Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет28/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
23 
басылып та, қолжазба күйінде де жалпақ қазақ 
даласына кеңінен таралып, қазақ даласының 
рухани өсуіне ерекше ықпал еткені белгілі. 
Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы ту-ралы сөз 
болғанда, «Қазақ Совет Энциклопедиясында» 
берілген “қазақтың ауыз əдебиеті үлгілерін 
жинаушы, бастырып таратушы, насихаттаушы, 
əйгілі ақын” дегеннен əрі аса алмаймыз. 
Себебі, ақынның өмірі мен шығармалары түрлі 
себептерге байланысты қазақ əдебиеті тари-
хынан қағыс қалды жəне оның еңбектері 
ойдағыдай бағаланбады. Жүсіпбектің есімі 
Шыңжандағы жазба қазақ əдебиетінің негізін 
қалаушылардың бірі ретінде де аталады. 
Жүсіпбек соңғы өмірінде көптеген əдеби 
шығармалар жазғанымен олардың дені бүгінгі 
күнде қолға толығымен жеткені саусақпен 
санарлықтай. 
Аман 
қалғандары 
кейінгі 
жылдары ғана халық арасынан жиналып жеке 
кітап болып шыға бастады. Ақын Жүсіпбек 
қожа Шайхисламұлының қазақ əдебиетінде 
өзіндік орны бар. Оның жазып қалдырған 
еңбегі ұшан-теңіз. Десек те, оның шығар-
маларына көңіл бөлініп, арнайы зерттел-мей 
келеді. Ақын өмірі туралы ғалымдардың пікірі 
де ұштаспай жүргені белгілі. Ал шығар-
машылығы зерттеуді қажет етіп тұрған құнды 
дүние. Біз Жүсіпбекті қазақ жазба əдебиетінің 
негізін салушылардың қатарында қарауымыз 
керек. 
Жүсіпбек Шайхисламұлы қазіргі Жамбыл 
облысының орталығы Тараз қаласының 
маңында дүниеге келген. Кейінгі жылдардағы 
зерттеулерде 
ақынның 
туған 
мен 
ғұ-
мырнамалық даталарына байланысты керағар 
тұжырымдар айтылып келеді. Бұл орайда, 
Жүсіпбек туралы соңғы жылдары зерттеу 
жүргізген С. Дəуітұлы мəліметтеріне жүгінсек, 
ақын Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы 1854 
жылы Оңтүстік Қазақ-станның Сыр бойында, 
яғни Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм 
ауданы, Қожатоғай аулында туып, 1936 жылы 
Шыңжан өлкесі, Іле облысы, Аттың тауы деп 
аталатын жерде қайтыс болған сыңайлы. 
Сонымен қоса осы мəліметтер “Қазақ 
ақындарының антологиясында”С. Дəуітұлы 
айтқан даталары қайталанған. Ал М.Ғұмарова 
мен Н. Катанов зерттеулерінде жəне “Қазақ 
Совет энциклопедиясында” 1857-1936 жылдар 
аралығы көрсетіліп, Жетісуда туылғаны ай-
тылады. Ақын мұраларын зерттеп, ерекше 
көңіл бөлген С.Дəуітовтің ақын өмірі туралы 
жария еткен пікірлеріне назар аудармай кетуге 
болмас. Ол өз сөзінде: Жүсіпбек ақынның ауыз 
əдебиетін жинап, жарыққа шығарудағы еңбегі 
ерекше. Ол Қазан революциясына дейін де, 
одан кейін де əлденеше дастан, қисса, лиро-
эпос жыры, айтыс өлеңдерін жинақтап, жеке-
жеке кітап етіп жариялаған. Ғасырлар бойы ел 
есінде ұмытылмай сақталып келген асыл 
дүниелерді тауып, оны ерінбей-жалықпай 
хатқа түсіру, қайта жырлап өңдеу дегеннің өзі 
қаншама жұмыс екенін айтып жеткізу қиын. 
Осыншама қыруар еңбегі бар Жүсіпбек кім, 
қай жерде дүниеге келіп, қай жерде қандай 
қызмет атқарып, қай жерде қайтыс болған 
деген сұрақ көпшілігін біраздан бері мазалап 
келгені белгілі.Ал, Қазақ энциклопедиясында: 
«Жүсіпбек қожа қазақ ақыны, қазақтың ауыз 
əдебиет үлгілерін жинаушы, бастырып тара-
тушы, насихаттаушы» дегеннен əрі аспайды. 
Ата тегі дін иесі – қожа руынан. Жүсіпбек өзі 
жөнінде “Жүсіпбек Қожаның Лəзипа қызбен 
айтысы” атты шығармасында былай дейді: 
Шайхислам əкем аты, мен Жүсіпбек 
Сəулетті пайғамбардың нəсілімін. 
Осылайша жырлау арқылы өзінің қожа 
тұқымынан екенін білдіреді. Ұқсас тұжы-
рымды ақын Шөкей қызбен айтысында да 
қуаттағандай болады: 
Шайхислам əкем аты, мен – Жүсіпбек, 
Осы елді іздеп келдім нағашым деп.
Əулеті Пайғамбардың – нəсілім қожа, 
Жүруші ем жаман қызды баса көктеп. 
Ахметбек Кіршібаевтың еңбегінде ақын-
ның ұлы жүз, оның ішінде дулатқа жататыны 
тайға таңба басқандай көрсетілген. 
Ақын өмірінің екінші бір кезеңі 1916 
жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінен бастау 
алады. Осы дүрбелең ақынның Қытай асуына 
себепші болған. Алайда ақынның сол кездегі 
қазақтың бетке ұстар ұлт зиялыларының 
қатарынан орын алғаны сөзсіз. Бірақ бұл 
жөнінде нақты нанымды дерек жоқ. Сол тұста 
дінді, имандылықты жаппай наси-хаттап, 
орыстың отарлау саясатына қарсы тұрып, өзіне 
келген қатерді күні ілгері сезіп, орыс 
қудалауына ұшыраған елмен бірге Қытай 
асқан болуы да мүмкін. Ақынның тура 1916 
жылы Қытай асып қоныстануы жайдан - жай 
емес. Қытайдың Іле өңіріндегі қазақтар 
ауылына ат басын тіреген ақын өмірінің 
соңына дейін осында тұрады. Мұнда ол оқу-
ағарту ісімен айналысады. Мектеп ашып, 
халықтың сауаты мен мəдени түсініктерін 
дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Іле аймағының 
Текес ауданына қарасты Қамыстыбұлақ деген 
жерінде мектеп ашады. 1935 жылы Текес 
аудандық 
қазақ-қырғыз 
мəдени 
ағарту 
бөлімшесі ашқан мектепте мүдір қызметін 
атқарады. Жасының ұлғайып, денсау-лығының 
нашарлауына да қарамастан, сахарада жас 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет