Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет16/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
13 
А.Көпбасарова 
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР 
МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ 
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Абай өлеңдерінің орыс тіліне аударылуы жəне оны 
зерттеу мəселелері. Мəселенің зерттелу тарихы. Қазіргі жағдайы мен болашағы. 
Тірек сөздер: Абай, өлеңдер, орыс тілі, аударма, зерттеу, тарихы, қазіргі жайы, болашағы. 
 
А.Копбасарова 
О ЗАДАЧАХ ИССЛЕДОВАНИЯ ПРOБЛЕМ ПЕРЕВОДА СТИХОТВОРЕНИЙ АБАЯ 
НА РУССКИЙ ЯЗЫК 
Аннотация.Вопросы, рассматриваемые в статье. Переводы поэзии Абая на русский язык. История 
изучения вопроса. Современное состояние и перспективы. 
Ключевые слова: поэзия Абая, переводы, русский язык, история изучения, современное состояние, 
перспективы. 
A.Kopbasarova 
ON THE TASKS OF THE RESEARCH OF THE RUSSIAN TRANSLATION OF ABAI’S 
POEMS 
Abstract. The issues dealt in this article. Translation of Abai’s poems into Russian and the issues studied. 
History of studying the issues. Current status and prospects.
 
Keywords: Abai’s poetry, translations, Russian language, history of the study, the current status and 
prospects. 
 
 
Көркем аударманың теориясы мен прак-
тикасы күрделі жəне көп қырлы мəселелерді 
қамтиды. Əдеби шығарманың қүрылым жүйе-
сі, образдылығы, мазмұны, стилі, тілі секілді 
поэтикалық құбылыстармен бірге оның эсте-
тикалық, лингвопоэтикалық, сондай-ақ пси-
хологиялық жəне семиотикалық табиғатын 
түзетін көркемдік құбылыстарды пайымдау 
əдеби аударманың табиғатын таразылаудағы 
басты міндеттер қатарына жатады. Оның 
үстіне аударма шығармада оның авторы мен 
аудармашының шығармашылық шеберлігі мен 
даралығы қатар көрініс табады əрі түпнұсқа 
тілі мен аударма тілінің заңдылықтары қатар 
қызмет атқарады. Осының бəрі аударма 
мəселелерін зерттеудің саласы да, арнасы да 
өте көп, алуан түрлі екендігін көрсетеді. 
Аталған салалардың əрқайсысы да іргелі зерт-
теу пəні бола алады жəне олардың қай-қайсы-
сын зерттеудің де ғылыми жəне практикалық 
маңызы жоғары. Осы іргелі əрі күрделі жəне 
ғылыми, мəдени-əлеуметтік маңызы жоғары 
мəселелер қатарында Абай өлеңдерінің орыс 
тіліне аударылу жайын бүгінгі ғылым талап-
тары деңгейінде арнайы қарастырудың зəрулігі 
ерекше дараланады. 
Қазақ əдебиеттануында көркем аудар-
маның кенже қалып, терең, жан-жақты зерттеу 
саласына айнала алмай келе жатқан бір арнасы 
қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу 
жайы. Бүгінгі күнде қазақ ақындарының бірқа-
тарының шығармалары орыс тіліне ауда-
рылды. Бірақ қазақ поэзиясының орыс тіліне 
аударылуы ғылыми зерттеу пəні дəрежесінде 
бүгінгі күнге дейін қазақ əдебиеттануында то-
лық қалыптасып, даму сатысына өте алмай 
отыр. Бірлі-жарым зерттеу еңбектер осы 
бағыттағы алғашқы ізденістер қатарына 
жатады. Бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұ-
мыстарының дамуы қазақ əдебиеттануында 
жаңа бағыттың қалыптасып, дамуына алып 
келетіні анық. Осы тұрғыдан алып қарағанда, 
қазақ поэзиясының, оның ішінде Абай 
өлеңдерінің орыс тіліне аударылуы бір емес, 
бірнеше ғылыми мекеменің көп жылдық 
зерттеу пəні бола алады жəне мұндай зерт-
теулердің нəтижесі қазақ поэзиясының əлемдік 
маңызы мен мəнін тану мен танытуға бас-
тайды. Сондықтан да қазақ ақындарының 
шығармаларының орыс тіліне аударылуы мə-
селелерін арнайы сараптау мен саралау 
саласындағы зерттеулердің қазіргі қазақ əде-
биеттануы үшін зəрулігі өте жоғары. Бұған 
дейін Абай шығармаларының орыс тіліне 
аударылуы жалпы бағытта жəне əр түрлі дең-
гейде қарастырылғанмен, ақынның көркемдік 
əлемінің ұлттық сипатының, ақындық танымы 
мен шығармашылық тұрғысының аудар-
мадағы табиғаты аударма мен түпнұсқа дең-
гейінде өзара салыстырмалы түрде жүйелі, 
арнайы зерттелген емес. Ал аудармада ақын-
ның көркемдік əлемінің ұлттық сипатын, оның 
ақындық танымы мен көзқарасын, шығар-
машылық тұрғысын жеткізу аударма өнерінің 
басты шарты болып табылады. Бұл орайда ау-
дармашының түпнұсқадағы ой мен сезімге 
негіз болған өмір құбылыстарын терең тануы-
ның, ақын шығармасының тууына арқау бол-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет