орындамасаңдар, «сойқандап кете-
міз» деп қорқытады. Ақын осы жерде бастапқы 
нұсқадағы Өтеген ақсақалды тоқсандағы Төле-
генге ауыстырып қана қоймай, оны Жанғабыл 
бидің əкесі еді дейді. Автордың Байтабын сөзін 
соңғы нұсқаға енгізбей қоюуы, оны тұтастай 
жыр мəтінінен кертіп алып тастауы тегін емес
əрине. Байтабын сияқты «қарақшы, ұры-
қарыға» лайық іс қылсын, оның дөкір, қыңыр-
қисық қылығы жыр басынан көріне берсін 
дегені.
Екінші нұсқадағы тағы бір елеулі өзгеріс – 
алдыңғы вариантта байқалмаған жаңа кейіп-
керлердің төбе көрсетуі. Мұндағы қосалқы 
кейіпкердің бірі – Қарға. Ол шығармада 
Байтабын ауыл үстінен мылтық атып, керекті 
малын күшпен алмақ боп жатқанда пайда 
болады. Наурызбайдан араша сұрап: «Бетіңе 
келер жан жоқ, керегіңді ала бер. Ауылда 
Жанғабыл болмаса да, елді өзім көндірем», - 
дейді. Сөз арасында хан Кенеге тарту еткен 
бозтарлан атын да еске салып қояды. Жасауыл-
дарға сауық-сайран құрып, дымын білдірмей 
қызмет көрсетушілерге ұйытқы болып жүрген 
де осы Қарға. Ол – Торғай өңіріне кеңінен мəлім, 
тоқымы кеппеген атақты ұры. М. Сералиннің 
поэмасында:
Арқада Көкбурылдай жүйрік бар ма? 
Ат болған би Наурызбай деген нарға. 
Көкбурыл ат Наурызбайдан ұрлап алып, 
Кенеге тарту қылған үңгіт Қарға,- 
деген
жолдар бар. «Осындағы «үңгіт Қарға» 
тіркесін «Ұңғыт Қарға» деп оқып, Кенесарының 
төңірегіндегілердің бəрі ұры-қары, берекесіз 
адамдар еді, өзі солардың əкелген тарту-
таралғысынан бас тартпайтын да дейтін бол-
жамдар жасалып келгені рас. Ал, шындығында, 
үңгіт деген елдің, рудың аты еді де, Қарға 
дейтін сол елден шыққан белгілі жортарман 
кісінің есімі болатын» [6, 301-302]. 
Н.Ахметбековтің «Қарға» аталатын белгілі 
дастанының басты кейіпкері де - осы Қарға. Ол 
дастанда Қарғаның Ұлы жүз жеріндегі біреуге 
айттырылған Гүлсін атты қалыңдығын қалай 
алдап қолға түсіргені, кейін сол қызды өзіне 
қалай жар қылып, бақытты ғұмыр кешкені 
туралы баяндалады. Бірақ оның Жа-сауыл 
қырған ісіне қаншалықты қатысы бары ол 
шығармада айтылмайды. 
Міне, осылай бірнеше шығармаға кейіп-кер 
болып үлгерген Қарғаның «Жасауыл қыр- 
ғыны» поэмасындағы басты кейіпкер Жаңғабыл 
Төлегеновтің қасынан табылуы,оның Кенесары 
жасауылдарын алдап-арбап тұзаққа түсіруі, 
қарусыз сарбаздарды өлтіруге қатысуы кім-
кімді де сендірмейді. Бұл өзі көркемдік талап-
тардан туған шешім емес. 
Бастапқы нұсқадағыдай Жанғабыл жалғыз 
болмасын, қасында халықтың өкілі, көпке мəлім 
Қарға жүрсін деген таптық көзқарастан туған 
саяси- идеологиялық мақсат-мұраттың жемісі. 
Мұның астарында Жанғабылды қалың бұқара 
қолдады, ал жасауылдар қазасы – сол халықтың 
үкімі деген ой жатыр. 
ƏДЕБИЕТ 
1. Ахметбеков Н. Жасауыл қырған.- ҒА ОҒК 1291 б.1 дəп. 
2. Шипин О. Иман батыр.- ҒА ОҒК 1339 б.19дəп. 
3. Қараев Қ. Кенесары-Наурызбай.-ҒА ОҒК 1338б. 13 дəп. 
4. Рязанов А.Ф. Восстания Кенесары Касымова (1837-184. 
- Алматы,1992. 
5. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. - 
Алматы, 1993.
6. Тілепов Ж. Тарих жəне əдебиет. - Алматы, 2001.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет