Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет6/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 

Дулат, Халел Досмұхаммед, Мағжан Жұмабай, 
Тұрар Рысқұл сынды көрнекті қайраткерлер 
қазақ даласының саяси-рухани сардарлары 
болды. Олар Абайдай алып бəйтеректің тамы-
рынан нəр алып, қанат жайған бұтақтары мен 
жапырақтарына айналды. Абайдың рухани 
бұлағынан сусындады . 
Абайдың тарихи кезеңнің екі ұшты саяси 
дəуірінде өмір сүргені əл-Фараби бабасының 
тағдырымен ұқсас. Себебі əл-Фараби түр-
кілердің исламиятты енді-енді мойындап, жаңа 
саяси жүйеге ауысып жатқанда өмір сүрді, 
əлем кеңістігінде жаңа ой жүйесінің қалып-
тасуына негіз қалады. 
Абай шығыстық һəм батыстық дүниетаным 
бұлақтарынан нəр алып, Əбу Насыр əл-
Фарабидің (870-940) білім мен ғылым мектебін 
қайталады. Абайдың шығысы əл-Фарабидің 
мектебі болды. Ол сол рухани кеңістіктен нəр 
алды. Бұл жөнінде профессор Мекемтас 
Мырзахметұлы «Əбу Насыр əл-Фараби мен 
Абай пікіріндегі кейбір сабақтастықтардың 
болмысына назар аударып, пікір сарабына 
салғанда, алдымен, əрине, қазақ жерінің ұлы 
екі ойшылының көзқарастары мен танымын-
дағы ұқсас жақтары бөлекше сөз етілмек. Абай 
шығармаларындағы ой желісінің нəр алар 
рухани көздерін өзі сілтеп отырған тура жəне 
жанама деректермен салыстыра отырып аша 
алсақ қана, көздеген мақсатқа біршама жақын-
дай түспекпіз. Бұл іспеттес жанама деректер 
көзінің біріне ұлы ғұлама əл-Фараби мен Абай 
мұраларындағы ой желісінде орын алған пікір 
сабақтастығын да жатқызар едік» [2, 93], - деп 
жазды. 
Абай өлеңінің мынадай бір шумағын оқы-
ғанда, онда кейбір қателер бардай болып көрінеді: 
Ақылға сыймас ол Алла, 
Тағрипқа тілім қысқа аһ! 
Барлығына шүбəсіз, 
Неге мəужүт ол куə [3, 98-99].
Сонымен қатар Абай жəне əл-Фараби 
арасында ой сабақтастығы бар ма екен деген 
пікірге келдік. Өйткені кітапта «неге мəужүт 
ол куə» деп берілген. Меніңше, «куə» сөзі 
дұрыс емес. Шындығында, «қуа» болу керек. 
Сондықтан шумақтағы «куə» сөзін «қуа» сөзі-
мен алмастырсақ, Абайдың шумағындағы бел-
гісіз ұғым түсінікті философиялық оймен 
сабақтасады. Сөйтіп, мəтіннің көшірмедегі қа-
телігі дұрысталып, қалпына келеді: 
Ақылға сыймас ол Алла, 
Тағрипқа тілім қысқа аһ! 
Барлығына шүбəсіз, 
Неге мəужүт ол қуа. 
Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын, оны 
да ойла» деуінің астарында жатқан ой, 
меніңше, өте маңызды, өзекті. Ақын ислам фи-
лософиясын терең білді, бірақ сол кезеңнің 
құбылмалы саяси-қоғамдық, мəдени-əлеу-
меттік ахуалына орай исламдық дүние-
танымын əрі қарай кеңінен таратып айтуға 
ыңғайы болмағандығын сезді. Сондықтан 
ислам ілімінің негізгі ой-өрісінің терминдерін, 
жалпы ислами дүниетанымын сипаттап айтуды 
қанағат тұтты. Əрісін келешек ұрпаққа аманат 
етті. Сөйтіп, қазақ ғылымында қазақтың 
дүниетанымының, діни-ислами болмысының 
зерттелуі замана талабына сай өміршең екенін 
«жұмбақтап» айтты. Демек, бұл да болса Абай 
жұмбағының бір қыры еді. Өйткені Абайдың 
ұғымында Алланы ақылмен ұға алмаймыз. 
Сондықтан да Алланы тілге алып түсіндіру 
мүмкін емес-ті. Кейінгі өлең жолында 
«барлығына шүбəсіз, неге мəужүт ол қуа» 
дейді. Демек, ақыл Алланың адамзатқа сый-
лаған тартуы бола тұра, Алланы толық ұға 
білмесе де, оның болғаны, атқара алатұғын 
кейбір міндеттері бар екенін аңғартады. Мұны 
не дейміз? Ол не? Ол – ақылдың пайымдағыш, 
ұға алатұғын қуаты. Əлемінің аясын түсінуіміз 
үшін ақыл күшінің шеңберін тануға тиіспіз деп 
үндейді Абай. Ақылдың қуаттылығы оның қай 
сатыда тұрғандығында екендігін Абай «Неге 
мəужүт ол қуа?» деп ымдайды. Бұл жолдағы 
кілт «қуə» сөзін қолымызға беріп отыр. «Қуа» 
– қуат сөзінің көпше түрі. Яғни қуаттар, 
күштер. Абайдың өлең жолын қарапайым 
тілмен айтар болсақ, мынадай болады: «Неге 
ол күштер бар?» «Қандай міндетті атқаруға 
мұршасы бар?»
Абайдың мұндағы «қуа» сөзі филосо-
фиялық термин ретінде əл-Фараби пəлсапа-
сында бар. Міне, осыдан барып, абайтанушы 
əйгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлының: 
«əл-Фараби мен Абай шығармаларындағы 
пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы 
нəр тартқан рухани көздерінің түп-төркіндерін 
іздегенде, біздіңше, алдымен, екі ұлы ойшыл 
айтатын «жан қуаты» немесе Абайдың өз 
сөзімен атасақ, оның «өзін танымақтық» 
жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару 
қажет болады» [2, 93], - деп жазған 
пайымдауына тоқтау керек. Өйткені «жан 
қуаты» – ауқымы кең, адам жанының күрделі 
болмысына жауап бере алатын күш. Бір сөзбен 
айтқанда, ақылдың адам жанын ұғынарда 
құбылып кететіні бар. Меніңше, Абай Алланы 
өз биігінде ұға алмайтын ақылдың өзі жəй күш 
емес екендігін айтпақ болды. Əйтпесе, ақыл 
адамның соншама құбылмалы күрделі «жан 
дүниесін» қалайша ұқпақ? Міне, бұл «күшті» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет