Стеригмалар (гр.sterigma – тірек) – 1) базидийлердің базидиоспоралар орналасатын тікен тәрізді өскіндері; 2) жіңішке, қысқа клеткалар, олардан кейбір жетілмеген саңырауқұлақтарда конидиялар және қалталы саңырауқұлақтарда споралар бөлініп отырады.
Стерилизация (лат.sterilis – тұқымсыз) – материалдардағы микроағзаларды (бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустер) толықтай жою, оның түрлі әдістері бар: жоғары температура (100˚С артық), құрғақ ыстықпен және бумен, жоғары температура мен қысым бірге (автоклавтарда), химиялық және улы заттарды қолдану (сулема, хлороформ, карболка, йод, формалин, спирт, т.б.), сондай-ақ фильтрлерді қолдану арқылы (Шамберлен шырақтары). Медицинада, микробиологияда, тамақ өнімдерін консервілеуде қолданылады.
Стилоспоралар (гр.stilon – дің, бағана) – негізінен сферопсидті саңырауқұлақтарда пикнидаларда дамитын жыныссыз көбеюдің эндогенді споралары.
Стилоспорангий – споралар саны өте мол (7000-ға дейін), домалақ пішінді колонкасы бар спорангий. Спорангия тасушының басты осінде түзілді. Мукорлы саңырауқұлақтарда кездеседі.
Стильбеллды саңырауқұлақтар, коремиальді саңырауқұлақтар (тұқ. Stibellaceae, қат. Hyphomycetales) – синема түріндегі спора түзумен сипатталады. Конидиялары бір және көп клеткалы, муральді, шар тәрізді, ұршық тәрізді, спиральді ширатылған, дара, тізбекті, кейде кілегейге енгізілген. Шіріген ағаш сүрегіндегі, өлі өсімдік қалдықтарындағы, қалпақты саңырауқұларқатардағы паразиттер мен сапротрофтар.
Әлемде 200 түр белгілі. Қазақстанда 10 түр анықталған.
Стипитипеллис – табанның сыртқы қабаты, жиі табан страмасынан құрылымы бойынша ерекшеленеді.
Стихобазидия – цилиндр пішінді голобазидия.
Столондар (гр.stolo - өркен) – саңырауқұлақтың тез таралуы мен субстратта орналасуы қызметін атқаратын, арнайы мамнданған, тік немесе доғалы, бұтақтанбайтын мицелий түзілімдері. Мукорлы саңырауқұлақтарда кездеседі.
Строма (гр.stroma – дене, жамылғы) - өзара байланысқан гифалардан тұратын тығыз мицелийлі түзілім. Оның ішінде немесе үстінде жетілмеген саңырауқұлақтардың спора түзуші мүшелері немесе қалталы саңырауқұлақтардың жеміс денесі түзіледі. Стромалар дың пішіні әртүрлі болады: микроскопияықтан көзге көрінерлі, күлді, балауызды, түрлі консистенциялы, түрлі түсті. Қалталыларда келесі стромаларды ажыратады:
-
Вальсоидті строма – саңырауқұлақ гифалары мен ие-өсімдіктің ұлпаларымен түзілген тегіс дене. Субстрат ішінде орналасып, кейін тек басымен ғана шығады. Строма ішінде паритецийлер орналасады, олардың устьицалары орталыққа қарап, қуыс түзеді.
-
Диатрипоидті строма – ішінде перитецийлері орналасқа тегіс ложе. Олардың устьицалары субстрат бетіне ерекшеленіп шығады. Тек саңырауқұлақ гифаларынан ғана құралады.
Строчок (т.Gyromita, қат.Pezizales) – қалпақты саңырауқұлақ, жеміс денесе ірі, биіктігі 10-15 см, тік. Қалпағы бұрыс жұмыртқа пішінді, пішінсіз, етті, қара-қоңыр, табанмен сәл біріккен. Табаны қуысты, терең жырақты, бұрыс пішінді, ақщылт-сары, кейде қалпақтан күңгірт. Топырақ сопрострофы, негізінен қарағайлы ормандарда шөптесін өсімдіктердің арасында кездеседі. Қазақстанда аса таралмаған. Жеуге жарамсыз. Құрамындағы токсин – гиромитрин өлімге әкелуі мүмкін.
Әлемде 6 түр анықталған. Қазақстанда бір түр табылған.
Субгимений – гимений астында орналасқан тығыз байланысқан гифалардан тұратын қабат.
Субглеба – ликоперидон (Lycoperidon), кальвация (Calvatia, кл. Basidiomycetes) туыстары гастеромицеттерінің табанын ішінен жабатын залалсыз клеткалар.
Субикулюм – Hypocreales туысының кейбір саңырауқұлақтарының жеміс денесі батып тұратын гифалардың беткейлік, жұқа, борпылдақ, киізді байланысы.
Субстрат – қоректік көзі және орнығу негізі болып табылатын орта. Оған тірі ағзалар бекіп, қоректенеді.
Субфоссильді - өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың қазбалы қалдықтарын белгілеу үшін қолданылатын термин.
Су саңырауқұлақтар, гидромицеттер – тіршілік әрекеті толығымен олар үшін біріншілік, ал кейбіреулері үшін екіншілік орта болып табылатын сулы ортаға байланысты саңырауқұлақтар. Гидромицеттердің көбі тұщы суларда, сирегі – тұзды және ыстық кілттерде кездеседі. Жүйелік мағынада бұл топ сан алуан; төменгі сатылы саңырауқұлақтарға (кл. Oomycetes, Zygomycetes) қалталы саңырауқұлақтарға (кл. Ascomycetes), гифомицеттерге (кл. Deuteromycetes) жатады. Су саңырауқұлақтарына тән туыс өкілдері: ахлия (Achlya), сапролегния (Saprolegnia), трипоспермум (Tripospermum) және т.б.
Сфералы саңырауқұлақтар (қат. Sphaeriales, кл.Ascomycetes) – жеміс дегнесі – кәдімгі перитеций, домалақ, алмұрт тәрізді, шыңында саңылауы бар, беткейлік немесе строма не субстратқа негізімен енген, мөлшері әртүрлі.
Қалталары қалың қабықты, жоғары бөлігінде қалыңданған, цилиндрлік, түйреуіш тәрізді, парафиздерімен. Споралары бір не көпклеткалы, муральді, түссіз не боялған. Конидийлі саты көбінде болмайды. Паразиттік түрлерде болады және жетілмеген саңырауқұлақтардың 2-3 туысына жатуы мүмкін (Septoria, Phomopsis, Cytospora, қат. Sphaeropsidales). Жоғары сатылы өсімдіктерде, балдырларда паразиттік етеді, көбіне түрлі өсімдік қалдықтрында, сүректе, теңіз және өзен суында тіршілік етеді, капротрофтар да бар.
Әлемде 5000 тү белгілі. Қазақстанда 52 түр анықталған.
Сфероболды саңырауқұлақтар (қат. Nidulariales, кл. Basidiomycetes) – шар тәрізді жеміс денелі саңырауқұлақтар, көбіне отырыңқы. Перидий 3-5 қабатты, сыртынан нәзік киізді, уақыт өте келе ұшар басынан 5-8 жұлдыз тәрізді лопасттерге жарылады. Жеміс денесінде бір ғана перилиоля түзіледі, ол күшпен атылады. Базидийлер кең түйреуішті. Споралар шар тәрізді, эллипсті, тегіс, түссіз. Шіріген сүректі, қылқанды және жапырақтылардың бұтақтарын, шөп қалдығын, шөпжегіш жануарлар көңін мекен етеді.
Әлемде бір туыс пен бір түр белгілі. Қазақстанда анықталған – Sphaerobolus Stellatus.
Сферопсидальді саңырауқұлақтар (қат. Sphaeropsidales, кл. Deutero-mycetes) – спора түзу – пикнидалар, шар тәрізді, алмұрт тәрізді, басыңқы, диск тәрізді, дара не тығыз ширатылған, кейде бүйілерімен өзара бірігіп өседі, басында устьицесімен, поруспен ашылады. Стилоспоралар бір не көпклеткалы, пішіні, мөлшері, түсі алуан түрлі. Барлық жерде кездеседі. Сапртрофтар, бірақ паразиттер де бар: цитоспора (Cytospora) саңырауқұлағы сүйекті жемістілердің рак ауруын және бұтақтардың қурауын тудырады; аскохита (Ascochyta) және септория (Septoria) – жапырақ, шөптесін, ағаш пен бұталардың теңбілдігін тудырады.
Әлемде 6000 түр анықталған. Қазақстанда 1050 түр белгілі.
Сферосомалар – шамамен эндоплазмалық тормен байланысқан өте майда дөңгелекше денелер. Түйіртек құрылысты микроденешіктерге қарағанда сферосомалардың ішкі заты біркелкі болып келеді. Сферосомалардың негізгі қызметі – клеткада липидтік заттарды синтездеп, олардың түрліөзгерістерін реттеу.
Сферотека (т.Sphaerotheca, қат. Erysiphales) – клейстотецийлер шар тәрізді, қара-қоңыр, қарапайым иілген, түссіз не сәл қоңыр придаткалары болады. Споралары бір клеткалы, эллипсті, түссіз, 2-8 мөлшерде. Конидиялы саты – Оидиум. Мәдени және жабайы өсімдіктердің паразиттері, өте зиянды және қауіпті. Күресу шаралары: ерте көктемдегі зақымдалған өркендерді қиып, жою, коллоиты күкірт ерітіндісінің 0,1% суспензиясымен немесе 0,2% каратанмен себу.
Әлемде 10 түр белгілі. Қазақстанда 7 түр мен 34 форма анықталған.
Сфероциста – кейбір қалпақты саңырауқұлақ етінде кездесетін шар тәрізді гифа клеткасы.
Сыроежка (т. Russula, қат. Agaricales) – түрлі түстерге боялған қалпақты, орталықтық тік, қуысты немесе губкалы табанды саңырауқұлақтар. Қалпақ пен табан еті борпылдақ немесе тығыз. Жабыны болмайды. Олардың ішінде жеуге жарамды құнды түрлер көп. Жеуге жарамсыз бен аздап улылары да бар. Қарағайлы, шыршалы, аралас омандарда өседі. Микориза түзушілер бер.
Әлемде 275 түр белгілі. Қазақстанда 28 түр анықталған.
Т
Таксис (гр.taxis – белгілі бір ретпен орналасу) - әсер етуші факторлар (ылғалдылық, жарық, жылу, химиялық заттар) әсерінен ағзаның бағытталған қозғалысы. Жағымды таксис (әсер етуші көзге бағытталған) және жағымсыз таксисті (көзден кері бағыттағы) ажыратады.
а) аэротаксис (гр.aer – ауа) – ағзаның бос оттегінің көзіне қарай бағытталған реакциясы;
б) гидротаксис (гр.hydros – су) – қозғалысты су, ылғалдылық итермелейді.
в) термотаксис (гр.thermos – жылы, ыстық) – қозғалысты жылу туғызады;
г) трофотаксис (гр.trophe – қорек) – қорек көзіне бағытталған қозғалыс;
д) фототаксис (гр.fotos – жарық) – жарық әсерінен ағзаның қозғалуы;
е) хемотаксис (лат.chemia – химия) – қозғалысты химиялық заттар қамтамасыз етеді.
Таллом – саңырауқұлақтар мен балдырлардың вегетативті денесі, жоғары сатылы өсімдіктердегідей тамыр, сабақ пен жапыраққа бөлінбеген.
Тат – тат саңырауқұлақтары қоздыратын ауру. Өте зиянды ауру, барлық дерлік жүйелік топтардың өсімдіктерін зақымдайды. Ең үлкен зиянды дәнді дақылдарға келтіреді. Өсімдіктің қатты зақымдалуынан оның өнімділігі төмендейді. Орман шаруашылығына үлкен зиян келтіретін хризомикса саңырауқұлағы, ол Тянь-Шань шыршасы өркенінің орталық бүршігін зақымдап, өсімдіктің өсуін және дамуын тоқтатады. Аурудың тән белгісі - өркендердің телейтоспоралардың мол дамуынан қызыл-сары түске боялуы.
Татпен күресу шаралары өте күрделі. Олардан агротехникалық – топырақты өңдеу, фосфорлы-калийлі тыңайтқыштарды қолдану, сапалы тұқымдық материалды дайындау, төзімді сорттарды егу, аралық иені жою, сорлы өсімдіктерді – тат қоздырғышының резерваттарын жою. Химиялық тәсілдер – түрлі күкіртті, цинкті препараттарды қолдану, Арчер – 0,8 л/га, Скор – 0,15-0,2 л/га, 8-14 күн сайын, 2-3 рет.
Тат саңырауқұлақтары (қат.Uredinales, кл. Basidiomycetes) – облигатты паразиттер, табиғатта кеңінен таралған. Даму циклінде спора түзудің бес типі бар; 0 – спермогонийлер немесе пикнидийлер, I – эцийлер, II – урединийлер, III – телийлер, VI – базидийлер. Даму цикленде аталған типтердің барлығы бар түрлер толық циклді, ал спора түзудің бір бөлігі жоқтары – толық емес циклді деп аталады. Әрбір сатының ерекше құрылымы болады:
0 – спермогонийлер өсіп келе жатқан базидиоспораның гаплоидты мицелиінде жапырақтың жоғарғы бетінде түзіледі; сперматофорлар қабаты бар, домалақ, конус тәрізді немесе тегіс қызыл-сары спора тасушылар. Көбірек спермогонийлер эцийлер арасында дамиды және оларды анықтау өте қиын, және көбінесе мүмкін емес.
I – эцийлер, цеома, растелийлер екі қабатты мицелийде түзіледі, құрылымы әртүрлі.
Эцийлер (Aecidium) – спора тасушылар қызыл-сары түсті, спора түзуші қабаттың айналасында оларда қабықша-перидий түзіледі, ол жастарда күмбезді жинақы, уақыт өте келе ашылады, ішінде эциоспоралары көлденең қатарлармен дамиды. Puccinia, Uromyces туыстарында кездеседі.
Цеома (Caeoma) – тат сңырауқұлақтарының спора түзуінің ерекше түрі. Перидийі жоқ спора шоғырлары түрінде түзіледі, оларды айнала палисадты қабатпен парафиздер орналасады. Цемоспоралар домалақ, сопақша, ұсақ дәнді, тізбекті. Phragmidium, Melampsora туытарында кездеседі.
Растелиялар (Roestelia) – Gymenosporangium туысы саңырауқұлақтарының спора түзу формасы. Ұшар басында біріккен, эпидермис жырақтарынан шығып тұратын мүйіз тәрізді, қызыл-сары өскіндер. Жапырақтардың қалың дақтарында түзіледі. Споралар домалақ, көп қырлы, қоңыр.
II. Урединиялар (Uredinia) – тат саңырауқұлақтары дамуының жазғы сатысы. Домалақ, сопақша, шығыңқы, ұнтақты, қызыл-сары пустулалар, сорустар түрінде көрініс табады. Бір клеткалы, сары немесе қызыл-сары уредоспоралардын тұралы. Саңырауқұлақтың көбею және таралу қызметін атқарады.
III. Телийлер (Telio) – тат саңырауқұлақтарының қыстайтын сатысы, сопақша, домалақ, қоңырдан қара-қоңырға дейін, ұнтақты, қара қабыршақтар түріндегі пустулалар, топшалар түрінде көрінеді. Споралар сопақ, 2,5,6 және одан да көп қатпарлы, қысқа немесе ұзын табанда. Ол уредино сатының орнын басады.
Тат саңырауқұлақтары өсімдіктің зақымдалған бөліктерінің гипертрофиясын, ісіктерді, мыстан сыпырғыларын тудырады.
Әлемде 6000 түр белгілі. Қазақстанда 400 астам түр анықталған. Телиоспоралардың құрылысына тат саңырауқұлақтарының жүйесі негізделген.
Тафринді саңырауқұлақтар (қат. Taphrinales, кл. Ascomycetes) – жеміс денесі жоқ. Қалталары цилиндрлік, түйреуіш тәрізді, шыңында қиылған, субстрат бетінде тығыз қабат болып орналасады. Споаралар саны 4-8, бір клеткалы, шар тәрізді, ашытқы тәрізді бүршіктенеді. Жақсы дамыған эндофитті мицелийі бар. Ағаш және шөптесін өсімдіктердің жоғары маманданған паразиттері. Өсімдік мүшелерінің деформациясын, гипертрофиясын, мыстансыпырытқыларын туғызады. Негізгі туыс – тафрина (Taphrina).
Әлемде 107 түр белгілі. Қазақстанда 10 түр анықталған.
Текстура – конидиоманың құрылымдық ұлпасы.
Телеморфа – саңырауқұлақтар дамуының жетілген дыныстық тасысы.
Телиоспора – қастауыш және тат саңырауқұлақтарының генеративті спорасы, ішінде кариогамия мен мейоз өтеді. Саңырауқұлақтың қыстауы қызметін атқарады.
Телиоспоромицеттер (кл.т. Teliosporomycetidae, кл. Basisdiomycetes) – облигатты паразиттер. Ауыл шаруашылығына үлкен зиян әкеледі.Екі қатар ішінде бөлінеді – Uredinales, Ustilaginales.
Әлемде 7000 түр белгілі. Қазақстанда 700 түр анықталған.
Телофаза – митоздың соңғы сатысы. Мұнда хромосомалардың ыдырауы мен жаңа ядролардың құрылуы жүреді. Бұл кезде клетканың қақ ортасынын бөлетін қатпар пайда болады.
Темір купоросы – түрлі саңырауқұлақ ауруларының қоздырғышта-рымен , қыналармен, мүктермен, зиянкестермен күресудің химиялық құралы. Жалпы ерте көктемде немесе күздің аяғында 1-3% сулы ерітінді қолданылады.
Теңбілдік – түрлі туыстар саңырауқұлақтары қоздыратын аурудың жалпы атауы. Жапырақтарда, сабақтарда, жемістерде, тұқымда тегіснемесе шығыңқы дақтарлың пайда болуымен сипатталады. Өсімдік өшін ең қауіптісі – жапырақ теңбілі. Дақтардың пайда болуы ассимиляцияның нашарлауына, кейін қурауға әкеледі. Күресу шаралары – түскен жапырақтарды жинау және өртеу, бордос сұйықтығымен, фундазолмен, топсин-М, цинебпен, каптанмен, купрозанмен залалсыздандыру. Ұйқыдағы бүршіктерді ДНОК, нитрофенмен, темір немесе мыс купоросымен залалсыздандырады.
Термин (лат.terminus – шек) – белгілі бір түсінікті нақты түсіндіріп онвң қолдану шектерін белгілейтін сөз.
Термогенді саңырауқұлақтар (гр. therma – жылу, genesis – туу) – тіршілік әрекеті үрдісінде жылудың көп мөлшерін – 60-70˚С-ге дейін, бөліп шығаруға және қоршаған ортаны жылытуға қабілетті ағзалар. Мысалы, зең саңырауқұлақтары ылғалды шөптің, көңнің өздігінен жануын туғызады.
Термофильді ағзалар (гр.phileo – сүйемін) – жоғарғы темепературалар жағдайында (ыстық кілттерде, көңде, ылғалды шөпте, бидайдың үлкен үйінділерінде) тіршілік ететін саңырауқұлақтар мен бактериялар. Бұл микроағзалардың тіршілігі үшін оптимальді температура – 50-60˚С. Бұл температурадан төмен нашар дамиды, немесе мүлдем өспейді.
Терпентин – қылқанды ағаштардың зақымдалуы жағдайында бөлетін балауызды сөлі.
Тиндализация – бөлшекті стерилизация немесе қайталанатын пастеризация. Қатты ысытуға шыдамсыз объектілерді стерилизациялауда пайдаланылады.
Тириотеций – жалпақ қалқан тәрізді жеміс денесі, кейбір қалталы саңырауқұлақтарға тән (тұқ. Mycrothyriaceae, қат. Capnodiales).
Токсиндер (гр.toxicon – у) – көптеген зиянды микроағзалардың, соның ішінде саңырауқұлақтардың клеткаларында түзілеін улы заттар. Физиологиялық ерекшеліктері бойынша токсиндер келесідей бөлінеді:
1) Эктотоксиндер (гр.ektos – сыртында) – ие ұлпасына өз түзілуі кезінде бөлінетін токсиндер;
2) Эндотоксиндер (гр.endos – ішінде) – токсигенді ағза ішінде түзіліп, оның өліміне дейін сонда болатын токсиндер, содан кейін ие ұлпасына түседі.
Тонопласт – вакуольді қоршайтын мембрана.
Топотип – тип жиналған жерде табылған экземпляр.
Топырақ – жер қыртысының жоғарғы қабаты. Тірі және өлі ағзалардың тау жыныстары қабатындағы табиғи сулардың, түрлі климаттық жағдайлардың әсерінен пайда болған табиғи-тарихи органо-минералдық дене. Топырақтың өзіне тән ерекше морфологиялық құрылысы болады. Оның құрылысы химиялық, физикалық және биологиялық ерекшеліктері бар әртүрлі қабаттардан тұрады.
Топырақ саңырауқұлақтары – саңырауқұлақтардың түрлі жүйелік топ түрлерін біріктіретін экологиялық тобы. Олар үшін тіршілік ортасы ортақ – топырақ. Біреулерде барлық өмірлік цикл топырақта өтсе, екіншілерде – тек кейбір сатылары ғана. Олардың экономикалық маңызы зор. Олар табиғаттағы зат пен энергия алмасуына қатысады, топырақ құрамын жақсартады, арасында микориза түзушілер, қауіпті ауру қоздырғыштары бар.
Топырақтың фунгистазисі (лат.fungus – саңырауқұлақ, stasis – қалып) – топырақтың топырақ ағзалары мен жоғары өсімдіктердің тамырлары бөлетін заттары арқылы фитопатогенді саңырауқұлақтардың өсуін тежеу қабілеті.
Төменгі саңырауқұлақтар, фикомицеттер (phycomycetes) – түрлері дамыған септилденбеген, хитині бар мицелийге ие саңырауқұлақтардың шартты атауы. Қарапайым ұйымдасқандарда мицелий жоқ, ал вегетативті денесі жааңаш протоплазма – амебоида түрінде берілген. Жыныссыз көбею зооспоралар арқылы жүзеге асады. Жынысты көбею планогамия типі бойынша, яғни екі жыныс келткасы немесе вегетативті гифалардың қосылуы (изогамия), оогамия, тыныштықтағы споралар түзілу арқылы жүретін зигогамия.
Төменгі сатылы өсімдіктер – түсінік ортақ белгілері (денесі жапырақ, сабақ пен тамырға бөлінбеген) бар алуан түрлі ағзаларды: актиномицеттер, миксомицеттер, саңырауқұлақтар, қыналар, балдырларды біріктіреді. Олар бір немес көпклеткалы және алуан мөлшерлі – микроскопиялықтан бірнеше ондық метрге дейін болуы мүмкін. Бұл түсініктің тарихи маңызы ьар, өйткені қазіргі ғылыми деректерге сәйкес, прокариоттарға бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатқызылып, қалғандары – эукариоттарға, сонымен қатар, саңырауқұлақтар мен актиномицеттер бөлек дүниеге бөлінген.
Трабекула – агарикті саңырауқұлақтардың пластинкасының бастамасы.
Трама – гастеромицеттер денесінің глебасындағы ұлпаның тұқымсыз бөліктері, залалсыз гифалардың байланысынан тұрады. Олар глебаны түрлі пішінді камераларға бөледі. Көптеген базидийлі саңырауқұлақтарда – жеміс денесіндегі тұқымсыз гифалардан түзілген қабатаралық.
Трахеомикоз – вилт, қурау.
Трихиальді миксомицеттер (қат. Trichiales, Myxomycota бөлімі) – плазмодий сулы, қызыл, қызғылт, сұр, ақ, қоңыр. Спора тасушылар жұмыртқа пішінді, домалақ, цилиндрлік, табанда, сарғыш-қызыл, күңгірт-каштанды. Капиллиций түтікті талшықтардан түзіледі; торлы, жылтыр-сары, кейде нашар дамыған. Споралары домалақ, ұсақ тікенекті, массасында сары, қызғылт. Топырақта, шіріген сүректе, ағаш қалдықтарында, трутты саңырауқұлақтарда тіршілік етеді.
Әлемде 272 түр белгілі. Қазақстанда 31 түр анықталған.
Трихогина (лат.trichos – қыл) – қалталы саңырауқұлақтардың жоғарғы, жіңішке, түтікті, цилиндрлік бөлігі.
Триходерм – қалталы саңырауқұлақтардың тығыз немесе борпылдақ байланысқан гифалардан құралған жіңішке жабын ұлпасы.
Триходерма (т.Trichoderma, қат. Hyphomycetales) – жас кезінде ақ, кейін жасыл-сары түсті саңырауқұлақ. Мицелий, конидиялар және конидия тасушылардан құралған. Конидия тасушылар көтеріңкі, бұтақтанған, түссіз, бөтелке тәрізді фиалидалар орналасады. Оларың шыңында бір клеткалы ашық түсті конидиялар түзіледі. Негізінен топырақта тіршілік етеді, алайда өсімдік қалдықтарында, сүректе де кездеседі, кейде басқа саңырауқұлақтарда паразиттік етеді.
Әлемде 9 түр белгілі. Қазақстанда 4 түр анықталған.
Кейбір түрлерден триходермин препараты алынған, ол ауылшаруашылық өсімдіктерінің тамыр шіріктеріне және мақта вилтына қарсы пайдаланылады. Препарат – споралар, мицелий мен субстраттың қоспасы. T. Viridis саңырауқұлағы виридин антибиотигінің продуценті.
Трихомицеттер (кл.Trichomycetes) – микросеопиялық ағзалар, денесі бір клетка және одан шығатын клеткалы емес бұтақтанбайтын мицелиймен бнрілген. Мөлшері микроскопиялық, кейбіреулерінің ұз. 1см-ге жетеді. Көбеюі – зигогамия. Экзогенді трихоспоралар мен түрлі придаткалар және артроспоралар арқылы жүретін жыныстық және жыныссыз көбеюі бар. Көптеген зерттеушілер оларды хлорофиллін жоғалтқан балдыр деп санайды. Трихомицеттер түрлі жәндіктер, шаянтәрізділер, көпаяқтыларлың асқорыту мүшелерінде тіршілік етеді. Иесімен қарым-қатынас түрі әлі анықталмаған (паразитизм немесе коменсализм).
Әлемде 100 түр белгілі. Қазақстанда зерттелмеген.Үш қатарға бөлінеді: Harpellales, Eccrinales, Asellariales.
Трихотецин – трихотеций саңырауқұлағынан алынған анибиотик. Препарат шырша, қарағай тұқымдарының өсу энергиясын жоғарылатады. Сондай-ақ ол ветеренарияда ірі қараны дерматомикоздардан емдеуде қолданылады.
Трихофития – бет, қол, дене, табан терісін, тырнақты, бастың шашты бөлігін зақымдайтын ауру. Кейде өкпе, сүйек ұлпаларын, бүйрек, ми және лимфалық түйіндерді зақымдайды. Қоздырғыш – Trichophyton (кл. Deuteromycetes) және оның қалталы сатысы Arthroderma (кл. Ascomycetes). Трихофитияның тек адамда ғна емес, жануарлар мен құстарда кездесетін 20-дан астам қоздырғышы анықталған.
Тропизм (гр.tropos – бұрылыс, бағыт) – бекіген өсімдік мүшелерінің түрлі тітіркендіргіш факторлардың әсерінен иілуі, бұралуы. Фактар атауына байланысты келесідей бөледі:
а) готропизм – жердің тартылыс күштері;
б) гидротропизм – су, ылғалдылық;
в) термотропизм – жылу;
г) фототропизм – жарық;
д) хемотропизм – химиялық заттар. Трут саңырауқұлақтары (қат. Aphyllophorales, кл. Basidiomycetes) – бірнеше тұқымдастар ішінде таралған саңырауқұлақтардың үлкен тобы. Жеміс денелері алуан түрлі: субстратта жайылған, жайыла қайырылған, отырыңқы, қалпақты табанды, тұяқ тәрізді, қатты консистенциялы, диам. 0,5-1 см-ден 0,5-1 м-ге дейін және салмағы 10 кг дейін. Гименофоры жиі түтікті, ұзын бір не көп қабатты түтіктерден құралған, тікенекті, лабиринтті, сирек пластинкалы. Негізінен өлі және өңделген ағашты мекен ететін сапротрофтар. Кейбіреулері тірі ағштардың тамыры мен діңдерінде тіршілік ететін паразиттер. Барлық жерде таралған. Қылқанды, жапырақты, аралас омандарда, шаруашылық құрылыстарда кездеседі.
Әлемде 1000 түр белгілі. Қазақстанда 220 түр анықталған.
Трюфелді саңырауқұлақтар (қат. Tuberales, кл. Ascomycetes) – жеміс денелері жер асты, түйнекті, домалақ, диам. 5-15 см, салмағы 1 кг дейін. Перидий тегіс немесе сүйелді. Ішкі жағы етті, кескінде мәрмәрлі өрнегі бар. Негізінен емен ормандарында, жылы климатта тіршілік етеді. Негізі туыс – тубер (tuber).
Әлемде 150 түр белгілі. Қазақстанда кездеспейді. Жеуге жарамды, өте дәмді саңырауқұлақтар.
Туберкулярлы саңырауқұлақтар (тұқ. Tuberculariceae, қат. Hyphomycetales) – түрлі пішінді спородохийлерді түзілуімен сипатталады: жазық, жастық тәрізді, диск тәрізді, тегіс, барқытты, балауызды және т.б. Конидия тасушылары қысқа, ұзарған, жай, фиалидті және фиалидсіз. Конидиялар бір не көпклеткалы, домалақ, цилиндрлік, тегіс, дәнді, кірпікті және кірпіксіз, дара, шоғырлы, тізбекті, түссіз немесе боялған.Паразиттер, адам, жануар, жәндіктер, саңырауқұлақтар мен өсімдіктердің факультативті паразиттері. Кейбір түрлерде қалталы саты болады.
Әлемде 125 түр түр белгілі. Қазақстанда 50 түр анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |