Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
72
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Е.Адаева
КАФЕДРА ТУРАЛЫ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Кафедра қызметінің салалары. Жалпы
сипаттама. Оқу үдерісі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары.Тəрбие ісі.
Тірек сөздер: кафедра, қызмет, оқу, үдеріс, ғылым, тəрбие.
Е.Адаева
О КАФЕДРЕ
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Направления деятельности кафедры. Общая
характеристика. Учебный процесс. Научное исследование. Воспитательная работа.
Ключевые слова: кафедра, деятельность, обучение, процесс, наука, воспитание.
E.Adaeva
ABOUT THE DEPARTMENT
Abstract. The issues dealt in this article. Activities of the Chair. General characteristics. Learning process.
Scientific research. Educational activities.
Keywords: department, activity, training, process, science, education.
1. Аударма ісі жəне əдеби компаративистика
кафедрасы 1990 жылы құрылған. Кафедра
мамандықтардың мемлекеттік стандарттарына
сай Аударма ісі мамандығы бойынша бака-
лавриат, магистратура, докторантура арқылы
мамандар дайындайды. Кафедраның про-
фессор-оқытушылар құрамының жалпы саны –
14. Оның ішінде:
• ғылым докторлары, профессорлар – 5
• ғылым кандидаттары, доценттер – 9
• ҚР ЖОО Үздік оқытушысы - 1
• Халықаралық Жоғары мектеп ғылым
академиясының академигі – 1
• Халықаралық Айтматов
академиясының академигі – 1
• Халықаралық ақпараттық академияның
академигі – 1.
• Қазақстан
Жазушылар
одағы
сыйлығының лауреаты – 1
• Ш.Уəлиханов атындағы сыйлықтың
лауреаты - 1
2.1. Кафедраның жұмыс жоспары ҚР Білім
жəне ғылым министрлігінің, университеттің
нормативтік актілері мен құжаттары негізінде
жасалып, университеттің, факультеттің 2009-
2011 жылдарға арналған Даму стратегиясына
сəйкес
бекітілген.
Есепті
жыл
ішінде
кафедраның жалпы жұмыс жоспарына, сондай-
ақ Даму стратегиясы аясында жасалған
жоспарына сəйкес елеулі іс-шаралар жүзеге
асырылды. Бұл бағытта мынадай нəтижелерге
қол жетті: кафедраның университет сапа
менеджменті жүйесін тиімді пайдалану бағы-
тындағы жұмысы айтарлықтай алға басты;
мамандарды даярлаудың сапасына қойылатын
талаптар мен шарттардың деңгейіне көтерілуге
нақты талпыныс жасалды; білім алушылардың
жеке оқу траекториясын қалыптастыруға жағ-
дай жасалды (таңдау пəндерінің каталогтары
жасалды; оқу пəндері бойынша оқу процестерін
инновациялармен жаңартуға қол жетті; курстық,
диплом жұмыстары мен магистрлік диссер-
тацияың орындалуын бақылау мен бағалаудың
инновациялық технологиясы жасалып, өндіріске
енгізілді, т.б.); кафедраның оқу-əдістемелік
құндылықтарының
электрондық-ақпараттық
қоры жасалды; практикалық сабақтарды шет
тілдерінде оқыту тəжірибесі жолға қойылды; та-
лапкерлерді кəсіптік бағдарлау жəне түлектерді
жұмыспен қамту ісіне қатысты ақпараттар
жасалып, ғаламтор жүйесінде орналастырылды;
кафедраның оқу пəндері түгел электрондық оқу-
əдістемелік кешен-дермен қамтамасыз етілді,
оқу-əдістемелік
кешендер
университеттің
|