Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)



Pdf көрінісі
бет5/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Есқалиева Б. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті 
Мужигова Г. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты 
 
Оралбек А. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті 
 


 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 

АБАЙТАНУ 
 
 

И.Жеменей 
АБАЙ ЖƏНЕ ƏЛ-ФАРАБИ 
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Абайдың рухани əлемі. Абай жəне ислам 
философиясы. Абай жəне əл-Фараби. Абай жəне дəстүрлі қазақ мəдениеті. 
Тірек сөздер. Абай, рухани əлем, ислам, философия, əл-Фараби, дəстүрлі мəдениет. 
И.Жеменей 
АБАЙ И АЛЬ-ФАРАБИ 
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Духовный мир Абая. Абай и исламская философия. 
Абай и аль-Фараби. Абай и традиционная казахская культура. 
Ключевые слова:Абай, духовный мир, ислам, философия, аль-Фараби, традиционная культура. 
 
I.Zhemenei 
ABAI AND AL-FARABI 
Abstract. The issues dealt in this article.
 
The spiritual world of Abai. Abai and Islamic philosophy. Abai and 
traditional Kazakh culture.
 
Keywords. Abai, spiritual world, islam, philosophy, al-Farabi, traditional culture.
 
 
Абай қазақ халқының күйреген саяси 
жүйесі мен жаңа саяси жүйесі арасына алтын 
көпір болып қаланды. Көшпелі руханиятын 
отырықшы руханиятпен сəтті жалғастырды. 
Шығыстық қымбат қазынасын батыстық 
өркениетпен ұштастырды. Исламдық таза-
лықты кертартпа ұғымдардан аршып алды. Өз 
тарихының тереңдегі тамырларынан, жаһан-
дық ислам дүниетанымынан сусындап, қазақ 
халқының жарқын келешегіне, ой-санасының 
оянуына жанған шамшырақ болды. Терең 
ойларымен қазақ халқы ның тарихи сана-
сының, рухани қазынасының əлемдік деңгейге 
көтерілуіне мүмкіндік туғызды. Алаш қайрат-
керлерінің рухани бұлағы бола білді. Бір өзі 
ұлттық саяси элита, ұлттық буржуазиялық 
элита, ұлттық зиялы элита рөлін атқарды. 
Оның ең жарқын айғағы Абайдың өмір жолы
сөздік қоры əлі де болса қазақ халқын алға 
жетелейтінінде. Сондықтан не нəрсе Абайды 
жылатты? Не нəрсе Абайдың жанын от болып 
күйдірді? Содан қазақ аулақ болса, Алланың 
берген нығметіне шүкіршілік жасағаны болар 
еді. Өткен тарихымызды жырлап, жылап өткен 
Абайдың да о дүниеде рухы шаттанар еді. 
Абай «жалпы халық арасында рет білген 
кісілердің жоқтығынан ел жүдеп-жадап, кім 
болса соның аузына қарап, жөнін біле алмай 
аңырайып» [1, 24] жүрген кезеңде тарих сана-
сында пайда болды. Оның саналық сəулесі 
отаршыл саяси күштерді қазақтың сана қуа-
тымен санасуға мəжбүр етті. Қазақ хандығы 
құрдымға кеткен шақта жаңа саяси жүйенің 
идеясына бастама болды. Өйткені бір халық-
тың бір тұлғасы құтқа айналса, атырабын-
дағыларға сəулесін шашып, оларға нəр бере 
алатын қуатқа ие бола алады. Алла сүйген 
халқына рухани сəулесінен үлес беру үшін 
рухани қуаты мол жандардың дүниеге келуіне 
жағдай жасайды. Содан болар, шоғырлы 
жұлдыздар – Ахмет Байтұрсынұлы, Шəкəрім 
Құдайбердіұлы, Əлихан Бөкейхан, Міржақып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет