Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет89/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
Мынау жаулығы қақырайған Емена-
лының əйелі болар...Қандай кержалқау екен? 
Табақтай бетінен сарғалаған тер жаулықтың 
алқымын қап-қара қылып жібергені сонша, 
сақалы бар ма деп қалғандай екенсіз. [Ғ.М. 
«Ұлпан» 85 б.] 
Ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы, 
ұғымды берудің көркемдік амалы – ұқсату. Ол 
күнделікті өмірде, тұрмыстық тəжірибеде 
қалыптасады. Себебі, адамдардың табиғаттағы 
əртүрлі құбылыстарды бақылап салыстыруы, 
оны өз іс-əрекетімен, тəжіри-бесімен салыс-
тыруы, ассоциациялық бейнелер түрінде əртүрлі 
нəрселердің ұқсас жақтарын табуы, солардың 
негізінде танымын кеңейтуі осы қасиетке 
негізделеді [4,2]. 
Қазақ халқы қызды қонақ көріп, жастайынан 
еркелетіп төрге отырғызған. Кішкентай кезінде 
көз тимесін деген мақсатпен, кейде ұлдан ала-
ламау мақсатымен қыз баланы бой жеткенше 
еркекшора киіндіретін де болған. Қазақ халқы-
ның бұл дəстүрін төмендегі мысалдан айқын 
көре аламыз: 
Ұлпан бала күнінен еркекшора болып, 
ерке өсіп еді. Көшпелі елдің қызы жасынан ат 
үстінде, əркезде шалбаршаң болатын. Бір 
туған аға, інісі жоқ, қыз екенін сезінгеннен 
кейін де еркек балаша қалыптасқан еркіндеу 
мінезінен оңай арыла алмаған. [Ғ.М. «Ұлпан» 68 
б.] 
Тілде мəңгілік ақиқатты көрсету үшін 
қолданылған мəдени символдар көп өзгеріс-
терді бастан кешіріп ұжымдық санадағы об-
раздарға айналады. Олар этностың дүние-
танымын, өмір сүру ерекшелігін, талғам-
танымын көрсететін рухани мəдениет негізі – 
салт-дəстүр, əдет - ғұрыптардан анық көрінеді 
[5]
Қазақта ертеректе атастырып қою салты 
болған. Бұл салт бойынша қыз бала кішкен-
тайынан атастырылып, яғни есейгенде кімге 
тұрмысқа шығатыны белгілі болып қояды. Өсе 
келе, қыз бой жеткенде атастырылған жақ 
қалың малын төлеп қызды алады.Төмендегі 
мысалдан кейде қазақ қыздарының тек малға 
сатылып кету жағдайының да болатынын айқын 
көре аламыз. 
Бұл күнге дейін ешкім бетіне қарсы 
келіп көрмеген, ерке өскен Ұлпан малға 
сатылып, кете беретін көп қыздың бірі екен-ау
[.ҒМ. «Ұлпан» 43 б.] 
Ұлпанның 
тұла 
бойы 
тітіркеніп 
кетті…бала мінезді болушы еді, қатты 
қорыққан екен, жас балаша жылады. Ерке 
болса да, ер мінезді болушы еді, қорланып 
жылады. [Ғ.М. «Ұлпан» 43 б.] 
Қазақ халқы ертеден «үлкенге құрмет, 
кішіге ізет» деген нақыл сөзді əрқашан негізге 
ала жүрген халық. Сол себепті, əрқашан аман-
дасып, хал сұрасқанда сəлемді жасы үлкен кісі-
ден бастау салты қалыптасқан. 
Сөйлесіп қайтар адамдарымыз осы 
болар деп, мен арбадан тезірек түсіп, бір 
шетінен бастап отырғандарға құлымды 
ұсындым. –Əуелі ана кісіден баста, шырағым, - 
деді ең шеткі еркек, ортада отырған сирек 
бурыл сақалды, опырық ауыз, сары шалды 
иегімен нұсқап. .[Ғ.М. «Этнографиялық əңгіме» 
194б.] 
Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалау-
мағалейкум!» деп сəлем береді. Бұл «Сізге нұр 
жаусын» деген сөз. Сəлем алушы «Уағали-
күміссалам!» дейді. Бұл «Сізге де нұр жаусын» 
деген сөз.
Мен амалсыз сары шалға жақындаға-
нымда ол басын тіпті шалқалай көтеріп алып:-
Уағаляйкүмөшалəм...-деді.[Ғ.М. «Этно-
графиялық əңгіме» 194б.] 
Қорыта келгенде, біріншіден, Ғ.Мүсірепов 
өз шығармаларында ұлтымыздың – қазақ халқы-
ның бет-бейнесін, болмысын бейнелеуде ұлттық 
лексиканы мол пайдаланады жəне бұны өз 
кейіпкерлерінің шынайы образын жасауда 
қолданады. Екіншіден, жазушы өз шығар-
маларында үйлену, қыз ұзатуға байланысты 
мысалдарды əр қырынан, айқын бейнелейді. 
Бұнда қыз ұзату, келін түсіру, əмеңгерлік 
салтына байланысты да мысалдар жеткілікті. 
Үшіншіден, ұлттық тағам атаулары мен ұлттық 
киімдерге байланысты мысалдар да кейіпкер 
образын сомдауда айқын көрініс табады. 
Төртіншіден, тұрғын үй мəселесі мен туыстық 
атауларға байланысты мысалдардың маңызы 
зор. Мұнда киіз үй мен оның құрамдас 
бөліктері, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшу 
дəстүрі де тыс қалмайды. 
ƏДЕБИЕТ 
1.Қайдар Ə. Қазақ тілінің кейбір мəселелері. Алматы, 
1998. 
2.Атаханова 
Райхан 
Кенжетаевна.Туыс 
емес 
тілдердегі 
мақал-мəтелдердің 
этнолингвистикалық 
сипаты (қазақ жəне неміс тілдері негізінде). Филол. ғыл. 
канд. дис. – Алматы, 2005. 
3.Ислам А. Лингвомəдениеттану: Тіл мəдениет 
контексінде. Алматы-Астана, 2004. 
4.Байғұтова А. «Қазақ əйелі» концептісінің 
этномəдени сипаты. Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 
2008. – 187 б.
5.Қаирбаева 
Қ. 
Қазақ 
тіліндегі 
этномəдени 
атаулардың символдық мəні. Филол. ғыл. канд. дис. – 
Алматы, 2004. – 136 б. 
* * *




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет