Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет31/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
25 
Кенесары ауылдарының 1844 жылдың күзі мен 
қысында Қарақұмда болғанын мəлімдейді. 
Жалпы, 1845 жылға 
дейін 
ұлт-азаттық 
көтерілісінің орталығы Ұлытау, Торғай, Ырғыз, 
Сыр аралығы болғаны белгілі. Ендеше, жыр 
желісіндегі деректер тарихи шындықтан алшақ 
емес. Жыр хан көшінің бағытын, уақиғаның 
өткен уақытын дəл көрсетеді. Соңғы нұсқада 
хан Кененің Наурызбайды Барақ пен Баспақ 
сордан күтіп алып, əрі қарай Ақсу, Самсы аспақ 
ойлары əшкере болады. Дегенмен осы айғақтың 
өзі де Кенесары қолы соғысқан атыраптың 
аумақтылығын аңғартады.
Жалпы 
жыр 
экспозициясында 
Кене-
сарының үстем тап өкілі екендігі, оның кедей-
кепшікке менсінбей қарайтындығы қағыс 
қалмайды. Ақын өзіне таныс өңірдің табиғатын 
суреттей отырып, тарихи – этнографиялық 
фонның астарында Кенесарының Қошалақ, 
Қарасайды жайлап, елден сый-сияпат алып 
алысқа барымташылар аттандырып, көп жылқы 
алдырғанын айтып үлгереді. Осы үзінді арқылы 
халық үстінен күн көрген тойымсыз хан 
тұқымының болмыс-бітімін шағын деталь 
арқылы кескіндемек болады. Хан Кене 
шығармадағы негізгі оқиғаларға қатыспайды, 
бірақ соның өзінде оның барлық оқиғаның 
басты ұйытқысы екенін аңғармау мүмкін емес.
Сонымен хан көші Торғай өңірінен ұзап кете 
барады да, Наурызбай бастаған жүз жігіт зекет 
жинамақ болып, Алшын Жаппас руының келуін 
күтіп қала береді. 
Наурызбай төре Жанғабыл Төлегеновке 
қарасты Жаппас руынан зекет жинауға 
Байтабын батырды жұмсай отырып: «онда бар-
ғанда жұртты ұйытар сөзіңді ақылға, насихатқа 
негізде, ал айтқанға көнбейтіндей, айдағанға 
жүрмейтіндей сыңай танытса, қайтеріңді ес-
кертіп қой», - дейді. Сонда Байтабынның 
Жаппастың басты адамдарын жинап айтқан сөзі 
мынау екен: 
Бересің үшкір зекет мал басына, 
Туралық етем деген Алласына. 
Шариғат хан жарлығы, сізге уəжіп, 
Жұмсайды пақыр, міскін пайдасына. 
Панасыз жетім, жесір, соқыр, ақсақ, 
Орынсыз аштан өліп қалмасына. 
Өзіңнің отаныңды жаудан қорғау 
Жеткізбек қару-қапшық жолдасына. 
Тағы сол қаражат пен ғылым таппақ, 
Өнермен бұқараның шамын жақпақ. 
Жүзден-төрт, мыңнан-қырық зекет алмақ, 
Ханыңның тəртібі осы берген шақтап [1]. 
Бірақ Қоқан ханы мен Ресей үкіметіне 
бағынышты Жанғабыл ауылының ақсақалы 
Өтеген қария Кенесары ханға зекет бере 
алмайтынын, ауылда Жанғабыл бидің жоқ 
екенін айтып бір жылға мəулет сұрайды. Ауыл 
ақсақалының хан жарлығынан бас тартып, зекет 
бермеуге айналғаны Байтабынның ызасын 
келтіреді. Бұл жұрттың ниеті бұзылғанын 
Наурызбай төреге жеткізіп барады. Жаугершілік 
заманда қояуы кеткен істің не сөзбен, не 
қарудың күшімен шешілетіні мəлім. Наурызбай 
Жанғабылға қарасты Жаппас ауылдарының 
үстінен мылтық атып, ел-жұрттың зəресін 
алады. Көп ұзамай мəн-жайды аңғарған ауыл 
азаматтары 
«Жаздық, 
жаңылдық» 
деп 
Наурызбайдан кешірім өтініп, зекет төлемекке 
келісім береді.
Байтабынның Жанғабыл ауылдарына айтқан 
насихат сөзімен үндес мəтіндер «Жас-ауыл 
қырған» оқиғасын баяндайтын О.Шипин-нің 
«Иман батыр» [2] жырында, Қ. Қараев 
жырлаған «Топжарғанда»
[3] 
кездеседі. 
Кейінгі жырлардың мəтіндерінде сапалы 
өзгерістер боллғанымен, олардың мазмұнында 
пəлендей айырма жоқ. Екі автор да бұл сөздерді 
Жанғабыл жұртына зекет жинай келген Кене-
сары жасауылдарына айтқызады. Мұны, əрине, 
кездейсоқ сəйкестік деп айта алмаймыз. Бұл 
жолдар «Жасауыл қырған» оқиғасын көзімен 
көрген алғашқы орындаушыдан қалған маңызды 
дерек болуы мүмкін. Қалай десек те аталмыш 
жыр жолдары Кенесары жасауылдарының ел 
шабатын ниетте болмағанын көрсетеді. 
Алғашқы нұсқадағы Байтабын сөзінің жыр 
желісіне жайдан-жай еніп отырмағаны анық. 
Жырды не тарихи аңыз - əңгімені айтып, 
таратушылар елден зекет жинауға келген 
Кенесары жасауылдарының атқарып жүрген 
қызметімен жақсы таныс болған. Тарихи 
мəліметтер жасауылдарға Қасым ұрпағына 
қарасты рулардың көші-қон мəселесін реттеу 
мен зекет, салық жинаудан басқа хан Кененің ел 
үшін атқарып жүрген істерінің мəн-маңызын 
қарапайым халыққа түсіндіру сияқты жауапты 
жұмыстар жүктелгенін растайды. Ал жырдағы 
көрініс хан тапсырмасымен ел ішінен шыққан 
зекетшілердің 
қалыпты 
тəртіпке 
бағын-
ғандығының, сонымен қатар хан ордасында 
дипломатиялық корпустың əбден орнық-қанды-
ғының дəлелі. 
Əрине, Байтабын сөзінде Кенесары ханның 
ұстанымы, бағыт-бағдары көрініс тапқан. Онда 
елден жиналған зекеттің əскер ұстауға, оны 
қару-жарақпен, ат-көлікпен, тағы да басқа түрлі 
жабдықтармен қамтамасыз етуге қажет екендігі 
айтылған. 
Ал 
əскер 
патша 
өкіметінің 
қыспағынан, Қоқанның зорлығынан азат болып, 
тəуелсіздікке қол жеткізу үшін керек екендігі 
белгілі. Оның астарында Кенесарының ешбір 
жат жұрттыққа бой алдырмайтын еңселі ел 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет