Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет79/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
62 
«Ырысбай қолын сермеді. Ыңыранып 
шалқайды. 
– Ну, Жайлаубек, бір коттеджді соншама 
сөз ғып… Аласың! Бергізем! Кемпір-шал 
дегенің дұрыс. Қартайған кісілерге қамқорлық 
қажет» [246-бет]. 
Кеңестік дəуірдің шындығы. Кеңестік 
өмірдің ақиқаты. Осы бір ауыз сөз үй иелерін 
шексіз қуанышқа бөледі.
Ырысекеңнің мұндай уəдесіне дейінгі түрлі 
психологиялық жағдайлар мен басқа сəттер өз 
нəтижесін берді. Мың-сан қарапайым жандар 
өмір бойында да ала алмайтын уəде-шешімге 
Жайлаубек бір-ақ сəтте жетті. Мақтау сөзін, 
ыстық асын, карта ойынын, інісінің қара 
көрсетуін жəне басқа толып жатқан нəзік 
жəйттерді шебер жымдастыру арқылы үлкен 
əкімнің жүрегінен əлгіндегідей үлкен мекен-
жай алды. Толып жатқан ұсақ сəттерді ұтымды 
пайдалана білуі Жай-лаубектің ойлау қабілеті 
мен нақты əрекет ету жүйесінің белгілі 
дəрежедегі күрделілігін, тереңдігін танытады. 
Оның характерін даралайтын белгілердің 
бастысы да осы. 
Ырысекеңнің билігінде, қала көлемінде, 
шек жоқ. Сол қала көлеміндегі шексіз билікті 
мына жерде Жайлаубек өз еркіне иліктіріп 
отыр. Сөйтіп, Ырысекеңнен гөрі Жайлаубектің 
еркі мықты болып шықты. Алайда Ырысекеңді 
билеп-төстеп отырған Жайлаубек емес. Бұ-
ларға үстемдік етуші күш - Ырысекеңнің 
маңына Жайлаубек жасаған я өз маңында 
Ырысекеңнің өзі жасаған жағдай, ахуал. 
«Бұлақ» романында қарама-қайшы көз-
қарастағы адамдардың келесі бір жұбы – 
Сүйелбай мен Маратбек. Сүйелбай ұзақ ау-
рудан төсек тартып, əл үстінде жатқан 
Маратбекке келеді. Колхоздастыру кезінде 
екеуі майданның екі жағында болған. Бір-
біріне жау болып, бетпе-бет кездескен жай-
лары да бар. Бұл айқаста Сүйелбай ескінің 
жоқшысы еді. Кейін ол белсенді болып, 
Маратбектің кейбір адал құрдастарына зиянын 
тигізді. Бəрі де өтіп еді. Енді Маратбек өлер 
халде. Ал Сүйелбай күшейе түскен. Марат-
бектің көңілін сұрай отырып, баласы соғымға 
байлатып қойған ту биесін алып келуге 
шыққанын масаттанып айтады да, сөзінің 
əсерін байқағысы келгендей, алдындағы ауру 
шалға бір, ауру баққан кемпірге бір қадалып 
қарап, сыр бағады. Осы бір сəттік болымсыз 
қылықтың өзі Сүйелбайдың əлдебір оңбаған 
құлығын əшкерелеп тұрғандай болады. Одан 
əрі ол жуырдағы бір жаназа туралы, өлікке 
Құран аударып алған қызыл тайыншасын 
молданың бұның өзіне тартқаны туралы 
күпінеді. Молданың мұнысы Сүйелбайдың 
бөлімше меңгерушісі болып жүрген баласына 
жағынғаны екен. Осыны тарата айтып отырып, 
өлім алдында жатқан Маратбекке былай дейді: 
«Құдай ақы, шыным, Маратбек. Сенің анау 
Сайлауың атыңды тасқа басқызып, газитке 
шығарғанда, сұмдық қызғанып едім. Оным 
бекершілік екен. Сенде атақ бар, менде бедел 
бар. Сені жұрт сыйлауы мүмкін, ал менен 
қорқады. Соған қарап ақын балаң болғанша, 
əкім балаң болғаны артық па деймін» [70-71-
беттер]. Бұл – Сүйелбайдың шыны. Сүйел-
байдың ғана емес, өмірдің шындығы. Осы 
шындықты жете танып білгендіктен, Сү-
йелбай омыраулап сөйлеп, өлмелі халдегі 
аурудың басында шырт түкіріп отырады. 
Сүйелбайдың сөзі де, ісі де жаман ниеттен 
шығып жатпаған сияқты. Ал сөз бен ойдың, 
ниеттің түбіндегі мəнге тіктеп қарағанда, оның 
кісілігінің қатарында қосақталып иттігі де 
жүретіні анықталады. Сүйелбай Маратбектің 
көңілін сұрай отырып, өлімге бет алған 
жанның енді қанша жарығы қалғанын анық 
көріп, анықтап білгісі келгендей көзінің сұғын 
қадап, ішіп-жеп қарайды. Өліп бара жатқан 
Маратбектің жақтырмайтыны – осы көз. Ауру-
дың беті бері қарамасына көзі жеткен соң, ол 
төрде ілулі тұрған қамшыға телміреді. Қандай 
жолмен болса да қалған кештік ғұмырында 
түстік дүние жиғысы келіп мазасызданады. 
Ақыры қамшыны алып аттанады. Сонысымен 
ол Маратбекке енді бұл дүниеде оған 
ештеңенің де керегі жоғын ашық ұқтырып 
кетеді. 
Жазушы 
Маратбек 
пен 
Сүйелбайды 
қарама-қарсы құлықтың адамдары ретінде су-
реттеген. Маратбек образы қазақ əдебиеті үшін 
жаңалық емес. Жазушының жаңалығы Сүйел-
бай образын жасаудағы ізденістерінде. Автор 
дүниеден өтіп бара жатқан Маратбектің өлімі-
мен салыстырғанда, дүниеде қалып бара жат-
қан Сүйелбайдың өмірінің баянсыздығын, 
мəнсіздігін көрсетеді. 
«Мəңгілік бастау» романы шаруашылық 
басшылары, олардың кісілігі мен іскерлігі 
туралы ой қозғайды. Екі совхоздың екі 
директоры Сембай мен Сəрсен бір жерде оқып, 
бірдей жоғары білім алып шыққанына қара-
мастан, екеуінің шаруашылықты басқару стилі 
екі басқа, ойлау, əрекет ету бағыттары да əр 
түрлі.
Автордың суреттеуінде Сембай шаруа-
шылықты алға бастыру мақсатында жасайтын 
істерінің мотиві де, мақсаты да бір ғана ныса-
наға байланысты анықталады – даңқ пен дəре-
жесін арттыру тілегімен дараланады. Сондық-
тан ол ісін де, ісінің нəтижесін де, қарама-
ғындағы қызметкерлерін де өзінің даңққұмар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет