Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет36/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
30 
бір қырларынан ашылуы біздің Абайымыз
мəңгілік Абайымыз, əр заманда оның өзіндік 
төл Абайы болады дейтініміз де сондықтан 
болса керек. 
Роман-хамса əрқайсысы өз өрісімен дамып, 
өзгеше тынысын тауып отыратын бес бөлімнен, 
яғни бес кітаптан тұрады. Əрқайсы-сының дем-
тынысы өзінде, бас-аяғы бүтін дербес хикая. 
Олардағы оқиға өзегін ұстап тұрған негізгі 
кейіпкерлері кітап тақырыбының астында 
жақшаға 
алып 
көрсетілген: 
1. 
«Толғақ 
(Кенесары - Құнанбай - Қодар)»; 2. «Жұлдыз 
құрбандық (Шоқан, Достоевский, Құдайберді)»; 
3. «Қызғаныш (Халиолла, Михаэлис, Шəкəрім)»; 
4. «Хақиқат мекені (Саққұлақ шешен, Мұса 
мырза, Долгополов)»; 5. «Нұрсипат (Мəшһүр 
Жүсіп, Əлихан Бөкейханов, Мағауия)». Жақша 
ішінде аты аталған адамдардың бəрі де тарихи 
тұлғалар. Олардың бірсыпырасы Абайдан 
бұрынырақ өмір сүрген, яғни өмірге одан 
ертерек келген. Бірақ ескінің көзіндей болып 
Абай заманына дейін жеткен солардың 
əрқайсысында, олар-дың ісі мен сөзінде 
алдыңғы заманның, яғни ғасырдың алғашқы 
жартысындағы оқи-ғалардың жаңғырығы бар. 
Ал қалғандары болса, Абайдың өз тұстастары
ғасырдың екінші жартысында жасаған, сол 
кезеңнің өз өкілдері. Сөйтіп, бұл роман-хамсада 
Абайдың өзі өмір кешкен соңғы елу жыл ғана 
емес, бүкіл ХІХ ғасырдың дем-тынысы бар. Осы 
бес кітаптағы баяндалатын оқиғалардың бар-
лығына ортақ өзек те, ондағы адамдардың 
бірімен-бірін байланыстырып отыратын дəне-
кер де, оларды бір кітаптан екінші кітапқа 
ауыстырып отыратын өткел де – Абай, соның 
өмірі. Өткен ғасырдағы үш алыбымыз, үш 
арысымыз Ыбырай, Шоқан, Абай үшеуінің жас 
шамасы деңгейлес бола тұрып, олардың қазақ 
даласының бір өңірінде туып, бірін-бірі көрмей-
білмей кеткені біз үшін орны толмайтын өкініш 
еді. Бұл жай ғана өкініш емес, тағдырдың өзі 
маңдайымызға жазып тұрып, таңдайымызға 
татырмаған, құдайдың өзі беріп тұрып, 
пешенемізге бұйырмай кеткен сыбағамыз. 
Əсіресе, қазіргі Қостанай облысының жерінде, 
бір ғана Тобыл мен Обаған өзендерінің 
арасында туып, бірімен-бірі кездесе алмаған 
Ыбырай 
мен 
Шоқан 
немесе 
Семейдің 
топырағын қатар басып жүріп, бірін-бірі 
сырттай ести жүріп жүздесе алмаған Шоқан мен 
Абай араларында айтылмай кеткен сөздер біздің 
аузымыздан жырылып түскен несібеміз еді. 
Профессор Рымғали Нұрғалидің пікірінің ізімен 
айтар болсақ; Рамазан Тоқтаров осы романында 
əлгі оқпандай олқы-лықтың бір қуысын толтыра 
білген. Ол Абай мен Шоқанды кездестіреді. Бір 
емес, үш мəрте. Алғашында кадет корпусын 
бітірген жас офицер Шоқан əкесімен бірге 
Құнанбай ауылына келеді. Сонда алғыр дарыны 
мен зерек зейінін аңғарған он жасар Абайды 
ұнатып қалып, келесі жылы Семей медресесіне 
əдейі іздеп барады. Қасында досы Достоев-ский 
бар. Үшінші жолы Шоқан Атбасарда болыс 
сайлауына түсіп жатқанда Абай əкесіне еріп 
барып жүздеседі. Осының үшеуінде де 
Шоқанның Абайға аңқылдаған ақ көңілден 
айтқан ағалық ақылы мен тілегі: «оқы, ғылымға 
тереңдеп сүңгі, сонда өмірге көзің ашылады. 
Ақындық өнеріңді дамыта бер, əбден ойланып 
барып, қағазға түсіріп жаз, сонда, өлмейтін 
өнерің ұрпақтарға қалады» дейді. Осы ақыл 
Абайдың бүкіл өмір бойына көкейінде мəңгілік 
орнап қалған өсиет сөздері болады да, 
Шоқанның жарқын бейнесі мұның көз алдында 
асқан адамгершіліктің үлгісі ретінде үнемі елес 
беріп жүреді. Өмірде кез-деспесе де кездесуі 
əбден мүмкін адамдардың бір-біріне ыстық 
ықыласын осылай шындыққа айналдырған 
жазушы қиялы барынша құр-меттеуге əбден 
лайық секілді. 
Жас Абайға осы үшеуінен кейін қатты əсер 
еткен бір адам – ел ішінде Шайхы атанып 
кеткен Дəулетбай қажы. Ол мұсылманша терең 
білімді, Шығыс ғұламалары мен ақындарының 
мұрасына жетік жəне сол білгенін халықтың 
игілігіне қалтқысыз жұмсап жүрген бір елгезек, 
жанкешті кісі. Сол Шайхы ата Абайдың 
медреседе оқып жүргенде Шығыстың жеті 
жұлдызын өзіне пір санап, солардан медет тілеп 
жазған бір шумақ өлеңінен Шəмсиді ерекше 
бөліп алып, сол жайында Абайға көп-көп əңгіме 
айтады. Толық ныспысы Шəмсиден Гебризи 
атанған бұл ғұлама кезінде Жəлелдин Ұрыми 
сынды əйгілі ақынды тəрбиелеп шығарғанын 
жырдай қылып баяндайды. Өлер алдында өзі 
Абайға дəл сондай ұстаз табуды, ондай адам 
кездесе қалса, ұлтына, нəсіліне, тіліне, дініне 
қарамай, шынайы жебеушім деп қабыл алуды 
өсиет етеді. Көп ұзамай, дəл сондай ғұлама 
бұған нəсіп болатынын болжап айтады. 
Айтқандай-ақ, Абайға ондай ұстаз кездеседі. Ол 
- Евгений Михаэлис. «Дүниеге көзімді ашқан 
Миха-элис»,- деп Абайдың өзі мойындаған бұл 
кісінің ақынға деген шынайы достық ықыласы 
мен білімдарлық ыждаһаты романда мейлінше 
сыпайы ізеттілікпен өте тартымды суреттеледі. 
Жалғыз Михаэлис емес, одан бұрын-соңды 
таныс-біліс болған орыстың зиялы адамдары, 
атап айтқанда, сол Михаэлиспен рухани туыс 
Долгополов, Гросс, Коншиндерден бастап, əр-
түрлі лауазымдағы интеллигент шенеуніктер: 
заңгер Лосовский, ояз бастығы Измаилов
генералдар Цеклинский, Колпаковский, белгілі 
ғалым Потаниндерге дейін əрқайсысы өз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет