Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
59
мен бірге жасаған, сөйтіп, бүгінгі күнімізге
сары алтындай сарғайып, саф күйінде жеткен
мемлекеттің тəуелсіздігі, елдің егемендігі,
адамның адамгершілік кемелдігі сынды асыл
қазынамыз тұр.
Мемлекеттің тəуелсіздігі, елдің егемендігі,
адамның адамгершілік кемелдігі туралы ой өт-
кен ғасырлардың қоғамдық санасының басты
қозғаушы күші болды. Бұл сөздердің негізінде
үлкен ұғымдар жатқаны рас. Бүгінде оларды
ұғым деп қана тану жеткіліксіз. Ендігі тұста
оларды халқымыздың бағы мен құты, қадірі
мен қасиеті деп білгеніміз парыз. Өйткені көз
алдымызда дерексіз ұғымнан затты болмысқа,
алыс арманнан асыл ақиқатқа айналған мем-
лекеттің тəуелсіздігі, елдің егемендігі, адам-
ның адамгершілік кемелдігі біздің ғасыры-
мыздың қоғамдық санасы үшін де баға жетпес
басты құндылық. Софы Сматаев шығар-
машылығы осындай құндылықтарға негіз-
деледі. Бір «Елім-ай» емес, жазушының «Ақ-
желең» (1972-1973), «Бұлақ» (1975-1976),
«Мəңгілік бастауы» (1984), «Біз құлмыз ба,
кімбіз?» (1985-1987), «Жарылғап батыр»
(1994) романдары да, «Қобыланды батыр»,
«Дүние өтерінде шыр айналды» (1973) жəне
басқа орта көлемді эпикалық туындылары да,
«Хан Абылай», «Бұқар жырау», «Шақшақ
Жəнібек», «Бас қайда, бас?», «Алтын құндақ»
(1968-1970) секілді драмалық туындылары да
мемлекеттің тəуелсіздігі, елдің егемендігі,
адамның адамгершілік кемелдігі туралы терең
тебіреністен, суреткерлік құштарлықтан туған.
Қаламгердің өлеңдері мен дастандарында да
заманның сыны, адамның сыры шынайы көрі-
ніс табады.
«Елім-ай» трилогиясының көркемдік құры-
лымында хандар мен сұлтандардың, билер мен
батырлардың қалың қатары көрініс береді,
халық, бұқара тіршілігі де кең орын алады.
Тарихи дəуір, тарихи тұлғалар болмысы, ха-
лық өміріндегі трагедиялық əрі қаһармандық
кезеңнің шындық оқиғалары пайымдалады.
«Елім-ай» трилогиясында ел ұландарының
Отан үшін жүргізген ерлік ұрыстарының,
халық қаһармандығының үлкен суреті жасал-
ған. Жеке батырлардың тұлғалары да тарихи
шындыққа сай дараланады. Cолардың қата-
рындағы ерен батырлардың бірі Жəңгір сұлтан
мен жоңғар нояндары арасында болған
бірнеше сұрапыл ұрыстардың суреті ерекше
көркімен көз тартады. Құжаттарда 1634 жылы
жоңғарлардың қазақтарға ойсырата соққы
бергені, сол соғыста Есім ханның ұлы Жəңгір
сұлтанның жау қолына тұтқынға түскені
туралы айтылады [8, 278]. Трилогияда Жəңгір
сұлтанның тұтқынға түсуі нақты көрсетіл-
мейді, автор қазақ ханзадасының тұтқын-
далуына себепкер болған жағдайды өзі ойдан
топ-шылап толғайды. Өз дəуірінің теңдессіз
зор батыры атанған Жəңгірді ашық, бетпе-бет
соғыста тұтқынға түскендей күйге ұшы-
ратпай, жақын айналасындағылардың қамсыз-
дығынан қапыда қалғандай етіп суреттеу – қа-
ламгердің творчестволық қиялынан туған маз-
мұны бай, мағынасы терең, шынайы көркемдік
шешім. Жəңгірдің тұтқыннан боса-нуына
байланысты эпизодқа қатысты да осыны ай-
туға болады. Жазушы тарихи тұлғаның бол-
мысындағы ізгілік, ерлік қасиеттің халықтық
мəнін ашып, айқындап, ажарлай түседі. Мұ-
ның өзі жазушының суреткерлік тұрғысынан
туындайды. Мұрат-тұрғысының ерекшелік-
теріне қарай автор өзі суреттеп отырған
шындық құбылыстардың тиісті бір қырларын
өзгертіп, ойдан толықтырып, шығарманың
белгілі бір сюжеттік, мағыналық-құрылымдық
бөліміне болмыста жоқ эмоциялық мазмұн
береді. Соның нəтижесінде суреттелініп отыр-
ған оқиға желісі өрімдей тартылып, қалам-
гердің суреткерлік мұратына сай келісті түр
табады. Елдің егемендігі, мемлекеттің тəуел-
сіздігі үшін қанын ағызып, терін төккен қаһар-
манның батырлық, ерлік тұлғасына аз да болса
кінəрат немесе көлеңке түсіретіндей шешім-
дерге бармай, тарихта орын алған шын-дық
оқиғаларға ойдан жарық қосып толықтырудың
мұндай үлгісі жазушының тарихи дəуір, тари-
хи тұлға, адам мен заман туралы шығар-
машылық тұрғысының тұрлаулылығын білді-
реді.
«Елім-ай» романында Жəңгірдің соғыс
алдындағы көңіл күйін аңғартып, əскери ойлау
ерекшелігін танытатын көр-кемдік топшы-
лаулар мен суреттер де тұтастай шындыққа
негізделген. Соғыс жағдайындағы қолбасының
əскери əрекетінің нə-тижелілігі жаудың күшін,
амал-айласын, белгілі сəттерде көрсете алатын
қайратын алдын ала барынша терең талдап,
талқылап тану жəне соған орай белгілі жағдай-
дағы ең тиімді, ұтымды шешімді қабыл-дай
білу қабілетіне тікелей тəуелді. Жазушы Жəң-
гірдің алты жүз қолмен жаудың елу мың
əскеріне тойтарыс беруге бекінген нар тəуекел
батылдығын, алты жүз қолмен де қаптаған
қалың жауға ұқсата тойтарыс беруге болатын
оңтайлы сəт пен қолайлы жағдайды таңдап,
таба білген алғырлығын аңдатады. Алты жүз
жауынгердің елу мың қолмен бетпе-бет қиян-
кескі шайқасы да романда үлкен шеберлікпен
бейнеленеді. Жер қайысқан қол бастап келіп,
бір топ жауынгер-жасақтан қатты соққы алып,
есеңгіреп қалған Батыр қоңтайшының күйі-
нішті ойларын танытудағы жазушылық қиял-
|