Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
33
Соған байланысты «Абай жолы» рома-
нының «Қайтқанда», «Өрде», «Тайғақта» деген
тарауларынан ым-ишараты бар мысалдар
жинақталып, оның 130-ға жуығы талдау ныса-
нына алынды жəне орыс тіліндегі аудармасы да
терілді. Соған сəйкес классификация жаса-
лынды. Ол келесі түрлерге бөлінеді:
1)орыс тілінде баламасы (эквиваленті) жоқ
ым-ишараттар;
2)стилистикалық
жəне
толыққанды
мағыналық
қызметіндегі ым-ишараттар;
3)мүлдем аударылмаған ым-ишараттар;
4)калька əдісімен жасалған ым-ишараттар;
5)теңестіру
(компенсация)
жолымен
жасалған ым-ишараттар.
I. Орыс тілінде баламасы жоқ ым-
ишараттар
Бұл ым-ишараттарға тоқталатын болсақ,
олар тек қазақ халқына тəн, қазақ болмысын
(менталитет), салт-дəстүрін, мəдениетін, тари-
хын, т.б. танытатын ым-ишараттар тобы болып
табылады. Соған мысалдар арқылы көз
жеткізсек:
- Бəрəкалла, бəрəкалла.. бирахматика я
архамəр-рахимин, деп
отырып, Абайға қол
жайып бата берген-ді [2, 25.].
- Аллах милосердный и всемилостивый да
пошлет блага свои и щедрой милостью своею да
наградит его, торжественно произнес мулла и,
подняв ладони, благословил Абая [3, 42].
Қол жаю
Алақаны жоғары қаратыла ашылған қолды
кеуде тұста ұстау [4, 85.].
Бұл Құран оқып болған кезде жасайтын
ишарат. Құран Ислам дінінің негізі. Исламда
дұға-тілек ету Құранда көрсетілген.
Орыс халқында мұндай ырым-дəстүрлер
кездеспейтіні белгілі. Орыс халқы дұға-тілекті
қолдың саусақтарын маңдайына жəне екі иығы-
на тигізу ишараты арқылы жүзеге асыратыны
белгілі. Міне, келесі мысалдар да соның дəлелі
бола алады.
- Айналдым, қарашығым, қоңыр қозым! –
деп алып, - Аямайды, аямайды ол! – деп келіп,
Достарыңызбен бөлісу: |