Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет78/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
61 
көріністе халықтың Отан туралы ұрпақтан 
ұрпаққа жалғасқан дəстүрлі дүниетанымының 
тереңдегі асыл мəні бар. 
Тарихтағы Əнет баба, “Елім-ай” три-
логиясындағы Ошаған би жəне Ш.Уəлиханов 
жазып қалдырған аңыздағы Жаңатай батыр 
басындағы осы үш оқиғаны өзара сабақтас, 
байланысты байымдағанда, халықтың дəстүрлі 
ұғым-түсініктерінің, дүниетанымының, ойлау, 
əрекет ету мəдениетінің кейбір маңызды, мəнді 
қырлары көзге түседі. Əнет бабаның босқан 
елдің жұртындағы төбе басында жалғыз өзі 
қала бергендігі туралы көріністің халықтың 
дəстүрлі рухани дүниесі мен танымына, 
мəдениетіне сай пайымдалуы аса маңызды. 
Əнет бабаның көшкен елмен бірге көлік 
үстінде жүруге жарамайтын күйде болғаны 
ешқандай дау тудырмайды. Сонымен бірге 
Əнет бабаның көшкен елдің жұртындағы төбе 
басында қала беруінің көзге көрінбейтін негізі 
бар. Ол халықтың ертеден келе жатқан 
дəстүрлі 
мəдениетімен, 
дүниетанымымен 
байланысты. Əнет баба тоқсан бес жастан 
асып, жүзге таяу келгенде, кəрі сүйегін 
саудыратып жат өлкеге сүйретпей-ақ, өз 
жерінде, өзі сан мəрте биігінде билік айтып, 
ел-жұртын тыныштыққа, бірлікке, əділеттікке 
шақырған туған төбесі басында қала беруді 
жөн көруі əбден мүмкін. Туған жер туралы, 
туған жердің топырағы туралы халықтың 
байырғы ұғым-түсінігі өлмелі халдегі қарт 
бидің ойына осындай бағдар бермеді деп 
ешкім айта алмайды. Бір жағынан, бидің дəл 
осылай ойлағанына шəк келтірудің жөні де 
жоқ. Өйткені өткен дəуірлердегі қарт əрі дана 
кісілердің жасаған істері мен айтқан сөздерінің 
көпшілігі астарлы, бүркеулі мағынаға бай 
болып келеді. Олардың істері мен сөздерінің 
шын мəнін сол дəуірдің əдебі мен əдеті, салты 
мен дəстүрі, бір сөзбен айтқанда, дəстүрлі 
мəде-ниеті өлшемдері аясында алып қараған 
жағ-дайда ғана дұрыс ұғып, анық түсінуге 
болады. 
Айтылған жайларға сүйене отырып, Əнет 
бабаның көшкен елдің жұртында төбе басында 
көш соңынан қарап қала беруінің себебін екі 
түрлі жағдаймен түсіндіруге болады. Оның 
бірі – қартайған бидің көшке еріп жүруге əл-
қуатының жоқтығы. Екіншісі – бидің өз сүйе-
гінің туған жер топырағында қалуын мақұл 
көрген ішкі жəне соңғы тілегі. С.Сматаевтың 
трилогиясында Ошаған бидің көшкен ауылдың 
жұртындағы төбе басында қалуының сыртқы 
емес, ішкі себеп-негізі, кейіпкердің қартайған 
шағында кəрі сүйегін саудыратып бейтаныс 
жерге тасымай, өз жерінде, кіндік қаны тамған 
туған топырағында қалдыруға бекіген берік 
тілегі көрсетіледі. Мұның өзі шығарманың 
болмыс-бітіміне, кейіпкердің мінезіне ай-
рықша мəнді, маңызды ұлттық рең дарытатын 
үлкен суреткерлік шешім еді. Қаламгер, осы-
лайша, құбылыстың, оқиғаның көзге көрін-
бейтін, жасырын, бүркеулі мағынасын іздеп 
табады, сөйтіп тарихи дəуірдің, ұлттық тарихи 
сананың қайталанбас даралығын саралап ашып 
көрсетеді. Мұндай айрықша көркемдік шешім 
танымы бай, талғамы биік тамаша таланттан 
ғана тумақ.
Ошаған би мен Əнет бидің əрекеттерінің 
негізгі себеп-мотивтері ортақ, өзара үндес. Сол 
мотивтердің ішінен С.Сматаев ең басты, мəн-
мағынасында халықтық, ұлттық сипат басым 
деген ажарлысын ғана таңдап алады. Бұл ретте 
автор халықтың дəстүрлі рухани мəдениетінің 
өлшемдеріне, Отан, туған жер туралы қасиетті 
ұғымдарға сүйенеді. Автордың суреткерлік 
биік мұраты кейіпкердің азаматтық көз-
қарасын, адамгершілік ұстанымын, ерлік ісін 
тарих үшін де, бүгінгі күн үшін де маңызды, 
көркемдік-идеялық жəне тағылымдық тұрғыда 
мейлінше мəнді, мағыналы біртұтас рухани 
құндылыққа айналдырады.
Трилогия – халық өміріндегі теңіздей терең 
тарихи шындықтың көрінісі. Біз соның бірер 
тамшысы туралы ғана айттық. Трилогияның 
осындай жекелеген поэтикалық бөлшектері 
шегінде анықталған көркемдік жетіс-тіктердің 
жарығы оның тұтас бітіміне тəн. 
Жазушының бірнеше романдарына ке-
ңестік дəуірдің шындығы арқау болған. 
«Ақжелең» колхоздастыру кезеңіндегі əлеу-
меттік қайшылықтар сырын ашады. «Бұлақ», 
«Мəңгілік бастауы», «Біз құлмыз ба, кімбіз?» 
романдары Кеңестің дəуірлеп тұрған шағы-
ның бейнесін жасайды. 
«Бұлақ» романының бас кейіпкерлері 
Сайлаубек пен Жайлаубек - бірге туған 
бауырлар. Бірақ екеуі екі түрлі: ұстаным басқа; 
көзқарас бөлек; мінез алшақ. Сайлаубек 
жалғыз, Жайлаубектер көп. Көптің көркі 
дастархан басында ашылады. Көптің аузында 
бір-ақ сөз – Ырысеке. Бұл – Ырысбай, қалалық 
атқару комитеті председателінің орынбасары. 
Қалғандары соның ығында, көлеңкесінде жан 
бағып жүр. Солар бірінен соң бірі Ырысекең-
нің аяқ-қолын жер-көкке тигізбей мақтап, 
риясыз тебіренеді. Сөйлеушілердің түр-түсін-
де, сөйлеу мəнерінде күдік туғызардай еш 
нышан жоқ. Бəрі де шын жүректен төгіледі. 
Ырысекең риза. Үзіліс үстінде Ырысекең 
картадан ұтып тағы риза. Ырысекең риза бол-
са, қалғандары да мəз – бұлар ұтылып мəз. 
Осындай мəз-мейрамда Жайлаубек жағдайын 
айтып, Ырысекеңнен коттедж сұрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет