Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
60
дан туған суреттер де шығарманың көркемдік
болмыс-бітіміне ажар қосып, көрік беріп тұр.
Жазушы басты кейіпкерлердің əрбір ісі мен
əрекетінің, көңіл күйінің шындығын тарихтағы
іргелі оқиғалардың негізгі арнасында суреттеп,
тарихи кезеңнің нақты кеңістігіндегі адам мен
заман болмысын шынайы көрсетеді.
Жазушының суреткерлік даралығын ай-
рықша ашатын көркемдік-эстетикалық жетіс-
тіктерінің бірі өмірдің шындық құбылыс-
тарының тереңдегі мағынасы мен мəнін па-
рықтаудағы шарықтауларында. Осы шарық-
таулардың шегінде тарихтағы Əнет баба өмірі-
нің соңғы бір кезеңінің шындығын пайым-
даудағы шығармашылық шешімнің жолы да,
жөні де ерекше.
Шəкəрім Құдайбердиевтің «Қалқаман-
Мамыр» дастанында өз жұртына қапа болып,
нағашы жұртына кеткен Қалқаманды іздеуге
ел адамдарының “Ақтабан шұбырынды”
жағдайында мүмкіндігі болмағандығы айты-
лады. Одан əрі дастанда мынадай мəлімет бар:
«Ол түгіл Əнет бабаң көшке ере алмай, Тірідей
дөң басында қалған өлмей» [9, 290]. Əнет
бабаның жаудан ығысып бара жатқан елдің
көшіне ілеспей, жұрттағы дөң басында қала
бергені жайындағы мəлімет Шəкəрімнің Шежі-
ресінде де сақталған. Ілияс Есенберлиннің та-
рихи трилогиясында Əнет бабаның елдің көші-
не ере алмай, жұртта қалып қойғаны осы қа-
лыпта көрініс табады. «Елім-ай» трилогия-
сының үшінші кітабында осы оқиға Қаз-
дауысты Қазыбек бидің əңгімесінің желісінде
баяндалады.
Жаудың жауыздығына шыдай алмай жан
сауғалап босқан елдің көшіне Əнет бабаның
өздігінше ілесіп жүре алмағаны шындыққа
қайшы келмейді. Олай дейтін себебіміз, Қал-
қаман-Мамыр дауы тұсында Əнет баба,
Шəкəрім Құдайбердиевтің дастанында беріл-
ген мəлімет бойынша, 95 жаста болса керек.
Жүз жасқа қарай аяқ басқан қарт бидің жаугер-
шілік
жағдайында
да,
бейбіт
тұрмыс
жағдайында да өздігінше көшке ілесіп жүруі
неғайбыл. Əнет бабаның көшкен елдің жұр-
тында төбе басында тірідей қала беруін оның
қар-тайған, аяқ басып жүруге жарамайтын
дəрменсіз күйімен байланысты суреттеудің жа-
зушы үшін де, жазушының шығармасы үшін
де жаттығы жоқ. Мұның өзі, бір жағынан, “Ақ
табан шұбырынды” болған ел тағдырындағы
трагедиялық ахуалды анық, нақты көрсетуде
айрықша қызмет атқарады.
Софы Сматаевтың трилогиясында селдей
қаптап келе жатқан жаудан ығысқан Ошаған
бидің аулының жалпы көрінісі суреттелетін
эпизод бар. Ауылын, туған-туыстарын түгел
көшірген Ошаған би жалғыз өзі жұртта қалуға
бекінеді. Əкесін тірідей жау қолына қалай
қалдырып кетерін білмей жаны қиналған
ұлына Ошаған би мынаны айтады:
«… – Мені жазғырмас. Қашып кетсем, жаз-
ғырар көп. Тауым да, өзенім де, жерошағым
да, тіпті отымның орнындағы күлім де жоқ-
тайды. Мен кетсем, кəрі сүйегімді қайта əкеле
алмаймын. Онан да Алланың ақ бұйрығын осы
арадан күтейін. Еңкейші, Дəуленім, – деп
сөзінің аяғын сыбырлап бітірді. Əлсіз ерін
ұлының маңдайына болар-болмас тиді де, енді
қайтып ашылмай бүрілді де қалды» [І кітап,
283-бет].
Ошаған бидің сөзі кесімді, шешімі берік.
Осы сөзіне байыппен қарағанда, бидің көшкен
аулына ермей, жұртындағы төбе басында
жападан - жалғыз қалып қоя беруінің бірімен-
бірі тығыз байланысты екі себебі бары
байқалады: оның бірі – туған жерін, өскен
ортасын тастап кетуге бидің дəті жетпейді.
Екіншіден, қарт би кəрі сүйегі жат жерде емес,
кіндік қаны тамған туған топырақта қалуын
қалайды. Туған жер туралы берік қалыптасып
қалған қасиетті ұғым, туған жерге деген пер-
зенттік сүйіспеншілік Ошаған биді осындай
шешімге алып келеді.
Енді ілгеріде сөз болған мəліметтермен
мазмұн-мəні жағынан үндес келетін мына бір
оқиғаға көңіл бөліп көрелік. Ш.Уəлиханов
жазып қалдырған аңыз бойынша, қалмақтарға
қарсы бір соғыста қазақтар жағынан Үйсінбай,
Жаңатай, Арқандар деген ағайынды үш жігіт
айрықша қайрат көрсетеді. Арқандар жау
қолынан мерт болады, Үйсінбай мен Жаңатай
бойларын ыза кернеп, жауға қарсы жан аямай
қырғын майдан ашады. Үйсінбай жау жара-
ғынан жарылып қалған ішінен ақтарылып
аяғының басына түскен ішек-қарнын жинап,
түйе жүн шекпенінің етегіне салып алған соң
да жауларын жапыра соғады. Соғыс соңында
сегіз жауынгерімен ғана қалған Жаңатай батыр
баласы Қоқышты шақырып алып, астындағы
тұлпарынан түсіп, оны баласының алдына
көлденең тартады. Тұлпарға мініп тұрған бала-
сына Жаңатай мынадай өсиет айтады: «Елге
жет, жау шебін жарып өт, əйтпесе біз үшін
жаудан кек қайтаратын адам жоқ» [10, 222].
Жаңатай батыр баласын құтқарып, өзі
жауларымен соғыс үстінде ерлікпен қаза та-
бады. Жаңатай батырдың астындағы жан серігі
тұлпарын баласына түсіп беріп, оны елге қай-
таруының түпкі негізінде жатқан ой анық
көрінген: Жаңатай батыр баласының тірі қалу-
ын бірінші тілек етіп тілеуінің себебі өзінің
кегін, елдің кеткен есесін жаудан сол қай-
тарады деп сенгендігінде. Оның үстіне осы
|