Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет47/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
37 
«Мəтін» 
мен 
«дискурстың» 
термино-
логиялық айырмашылығы туралы мəселе мəтін 
мен дискурс бір-бірінен қалай ерекшеленеді 
деген күрделі сұрақты туғызады. Е.С. Куб-
рякова «дискурс» пен «мəтін» терминдерінің 
арасына жіктеу қоймайды [6, 24]. Мəтін белгілі 
бір сөйлеу бөлігінің құрамындағы белгілі бір 
лингвистикалық 
формалардың 
жиынтығы 
ретінде түсіндіріледі. 
Дискурсты мəтінге қарсы қойып, оны іс-
əрекеттегі сөйлеудің бір бөлігі ретінде, сөй-
леуші белгілі бір мақсатта, белгілі бір жағдайда, 
белгілі бір мағынада ғана қолданып, мəтінде 
белгілі бір мағынаға ие болатын құбылыс ре-
тінде ғана бағалауға болмайды. Өйткені дискурс 
та сөйлеудің өзара байланысқан кұрамдас бөлігі 
болып табылады. Сөйте тұра «дискурс» тер-
минінің мəнін дəл осылай түсіндіру арқылы 
оның «мəтін» терминінен айырмашылығын 
көрсете алмайтынымыз анық. 
Философиялық сөздікте «дискурс» терми-
ніне берілген анықтама да үлкен күдік ту-
ғызады: «Дискурс понятие, выдвинутое струк-
туралистами для анализа социальной обуслов-
ленности речевых высказываний. Понятие 
дискурса особенно популярно в пострук-
турализме и деконструкции. Как правило, при-
меняется в философии, социологии, ког-
нитивных анализах, семиотике. Нередко испо-
льзуется просто как синоним «речи» [36,153]. 
Лингвистикалық 
көзқарас 
тұрғысынан 
жоғарыда берілген анықтама дискурстың тілдік 
мəнін, оны талдаудың өзіндік ерекшелігін 
көрсетпейді. Лингвистикалық терминдер сөзді-
гінде дискурс терминінің тілдік тұрғыдан бұдан 
гөрі толығырақ анықтамасы берілген: «Связный 
текст в совокупности с экстра-лингвис-
тическими, прагматическими и другими фак-
торами текст, взятый в событийном аспекте, 
речь, рассматриваемая как целенаправленное 
социальное действие, как компонент, участ-
вующий во взаимодействии людей и меха-
низмах их сознания (когнитивных процессах). 
Дискурс это речь, погруженная в жизнь. По-
этому термин дискурс, в отличие от термина 
текст, не принменяется к древним и другим 
текстам, связи которых с живой речью не 
восстанавливаются непосредственно» [37,136-
137]. Сонымен дискурс ұғымының аясына 
экстралингвистикалық факторлар, ырғақ кіреді. 
Дискурс ұғымы – мəтінге қарағанда кеңірек 
ұғым. Дискурс – тілдік іс-əрекеттің процесі 
жəне оның нəтижесі, ал нəтиже дегенімізді 
мəтін деп те айтуға болады. Осы бағытта айтыл-
ған ойлардың қатарында М.К.Бисималиеваның 
пікірі біздің ұстанған қағидамызды айтарлықтай 
байытатынын айтқан парыз. 
Соңғы он жылдың көлемінде дискурсты 
зерттеуге зор көңіл бөлінді. Дискурсты талдау 
барысында мəтіннің мағынамен қалай толы-
ғатыны жайыңда, мəтін бөліктері калай бай-
ланысып, түсінікті болатыны жайы анықталады. 
Мəтін туралы жинақталған ойлар, пікір-лер, 
қағидалар 
қоры 
мол. 
Біз 
солардың 
қайбіреулеріне ғана сипат бердік. Соған қара-
мастан мəтіннің мəнін дəл жəне толық анықтап 
беру қиын. Сонымен мəтін дегеніміз не? Дис-
курс дегеніміз не болып шықты? Əрине, мəтінді 
айтылған немесе жазылған сөйлем немесе 
сөйлемдердің жиынтығы ретінде сипаттауға 
болады. Бұл жерде мəтінтанудың деңгейлерін 
негізге алу қажет. Жалпы алғанда, оларды 
семантикалық, грамматикалық, композициялық 
деп топтастыруға болады. Бұлардың əрқай-
сысының өз бірліктері бар. Осы аталған деңгей-
лер шегінде жекелеген сөйлемнен бастап белгілі 
бір тұтас əдеби шығарманың өзін де мəтін деп 
білуіміздің еш артықшылығы жоқ. Ал дис-курс-
тың жөні бұдан гөрі басқарақ. Дискурс деп бай-
ланысқан мəтінді айтады, бірақ мəтін де белгілі 
бір байланысқа ие. Дискурсты талдау – пəн-
аралық сала болғандықтан, оған лингвистер де, 
социологтар да, психологтар да, басқалар да 
қатысады. 
Мəтін - аяқталған дайын дүние, ал дискурс 
өзіндік ерекшеліктері бар мəтіннің жасалу 
процесі ретінде қарастырылады. Мəтін - нақты 
материалдық құбылыс, біз оны белгілі бір 
материалдық объектімен жұмыс істегендей 
зерттейміз. Дискурс мəтінмен салыстырғанда 
күрделірек, оны талдау үшін сөйлеушінің жос-
парын, ойын, мақсатын жəне т.б. анықтап, 
мəтіннен тыс тұрған құбылыстарды да ескеру 
шарт. 
Мəтінді түсіну үшін бізге оны түзуші фак-
торлардың байланысына көз жеткізуіміз қажет. 
Бұл жерде мəтіннің байланыстылығы бірінші 
орынға шығады. 
Мəтінді сипаттаушы факторлар ретінде 
байланыстылық пен тұтастық төңірегіндегі ғы-
лыми таластар терминологиялық қайшылықпен 
шектеліп қалған жоқ [5,40-45; 182-194]. Соны-
мен қатар байланыстылық пен тұтастықгың əр 
түрлі дəрежелері бары не жоқтығы туралы 
мəселеде де бірізділік болмады. Ғалым 
А.А.Леонтьевтің пікірінше, байланыстылықтың 
дəрежесі жоқ: байланыстылықтың не бар болуы 
мүмкін, не ол жоқ болады. Байланыстылыққа 
қарағанда мəтін тұтастығы үлкен не аз болуы 
мүмкін. Бірақ бұл көзқарастың ғылыми негізі 
əлсіз. Себебі мəтіннің тұтастығы оның əр түрлі 
байланыстылықтарының өзара əрекетінен көрі-
неді. Ал байланыстылық түрлерінің ішінде ең 
маңыздысы семантикалық байланыс, олай болса 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет