Туласнелді саңырауқұлақтар (қат.Tulasnellales, кл. Basidiomycetes) – жеміс денелері қабықшалы, балауызда, күлгін-қызыл. Базидийлері ұзынша. Өлі сүректі, өсімдік қалдықтарын мекен етеді. Паразиттер де ар. Негізі туыс – туласнелла (Tulasnella).
Әлемде 50 түр белгілі. Қазақстанда анықталмаған.
Тулостома (т. Tulostoma, қат. Tulostomatales) – жеміс денесі жас кезінде шар тәрізді, ересектері – жақсы дамыған табан мен қалпақты. Оның жоғарғы басында саңырауы болады. Табаны сүректі, тегіс немесе қабыршақты. Глеба ұнтақты, боялған. Споралары шар тәрізді, тегіс немесе мүсінді қабықты. Топырақта, мүктердің, шөптің арасында, тауларда, шөлдерде, құмдарда тіршілік етеді.
Әлемде 90 түр белгілі. Қазақстанда 23 түр анықталған.
Туника – 1) ұялық түрлеріндегі перидиолдарды қошайтын жұқа, ақ қабықша; 2) кейбір гастеромицеттердің споралар эписпорийін жауып тұратын балауыз.
Тургор – ағза клеткаларының кернеудегі жағдайы. Ол вакуольгы сырттан келетін суды сақтап тұруға мүмкіндік беретін осмостық белсенді заттардың пайда болуымен түсіндіріледі.
Тұқымдану – екі жыныс гаметасының (аналық-жұмыртқа клеткасы, аталық – спермий) қосылуы. Нәтижесінде жаңа ағзаға бастама беретін диплоидты зигота түзіледі.
Тұқым қуалаушылық – ағзаның өз белгілері мен даму ерекшеліктерін ұрпаққа беру қабілеті.
Тұқым қуалаушылықтың хромосомдық теориясы – бұл теорияға сәйкес, хромосомадағы гендер тұқымқуалаушылықтың тасымалдаушылары болып табылады. Бұл теорияның негізін салушысы – американ генетигі Т.Морган (1866-1945).
Түлкіжем (т.Cantharellus, қат. Aphylophorales) – сртқы өзіндік ерекшелігі бар саңырауқұлақтар, ашық сары түсті, жұқа, етті воронка тәрізді қалпағы мен орталық, сары табаны болады. Гименофоры сары, қыртысталған, табанмен жалғасады. Қайнатқаннан кейін жеуге жарамды. Түрлі ормандарда өседі.
Әлемде 70 түр белгілі. Қазақстанның солтүстігінде бір түр сирек кездеседі.
Түр – жүйелеудің негізгі таксономиялық категориясы, бір ареалда тіршілік етіп,еркін көбейе алатын, ортақ морфологиялық, физиологиялық және басқа да белгілері бар дарақтарды біріктіреді.
Түртүзушілік – табиғи сұрыптлу арқылы жаңа түрлердің пайда болуы. Түртүзушіліктің негізінде ағзаның тұқымқуалаушылық өзгергіштігі жатыр.
Түтікті саңырауқұлақтар (қат. Agaricales, кл. Basidiomycetes) – түтікті гименофорлы қалпақты саңырауқұлақтар, түтіктер ішінде базидиоспоралры бар базидийлер дамиды. Әлемде кеңінен таралған. Ормандарда, топырақта тіршілік етеді. Үлкен шаруашылық маңызы бар. Олардың көбі микориза түзушілер және құнды жеуге жарамды саңырауқұлақтар.
Түс шкаласы – түс пен түс аралықтарын анықтаудың ғылыми әдістемесі. Ең белгілі – А.С.Бондаренконың саңырауқұлақтарға арналған түс шкаласы, онда 105 түс аралық берілген.
Түсім – топыраққа түскен жапырақтар, бұтақтар, сабақтар, грибницаның өлі бөлшектрі, өлі микроағзалар, көпжылдық тамырлардың өлі қалдықтары; топыраққа күлді және органикалық заттардықайтарып, ыдырайды.
Тік диплоидизация – аскоспора ядросы екі ядроға бөлініп, олар күрт қосылып диплоидты ядро құратын жағдай.
У
Ультра- (лат.ultra – аса) – күрделі сөз бөшегі, бірдеңеден асуды білдіреді.
Ультрамикроскопия – ультрамикроскоп көмегімен цитологиялық зерттеу тәсілі.
Ультрамикротомия, ультратомия (гр.micros – кіші, tome – кескін) – ультратомдар арқылы аса жұқа кескндер алу тәсілі.
Ультрамикроэлементтер – ағзада өте аз мөлшерде болатын химиялық заттар – радий, уран, алтын, селен, цезий, т.б. Олардың биологиялық маңызы толық зерттелмеген.
Ультратекстура – клетка және оның компоненттерінің құрылымының субклеткалы сатысы, электронды микроскоппен ғана көрінеді.
Ультратом – аса жұқа кескіндер алуға арналған құрал.
Урединология – тат саңырауқұлақтарын зерттейтін микология бөлімі.
Устьице – жабық жеміс денелі және спора тасушылары бар саңырауқұлақтардың шығару каналы, шығару саңылауы – поруспен аяқталады, ол арқылы жетілген споралар атылады. Қысқа, ұзын, жырақты устьицелер кездеседі.
Ұ
Ұйымдасу деңгейі – ағзаның түрлі күрделілікті биологиялық құры-лымы. Молекулярлы немесе молекулярлы-генетикалық, клеткалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биоценотикалық, биосфералық деңгейді ажыратады.
Ұнтақты шірік – картоп ауруы, қоздырғыш – спонгоспора (Spongospora solani, қат. Plasmodiosporales). Түйнектерде, тамырларда терең жаралар пайда болады, онда споралардың қоңыр массасы жатады. Жұқтыру зооспоралар арқылы жүреді. Күресу шаралары көбіне агротехникалық, ауыспалы егіншілікті сақтау, атырғызуға сау түйнектерді таңдау және т.с.с.
Ү
Үй саңырауқұлақтары (қат.Aphyllophorales, кл. Basidiomycetes) – ағашты, тұрмыс және өндірістік құрылыстардағы ағаштан жасалған заттардың белсенді жоюшысы. Үйлерге құрылыс кезінде жараланған материалды қолданудан немесе теріс эксплуатациялаудан (жоғары ылғалдылық) түседі. Ағаш споралармен немесе мицелий кесініділерімен жараланады. Олар өсіп, ірі (диаметрі 0,5 м), кең жайылған, ашық сарыдан қоңыр-сарыға дейін, жеміс денелерін түзеді. Нағыз үй саңырауқұлағы (Serpula lacrimans) тек құрылыстарда ғана таралады, табиғатта кездеспейді. Жеміс денесі жайылған, губкалы, қырлары ақшылт түсті. Гименофор ірі торлы, поралы, сары-қңыр. Ақ үй саңырауқұлағы (Coryolus vaporarius) жеміс денесін өте сирек түзеді және мақта немесе үлпілдек мицелий ретінде немесе сәулелі, мақтатәрізді қабыршақтар ретінде тіршілік етеді. Бұдан басқа кәдімгі кониофора (Cоniophora puteana) саңырауқұлағы кең таралған. Үй саңырауқұлақтары еден, үй қабырғалары мен төбе бойымен ірі мицелиальді жіптер арқылы тарайды. Күресу шаралары – себу, жағу,. Антисептиктер ретінде фторлы натрийдің 3%-к сулы ерітіндісін, кремнийлі-фторлы натрийдің 2-2,5%-к сулы ерітіндісін, креозот майын, техникалық оксидифенол қолданылады.
Үштік реликттер – үштік кезеңінен бері сақталған өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар.
Ф
Фаза – ағзаның дамуы мен өсуі үрдісіндегі бірін бірі ауыстыратын бірнеше сапалық сатысы.
Факультативті паразит – паразит, бірақ белгілі жағдайларда сапротроф ретінде тіршілік ете алады.
Фаллотоксиндер – ақ поганка саңырауқұлағынан бөлініп алынған күрделі химиялық табиғатты токсиндер тобы. Клетканың эндоплазмалық торын зақымдайды.
Фаллюсті саңырауқұлақтар (қат. Phallales, кл. Basidiomycetes) – жасында жеміс денесі жұмыртқа пішінді немесе шар тәрізді, ақ не сарғыш болатын саңырауқұлақтардың шамалы тобы. Уақыт өте перидий жарылып негізде вольва түрінде қалады. Жұмыртқадан қуысты, көпіршікті, басында қоңырау тәрізді ұалпағы бар цилиндрлік рецептакул пайда болады. Глеба етті, балауызда, лабирнтті камералары болады. Споралары бір клеткалы, эллипсті, түссіз немесе боялған болады. Құмды, сазды, әкті топырақта, қоңыржай белдеуінің қылқанды және жапырақты ормандарында, сондай-ақ тропиктерде кездеседі.
Әлемде 65 түр белгілі. Қазақстанда 60 түр анықталған.
Фацидийлі саңырауқұлақтар (қат. Phacidiales, кл. Ascomycetes) – жеміс денесі жас кезінде перитецийге ұқсас, домалақ, кейде ұзынша, тұйық; ауақыт өте жырақты не лопастьті жарылады. Қалталары цилиндрлік, түйреуішті, палисадты қабатпен орналасқан, парафиздерімен. Споралары бір және көп клеткалы. Негізінен сапротрофтар, орман түсімінде тіршілік етеді. Бірақ экономикалық маңызды паразиттер де бар.
Әлемде 250 түр белгілі. Қазақстанда 22 түр анықталыған.
Фацидиоз, қарлы шютте (нем.schutten – себу) – қарағай, шырша, кедр өркендерінің қылқандарының, кейде жас және кәрі ағаштардың кең таралған ауруы. Қоздырғыш – фацидий (Phacidium infestans, қат. Phacidiales). Өсімдіктің зақымдалуы күзде өтеді. Көктемде қылқандар өрмекті сұр өңезбен қапталады, жаз бойы эпидермистің астында қара дақтар – саңырауқұлақтың жеміс денелері дамиды. Ауруға қылқандардың сарғаюы, кейін түсуі тән, бұл өсімдік өліміне әкеледі. Көбіне өркендердің шығыны 60% және одан да артады. Күресу шаралары – дұрыс агротехника, санитарлық шаралар, питомникті дұрыс орналастыру (қарағай орманын алшақ), ауруға төзімді сорттар енгізу, маусым-қыркүйекте цинебпен, коллоидты күкірттің 1,2% ерітіндісімен, бордос сұйықтығымен, әкті-күкіртті ерітіндімен залалсыздандыру.
Феллориния шишковатая (Phelorinia strobilina, қат. Tulostomatales) – жеміс денесі ірі, биіктігі 25 см және ені 20 см-ге дейін, анық табаны: теріс конусты, сарғыш, сүректі, ұшар басында экзоперидиймен қапталған және анық зоналылықты, 4-6 қырлы пирамидалы өскіндер орналасқан. Пісіп жетілу кезінде пирамидалы қабаттар толығымен немесе жартылай түсіп қалуы мүмкін. Ерекше саңырауқұлақ, үштік реликт, сирек кездеседі, жоғалу қаупінде. Жеуге жарамсыз. Арал-Каспий шөлінде, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, сексеуіл тоғайларында кездеседі. Әлемде бірлік экземплярлар мен бөлек «пирамидалар» Австралияда, Оңтүстік Америкада, Үндістанда, Африкада табылған. Қазақстанда, ботаника институтында әлемдегі жалғыз екі бүтін экземпляр бар.
Фенотип (гр.phaino – табамын) – сыртқы орта мен генотиптің әсерлесуі нәтижесі ретіндегі ағзаның сыртқы және ішкі белгілерінің жиынтығы.
Фентуриам – фенолдың қатты иісі бар күңгірт-қызыл түсті ұнтақ түріндегі қоспа препарат. Көкөніс, дәнді-бұршақты, мақтаның тұқымдарын уландырғыш етінде пайдаланылады. Тамыр шіріктері мен тұқымның зеңденуіне қарсы қолданылады. Препарат шығыны: 2-4 г/кг тұқым, 8-10 г/кг түйнек.
Ферменттер (лат.fermentum – ашу) – биологиялық зат айналымында маңызы зоа биологиялық катализаторлар. Саңырауқұлақтарда барлық негізгі топтардың ферменттері табылған: гидролиттік (химаза, карбогидраза, липаза), тотығу-тотықсыздану (оксидаза, дегидраза, редуктаза), ашытқы (зимазалар) және т.б. 2000-нан астам фермент белгілі.
Фертильдік – ағзаның жынысты көбею, тіршілі етуге қабілетті ұрпақ беруге қабілеттілігі.
Фиалида – конидия тасушының бір немесе конидиялар тізбегі бар, бөтелке пішінді жоғарғы клеткасы. Аспергилл (Aspergillum), пеницилл (Penicillum), вертицилл (Verticillium) туыстары саңырауқұлақтарында кездеседі. Кейде фиалидтер метула мен гифаларда түзіледі.
Фиалоспора, фиалоконидия – фиалидтерде, конидиогенді клеткаларда эндогенді және экзогенді түзілетін спора.
Фибриллдер – цитоплазманың субклеткалық құрылымдары, клеткаға беріктік, қаттылық қасиетін береді. Сондай-ақ жиырылужәне қозғалу қызметтерін атқарады.
Физаральді миксомицеттер (қат.Physarales, Myxomycota бөлімі) – плазмодийі көпіршікті, сары, кейде ақ немесе түссіз. Спора тасушылары домалақ, цилиндрлік, отырыңқы немесе табанды. Капиллиций торлы, жақсы дамыған. Споралары қалыпты домалақ, жұмыртқа пішінді, тегіс, ұсақ сүйелді, тікенекті, күңгірт, кейде күдгін. Шіріген ағаш қабығында, сүректе, тірі мүктерде, құрғақ жапырақтарда, бұтақтарда кездеседі.
Әлемде 170 түр белгілі. Қазақстанда 43 түр анықталған.
Фиксация, фиксациялау (лат.ficsatio – орнықтыру) – залалсыздандыру, құрылымын сақтау және ыңғайлы қолдану мақсатымен препаратқа түрлі әсер ету: түрлі ерітінділерге батыру (спирт, формалин, т.б.).
Филаменттер (лат.filamentus – жіп) – саңырауқұлақтардың ақуыздық цитоплазмалық жіпшелі ультрақұрылымдары, диам. 10-25 мкм. Қызметі анықталмаған.
Филогенез – толық органикалық дүниенің немесе бөлек жүйелік категориялардың эволюциялық даму үрдісі.
Фито- (гр.Phyton - өсімдік) – күрделі сөз бөлшегі, өсімдікке қатынастылықты білдіреді.
Фитоалексиндер – паразиттің енуіне жауап ретінде жоғары өсімдіктерде (тек қана ауру) түзілетін антибиотиктер. Патогеннің (саңырауқұлақ, вирус, бактерия) дамуын тежеп, тоқтатады.
Фитобактерин (ФБМ) – актиномицеттен (Actinomycetes levendulae, штамм 696) алынған препарат. 5% дуст түрінде шығарылады. Бактерицидті және фунгицидті әсердің кең спектріне ие. Бұршақ тұқымдастарының бактериоздары мен қарағай өркендерінің солуына қарсы пайдаланылады.
Фитоиммунология – өсімдіктердің патогенді ағзалардың агрессиясына қорғаныш реакцияларын зерттейтін фитопатология ғылымының бөлімі. Паразит пен иенің өзара әсерлесуін, бейімделушілігін және екекуінің тіршілік ететін экологиялық ортасын зерттейді.
Фитонцидтер - өсімдіктермен бөлінетін биологиялық белсенді заттар. Түрлі микроағзалардың дамуы мен өсуін тежеуге және өлтіруге қабілетті.
Фитопатоген - өсімдік ауруын туғызатын тірі ағза (вирустер, саңырауқұлақтар, бактериялар).
Фитопатология – паразитті (жоғары сатылы өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жәндіктер, вирустер, микробтар) және паразитті емес (аяз, күю, т.б.) себептермен қоздырылған өсімдің аурулары мен оларды алдын алу және емдеу әдістерін қарастыратын ғылым.
Фитосаркодина – миксомицеттер.
Фитотрон (гр.thronos – мекен) – жасанды климат камерасы, онда өсімдікті тіршілік әрекеті рдісінде зерттеуге қажет жағдайлар жасалады.
Фитофильді саңырауқұлақтар (лат.phytophilus - өсімдік сүйгіш) – жоғары сатылы өсімдіктерде дамитын паразитті және сапротрофты саңырауқұлақтардың жалпы атауы.
Фитофтора (т. Phytophtora, қат. Peronosporales) – саңырауқұлақ мийелийі ұзын, тік не иілген, гаусториялы гифалардан тұрады. Хламидиоспоралары шар тәрізді, түссіз, сарғыш, интеркалярлы, терминальді, көп. Жыныссыз көбеюі сопақша, лимон тәрізді немесе теріс алмұртты зооспорангийлер арқылы. Зооспоралар бүршік тәрізді, екі жіпшелі. Жынысты көбеюі – оогамия. Оогонийлері домалақ. Антеридийлер түйреуіш тәрізді, шар тәрізді немесе бұрыс пішінді. Ооспоралар шар тәрізді, дара, қалың, тегіс не кедір-бұдыр қабықшалы. Әлемде кеңінен таралған паразиттер. Ауыл шаруашылығына, орман, жабайы және мәдени өсімдіктерге үлкен зиян келтіреді.
Флора – 1) белгілі бір территорияда мекен ететін өсімдіктер тізімі. Оған латын ататуы, диагноз (морфологиялық бейнелеу), әлемде және берілген территорияда таралуы кіреді; 2) берілген территориядағы тарихи қалыптасқан өсімдік түрлерінің жиынтығы мен олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы.
Формалин – формальдегидтің 40% сулы ерітіндісі. Тұқымдарды көптеген саңырауқұлақ және бактериялы аурулардан уландыруға арналған препараттардың ең жақсыларының бірі. 15% концентрацияда пайдаланылады. Формалин топырақты залалсыздандыруда қолданылады: 250 мл 40% ерітінді 10л суға, отырғызудан бұрын 2-3 жұма бұрын 1м2-қа;5% концентрацияда – жұмыс құралдарын, ыдысты залалсыздандыруың өте жақсы құралы.
Фрагмидий, фрагмидиум (т.Phragmydium, қат. Uredinales) – раушангүл тұқымдастары татының қауіпті қоздырғышы. Көп түрлердің даму циклінде барлық саты (0,I, II, III) кездеседі, алайда кейбіреуінде толық емес цикл болады. Бұл саңырауқұлаққа тән сипат – көп клеткалы телиоспоралар, қалыпты олар ұзын, 120мкм-ге дейін, берік табанда, спорада қысқа немесе ұзарған, 30 мкм-ге дейін, өскінмен. Барлық жерде таралған.
Әлемде 60 түр белгілі. Қазақстанда 12 түр, олардың 6 түрі жабайы раушангүлдің паразиттері. Күресу шаралары басқа тат саңырауқұлақтарынмен бірдей.
Фрагмобазидия – көлденең қатпарлармен 4 клеткаға бөлінген базидия. Қастаушы және тат саңырауқұлақтарында кездеседі.
Фрагмоспора – бірнеше көлденең және тік қатпары бар спора.
Фузарий (т. Fusarium, қат. Hyphomycetales) – саңырауқұлақтың конидияларының екі типі бар: макро- және микроконидиялар, олар жай немесе бұтақтанған конидия тасушыларында, бөлек немесе спородохияларға және пионоттарға біріккен. Макроконидиялар 3-9 қатпарлы, орақ тәрізді, ұршық тәрізді, кейде ланцетті. Микроконидиялар бір клеткалы немесе 1-3 қатпарлы, сопақша, эллипсті, сирек шар тәрізді, ұршық тәрізді, тізбектерге немесе шоғырларға біріккен, ауалы мицелийде, жай немесе бұтақтанған конидия тасушыларында дамиды. Жас мицелий ақ, кейін қызғылттың немесе күлгіннің түрлі түстеріне боялады. Даму циклінде қолайсыз кезеңді өткізу қызметін атқаратын хламидиоспоралар мен склероцийлер болады. Топырақта, өсімдік қалдықтарында сақталады. Көп түрлердің гибберелла (Gibberella, қат. Hypocreales), микронектриелла (Micronectriella, қат. Hypocreales) туыстарының қалталы сатысы болады. Фузарийлер – адам, жануарлар, өсімдіктер мен жәндіктердің паразиттері, микотоксикоздарды, микоздарды, түрлі мүшелердің шірігін, трахеомикозды солуды тудырады. Антибиотиктер мен дәрумендерді өндіретін түрлер де бар. Табиғаттағы зат айналымға қатысады.
Фузариоз – фузарий саңырауқұлағымен қоздырылатын аурулардың жалпы атауы. Қоздырғыштар тамыр мен өткізгіш жүйені зақымдап, микотоксиндермен уландырады, бұл клеткадағы тургордың төмендеуіне әкеліп, нәтижесінде өсімдік солып, өледі. Күресу шаралары – агротехниканың жоғары дәрежесі, аладын алу және жою шаралары.
Фумиганттар (лат.fumigare – түтіндету) – аэрозольдер түрінде қолданылатын улы заттар. Залалсыздандыру мен зиянды және патогенді саңырауқұлақтармен күресте қолданылады.
Фугистатикалық заттар – саңырауқұлақ дамуын тежейтін , бірақ өлтірменйтін химиялық заттар.
Фунгицидтер (лат.caedoro - өлтіру) – саңырауқұлақтаық ауруларды қоздыратын ағзалармен күреске арналған улы химикаттар. Физикалық күйі бойынша құрғақ, сұйық, газ тәрізді болып бөлінеді. Сұйық фугицидтерге мыс купоросы, бордос сұйықтығы, формалин, афуган, бавистин, күкірттік және сынаптық қосылыстар, құрғақтарға – ұнтақталған күкірт, тиазон, т.б., газ тәрізділерге – ангидрит, хлорпикрин, күкірт сутек және т.б. жатады. Олар контактты әсерлі (фунгицид өсімдікке енбей, оның бетінде қалып паразитке тек тікелей қатынасқандағана әсер етеді) және жүйелі әсерлі (фунгицид өсімдікке еніп, ондағы паразиттерді жояды және барлық өсімдіктің зақымдалуының алдын алады. Фунгицид, инсектицид немесе басқа заттарды қолданар алдында қолдану шарттарын оқу қажет.
Фунгомицеттер – басқа саңырауқұлақтарда сапротрофты тіршілік ететін саңырауқұлақтар.
Фундазол, беномил – жүйелік фунгицид және бактерицид, ақұнтақ, сұр шірік, теңбілдік, солу және шіріктің қоздырғыштарына әсер етеді. Тат саңырауқұлақтары мен фикомицеттерге әмері жоқ. Ашық және жабық грунтта себіледі; 2-3 жұма сайын 0,05-0,1%, 1000л/г. Топырақты залалсыздандыруда – 5-10 г/м2.
Фуникулюс (лат.funicularis – жіп тәрізді) – перидий қабырғаларына перидиольдерді бекітетін гифалы тяж. Ұялы саңырауқұлақтарда кездеседі.
Функция (лат.functio – орындау) – толық ағзаның немесе оның бөлек мүшелерінің, ұлпаларының, органоидтарының жұмысы, қызметі.
Х
Хейлоцистидтер – агарикті саңырауқұлақтарда (қат.Agaricales) пластинкалар шетімен дамитын цистидтер.
Хемосинтез (гр.chemea – химия, synthesis – құрастыру) – микроағзалардың бейорганикалық заттардан химиялық энергияны пайдалана отырып, органикалық заттарды жасау қабілеттілігі.
Хиастобазидия – базидийдің аналық клеткасының ядросы көлденең бөлінгенде түзілетін базидия. Базидийлі саңырауқұлақтарда кездеседі.
Хитин (гр.hiton – жабын) – құрамында азот бар органикалық зат, полисахарид; үлкен беріктікпен сипатталады, суда, негіздерде, қышқылдарда ерімейді. Түрлі жануарлардың, жәндіктердің, саңырауқұлақтардың сыртқы қабығыныңқұрамына кіреді.
Хитридийлі саңырауқұлақтар (қат.Chytridiales, кл.Chytridiomycetes) – жеміс денесі жалаңаш плазмалық түйіршік немесе мицелийі нашар дамыған домалақ, ұзынша клетка түрінде, ал жоғары ұйымдасқандарда – жақсы дамыған клеткалық емес, көп ядролы мицелиймен. Ие-өсімдіктің клеткасында қабықшамен қапталып, жұмыртқа тәрізді, домалақ, кейде теріс жұмыртқа пішінді зооспорангийге айналады. Зооспоралары жұмыртқа тәрізді, домалақ, кейде алмұрт пішінді, ұсақ тікенекті, бір жіпшелі. Жыныстық көбею: гологамия, оогамия, зигогамия, гетерогамия. Тыныштықтағы споралар шар тәрізді, эллипсті, бұрышты, түссіз не сары қалың тегіс немесе мүсінді қабықшалы, дара не 16 спораға дейін ширатылған. Тұщы сулы және теңіз балдырларында, қарапайымдарда, саңырауқұлақтарда, жоғары сатылы өсімдіктерде паразиттік етеді, кейде суда ыдыраған органикалық қалдықтардағы сапротроф. Негізінен су ағзалары, барлық жерде таралған.
Әлемде 460 түр белгілі. Қазақстанда нашар зерттелген, 6 түр анықталған.
Хитридиомицеттер (кл.Chytridiomycetes) – жеміс денесе плазмодий немесе ризоидті нашар дамыған мицелий түрінде; голокарптық еукарптық. Қабырғаларында хитин бар. Жыныссыз көбеюі бір жіпшелі зооспоралар арқылы. Кейбір түрлерде вегетативті дене просорусқа айналып, зооспорангийлер тобына бастама береді. Жынысты көбеюі – изогамды немесе анизогамды планогамия, яғни нәтижесінде тыныштықтағы спора түзілетін екі жыныс клеткасының қосылуы.
Хитридиомицеттер тұщы және теңіз скында тіршілік етеді. Балдырлар, омыртқасыздар мен құрлық өсімдіктерінің паразиттері. Барлық жерлерде таралған.
Әлемде 575 түр белгілі. Қазақстанда 6 түр.
3 қатарға бөлінеді: Chytridiales, Monoblepharidales, Blastocladiales.
Хламидоспора (гр.clamidos – жабын) – мицелийдің ыдырауы кезінде пайда болатын клетка, түрлі пішінді, жиі домалақ. Қалың, тығыз, күңгірт қабықшамен қапталған, дара не тізбекте. Қалыпты қыстаудан кейін мицелиймен өсіп шығады. Тыныштықтағы саты болып табылады. Кейбір саңырауқұлақтарда (қастаушы және басқалары) даму цикліне міндетті саты болып кіреді.
Хлороз – хлорофилл мөлшерінің азаюы салдарынан жапырақтардың сарғаюы. Оның екі себебі бар: саңырауқұлақтармен, вирустермен, бактериялармен зақымдалу – инфекциялық ауру; топырақтағы темір, магний мен басқа элементтердің жетіспеушілігі, қатты ылғалдық пен нашар жарықтану – инфекциялық емес, функционалдық ауру.
Холобазидиомицеттер (кл.т. Holobasidiomycetidae, кл. Basidiomycetes) – түйреуіш тәрізді, кейде цилиндр пішінді бір клеткалы базидияның болуымен сипатталады. Үш қатарға бөлінеді: Exobasidiales, Agaricales, Aphyllophorales.
Хондриом – клеткадағы барлық митохондриялар жинағы.
Хондриосома – «митохондрия» терминінің ескірген атауы.
Хризомикса (т.Chrysomyxa, қат. Uredinales) – шыршаның қылқандарын, бүршіктерін, жас өркендерін зақымдап, қылқанның сарғаюын, иілген, қысқарған өркендер мен бұтақтардың тудырады. Бұл туыстың түрлері екі үйлі толық циклді (Ch. ledi), бір үйлі толық емес циклді (Ch. abietis), екі үйлі толық емес циклді (Ch. derormans, Ch. woroninii) болады. Күрес шараларынан Скор фунгициді – 0,15-02 л/га 2-3 рет, 8-12 күн сайын, өсімдіктерді бордос сұйықтығымен себу, зақымдалған түскен қылқандарды жинап жою.
Әлемде 20 түр белгілі. Қазақстанда 3 түр анықталған.
Хрома- (гр.chroma – түс, бояу) – күрделі сөздер бөлшегі, түс, боялу қабілеттілігін білдіреді.
Хроматин – клетка ядросындаға зат, негізгі бояулармен жақсы боялады. Хромосомалар негізін құрайтын нуклеопротеидті жіпшелер.
Хромобластомикоздар – хормодендрон (Hormodendron pedrosoi), фиалофора (Phialophora verrucosa) туыстары саңырауқұлақтарымен қоздырылатын адам терісінің ауруы.
Хромосомалық жиынтық - әрбір ағзаға тән хромосомалар тобы, жиыны. Гаплоидты – жыныс клеткаларында шоғырланған, және диплоидты – сомалық клеткалардағы хромосомалар жиынтығы болады. Тұқымдану кезінде гаплоидты аталық және аналық гаметалар қосылып, диплоидты хромосома жиынтықты зигота пайда болады.
Хромосомалар (гр.soma – дене) – ағзада тұқым қуалаушылық ақпарат жазылған, құрамы ДНҚ мен ақуыздардан тұратын ядроның құрамды бөлігі. Әр хромосома бір-біріне ұқсас екі хроматиннен тұрады. Мейоз нәтижесінде түзілген жыныс клеткаларында екі хромосоманың біреуі ғана болады.
Достарыңызбен бөлісу: |