Псевдомикориза – микориза түрі. Мұнда саңырауқұлақ гифалары ие-өсімдіктің клеткасының ішінде орналасады, және бұл жағдайда саңырауқұлақ симбиот емес, паразит болып табылады.
Псевдомиксис (гр.mixis – араласу) – жалған жыныс үрдісі, мұнда ұрықтану протопласттың бір клеткадан екінші клеткаға құйылуы арқылы жүзеге асады.
Псевдопарафиздер – сырт бейнесі бойынша нағыз парафиздерге ұқсас, алайда табиғаты өзгеше жіпшелі көп клеткалы құрылымдар. Жеміс денесінің орталығы ұлпасының қалдықтарынан түзіледі. Локулоаскомицеттерде қалталар арасында, ұшар бастарымен қосыла орналасады.
Псевдоперидий – ие-өсімдіктің эпидермисі мен тат саңырауқұлақтарының ұрықты клеткалары арасындағы залалсыз клеткалардың бірнеше қабатынан тұратын қабатаралық.
Псевдотеций, псевдоперитеций – аскострома.
Псевдопикнида – тегіс конидиальді қабатты конидиальді спора түзудің ерекше типі. Нағыз пикнидаларда конидия тасушылар радиальді орналасады. Олардың пішіні мен құрылымы алуынтүрлі: тегіс конидийлі қабатты жауып тұратын тегіс қалқан тәрізді, нағыз пикнидаларға ұқсас домалақ жастықшалар, саңылауы жоқ тегіс қалқанмен жабылған ұзынша ложе.
Псевдоплазмодий – сырт бейнесі плазмодийге ұқсас, алайда өзінің амебелердың біріккен тобы екендігімен ажыратылады. Псевдоплазмодийлер қоректің жетіспеушілігі кезінде түзіледі.
Псевдоподийлер, жалғанаяқтар (гр.podos – аяқ) – клетканың әртүрлі бөліктеріндегі цитоплазманың сыртқа ығысуы; олар арқылы кейбір саңырауқұлақтар қозғалып қоректенеді.
Псевдосклероций – склероцийге ұқсас, домалақ немесе сопақша дене. Саңырауқұлақ мицелиімен тесілген субстрат.
Псевдоспора – қастаушы саңырауқұлақтарының базидиоспорасы.
Псевдострома – сырт бейнесі стромаға ұқсас, бірақ ие-өсімдіктің ұлпасы мен мицелийден тұратын құрылым.
Псевдоэталий – көптеген бір-біріне тығыз жабысқан, алайда дара, өзінің клеткалық қабықшасын сақтаған спорангийлер.
Псилоцибин – псилоцибе (Psylocybe mexicana) саңырауқұлағынан бөлінген, галлюциногендік әсері бар табиғи қосылыс.
Пустулдар – саңырауқұлақтың кішігірім көпіршікті, ұзынша, домалақ топтамасы немесе ісік түріндегі спора тасушылары. Басында ие-өсімдікті эпиднрмисімен жабулы, кейін споралы массаны босатып жарылады.
Р
Радиобиология (лат.radio – сәулелендіремін) – сәулеленудің барлық түрлерінің тірі ағзаларға әсерін және одан қорғану тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Радиорезистенттілік – иондаушы радиацияға ағзалардың төзімділігі. Түрлі ағзалардың тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар: физикалық күйі, сәулелену дозасы мен уақыты, радиоқорғаныш құралдардың барлығы, ауа және қоректік ортаның құрамы, т.б. әсер етеді.
Радиосезімталдық – түрлі ағзалардың иондаушы сәулеленуді сезу қабілеті.
Радулоспоралар – конидия тасушының ұшар басындағы кішігірім стеригмаларда орналасатын споралар.
Рак аурулары – ісіктер, галлдар, өскіндер. Зақымдалған ұлпа клеткалары көлемінің қатты өсуі нәтижесі болып табылады. Қоздырғыштар: нектрия (Nectria, қат. Hypocreales), сферопсис (Sphaeropsis, қат. Sphaeropsidales), синхитрий (Synchytrium, қат. Chytridiales) туыс саңырауқұлақтары, сондай-ақ бактериялар.
Рамоконидиялар (лат.ramos – бұтақ) – конидия тасушының бір бөлігінен немесе бұтағынан дамитын конидиялар.
Редуценттер (лат.reducentis – қалпына келтіруші) - өлі органикалық заттармен қоректенетін, тіршілік әрекеті барысында күрделі органикалық заттарды қарапайым, бейорганикалық заттарға айналдыру қабілеті бар ағзалар. Трофтық тізбекте соңғы саты болып табылады.
Реверзум (лат.reversus – қайтарылған) – саңырауқұлақ колониясының тығыз агаризделген қоректік ортада өсірілген төменгі жағы.
Реликті саңырауқұлақтар (лат.relictum – қалдық, реликт) – сирек және өте сирек, ежелгі саңырауқұлақтар, шектеулі мөлшерлі және ыдыраған ареалды.
Реликттер – жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың ежелгі геологиялық кезеңдерден сақталған түрлері, туыстары және басқа да таксондары. Ежелде кеңінен таралған, алайда қазіргі кезде аз мөлшерлі және ареалы шектеулі. Олардың гүлдену және басымдылық уақыты бойынша реликттер үшінші реттік, голоцендік, плейстоцендік және т.с.с. бөлінеді.
Репродукция (лат.re – қайталау, productio - өндіру) – 1) жаңа дарақтардың пайда болуы немесе көбею; 2) түрлі факторлар: жаралану, тітіркену әсерінен пайда болатын жаңа түзілімдер.
Репродукциялы көбею – репродукциялық мүшелер арқылы жүретін көбею.
Ресупинатты жеміс денелері (лат.resupino – аударылған) – діңге, тамырға жабысқан қабықша түріндегі, субстрат бойымен жайылған денелер. Афилофорлылардың кейбір түрлерінде кездеседі.
Рефугиум (лат.refugium – үй) – кез келген тірі ағзаның қолайсыз жағдайларды өткізетін орны.
Рецептакул (лат.receptaculum – қойма) – 1) лабульбенді саңырауқұлақтардың вегетативті денесі; 2) жеміс денесінің қуыс цилиндр түріндегі залалсыз ішкі бөлігі. Фаллюс туысында кездеседі.
Ризоидтер (гр.rhiza – тамыр) – жұқа, қысқа, бұтақтанған жіпшелер түріндегі тамыр тәрізді құрылымдар, субстратқа бекіну қызметін атқарады. Мукорлы саңырауқұлақтарда кездеседі.
Ризоктониоз, талшықты ауру – көптеген көкөністерді зақымдайтын ауру. Қоздырғыш – Rhizoctonia violaceae, қат. Mycelia sterilla. Ол топырақта сақталады. Инфекцияның көзі – склероцийлер, түйнекдемістілердің қалдықтары. Күресу шаралары – агротехникалық шаралар кешенін ұстану, ауру ошақтарын формалинмен залалсыздандыру.
Ризомания, «сақалдық» - қант қызылшасының ең қауіпті ауруларының бірі. Қоздырғышы қант қызылшасының тамырларының сарғаю вирусі. Тасымалдаушы – Polymyxa betae саңырауқұлағы. Вегетация кезінде жапырақтарда некроз бен сарғаю белгілері пайда болады. Алайда бұл белгілер анық көрінбейді, сондықтан ауруды анықтау қиынға соғады. Күресу шаралары – агротехникалық, профилактикалық, химиялық, биологиялық және селекциялық шаралар кешені.
Ризомицелий – тамыр қылдарына ұқсас, нашар дамыған мицелий. Хитридийлі саңырауқұлақтарда кездеседі.
Ризоморфтар – параллельді орналасқан және бірі бірімен кілегейлі затпен қосылған гифалар. Екі қабаттан – сыртқы қалың суректен және ішкі түссіз, жұқа орталықтан тұрады. Топырақта, тамырларда, ағаш сүрегі мен қабығының арасында таралады.
Ризосфера (гр.sphaera – сфера) - өсімдік тамырымен жанасатын топырақ қабаты. Үлкен биологиялық белсенділікпен, түрлі микроағзалардың молдығымен сипатталады.
Риноспоридиоз – мұрынның, көздің, құлақтвң, кеңірдектің кілегей қабықтарының қабынуына, сондай-ақ мұрында полиптердің түзілуіне әкелетін ауру. Қоздырғыш – Rhinosporidium seeberi, табиғаты анықталмаған. Ауру негізінен жылы мемлекеттерде кездеседі.
Рогатикті саңырауқұлақтар (қат.Aphyllophorales, кл.Basidiomycetes) – жеміс денелері қарапайым, түйреуіш тәрізді, бұтақтанған, етті, шеміршекті, сары, қызыл-сары, биіктігі 10 мм-ден 20-25 см дейін. Гимений қалың, субгименийі жақсы дамыған. Орман төсенішіндегі, шіріген өсімдік қалдықтарындағы сапротроф. Паразиттер бар. Барлық жерлерде, әртүрлі ормандарда таралған.
Әлемде 500 түр белгілі. Қазақстанда 26 түр анықталған.
Рыжик (Lactarius delicious, қат.Agaricales) – қызыл-сары түсті саңырауқұлақ. Қалпағы диам. 3-5 см., домалақ, дөңес, кейін воронка тәрізді, жабысқақ. Пластинкалар түспелі, қызыл-сары. Табаны тік, қуысты, қызыл-сары, ұз. 3-8 см. Жеуге жарамды, өте дәмді, бірінші категориялы. Қылқанды, сирек аралас ормандарда өседі. Қазақстанда шыршалы және аралас ормандары бар барлық жерлерде кездеседі.
С
Саңырауқұлақтың вегетативті денесі – грибница.
Саңырауқұлақтың жеміс денесі – қатты тарамдалған вегетативті гифалардың байланысуымен түзілген қойма, ішінде жыныстық көбею споралары болады. Ол спораларды қорғау мен тарату қызметін атқарады. Анықталған, және де әрбір жүйелік топ үшін ерекше пішіні мен ерекше атауы болады. Мысалы, тұйық дене клейстотеций, басында қуысы бар – перитеций, ашық – апотеций деп аталады. Базидийлілерде – тұяқ тәрізді, қабықшалы, жайылған, шар тәрізді, табан мен қалпақтан тұратын және т.б. Пішіні, түсі, консистенция, құрылымы алуан түрлі және таксономиялық белгі болып табылады.
Саңырауқұлақтарды қорғау – жоғалу қацпіндегі саңырауқұлақтарды қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Мұның негізгі себептерінің бірі – саңырауқұлақтардың белсенді жиналуы; адамның шаруашылық әрекеті: орманды жою, жерлерді жырту, пайдалы қазбаларды барлару, ортаның ластануы. Еуропалық микологтардың конгресінде (1978) саңырауқұлақтарды қорғаудың мұндай шаралары ұсынылған: біріншіден, сирек және жойылу қаупіндегі саңырауқұлақтарды анықтау, «Саңырауқұлақтардың Қызыл кітабын» құрастыру, қорықтар мен қорықшалар ұйымдастыру, пісіп жетілген саңырауқұлақтарды жинауға тыйым салу.
Саңырауқұлақтардың иконографиясы – саңырауқұлақтардың өрнектерінің жинағы.
Саңырауқұлақтардың мәдениеті – қоректік ортада споралардан немесе мицелий үзінділерінен саңырауқұлақтарды қолдан өсіру үрдісі. Ежелгі заманнан бері адам кейбір саңырауқұлақ түрін қолдан өсіріп келеді.Ең кең таларған «мәдени» саңырауқұлақ – екі споралы шампиньон (Agaricus bisporum).
Саңырауқұлақтың таза мәдениеті – жасанды қоректік ортада мицелий бөлігінен немесе бір спорадан алынған мәдениет.
Саңырауқұлақтардың әр иелілігі – тат саңырауқұлақтарының даму циклін әртүрлі, кейде жүйелік алыс ие-өсімдіктерде өту ерекшелігі.
Саңырауқұлақтардың толық емес формалары – олардың даму циклында бір немесе бірнеші саты түсіп қалады. Тат саңырауқұлақтарында кездеседі (қат.Uredinales).
Саңырауқұлақ ұлпасы – құрылым, даму, функциялық ерекшеліктері бойынша біріккен клеткалар жүйесі. Ұлпалардың морфологиялық немесе физиологиялық функциялары ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей типтері бар:
1) Жабын ұлпасы – бір қабатты эпидермиске ұқсас қалың және боялған қабықты клеткалардан тұратын бір немесе көп қабатты ұлпа. Бұл ұлпа склероцийлерді, қалпақтарды, ризоморфтарды, жеміс денелерін жауып тұрады. Физиологиялық маңызы толық анықталмаған.
2) Механикалық ұлпа – қатты қалыңданған қабықты параллельді орналасқан гифалармен берілген. Труттылардың қатты денелерінде, мицелийлі тяждарда, қалпақты саңырауқұлақтардың табандарында, дискомицеттердің апотецийлерінде таралған.
3) Интерасулярлы ұлпа – қалталы саңырауқұлақтардың жеміс денесінің қалталарының арасында орналасқан орталық ұлпасы.
4) Өткізгіш ұлпа – тік, аз бұтақтанған, кең саңылулы, қатпарлары өте аз гифалар, шоғырларға бірікпей, басқа ұлпалар арқылы өтеді. Үй саңырауқұлағының мицелийлі тяжінде, қалпақты саңырауқұлақтардың жеміс денесінде кездеседі. Бұл ұлпа органикалық және басқа да қоректік заттардың өткізілуін қамтамасыз етеді.
Морфологиялық құрылымы бойынша ұлпаның екі түрін ажыратады: саңырауқұлақ ұлпасы (оның клеткалары изодиаметрлік пішінді); протоплектенхима (созыңқы цилиндр пішінді, жоғарғы өсімдіктердің прозенхималық ұлпасына ұқсас).
Саңырауқұлақтардың химиялық құрамы – органикалық және минералды заттар: су – 60-90%, көмірсу – 40%, оттегі – 40%, азот – 7-8%, сутегі – 2-3%. Күл құрамы – орташа шамамен 10% құрғақ зат. Органикалық заттардан саңырауқұлақтар құрамында майлар, көмірсулар, дәрумендер, ферменттер, токсиндер, органикалық қышқылдар, т.б. бар.
Саңырауқұлақты сепсис – барлық ағзаға таралған, алайда тек қанда ған анықталатын патогенді саңырауқұлақтарымен тудырылатын ауру.
Саңырауқұлақ бақтары – құмырсқа немесе термит үйінділерінде өсетін және осы жәндіктермен азық ретінде пайдаланылатын саңырауқұлақтар.
Саңырауқұлақтардың экологиялық топтары – түрлі жүйелік категорияларға жататын, бірақ қоршаған ортаның сәйкес жағдайларына белгілі бір ерекше бейімделулері бар түрлердің, туыстардың, тұқымдастардың жиынтығы.
Сапроленгнийлі саңырауқұлақтар (гр.sapros – шіріген) – төменгі саңыпрауқұлақтар, жақсы дамыған клеткалы мицелийі болады. Жыныс үрдісі – оогамия. Жыныссыз көбею – екі жіпшелі зооспоралар. Өлі су жануарларының өлікселеріндегі сапротрофтар.
Әлемде 150 түр белгілі. Қазақстанда 30 түр анықталған.
Сапротроф - өлі ағзалардың органикалық затын пайдаланып тіршілік ететін ағза. Екі типі бар:
а) облигатты сапротроф - өсімдік пен жануарлардың тек өлі ұлпаларында ғана дамиды. Оларға топырақ саңырауқұлақтары, трутты с/р және т.б. жатады.
Б) факультативті сапротроф (жартылай паразит) – тірі өсімдіктерде дамиды, вегетация кезінде жыныссыз спора түзеді. Даму циклін өсімдіктің өлі ұлпасында жынысты спора түзумен аяқтайды.
Сапрофит – термин қазіргі кезде қолданыстан шыққан.
Сахаромицеттер (т.Sacharomyces, қат. Endomycetales) – жинақы туыс, табиғи және мәдени ашытқыларды біріктіреді. Бүршіктену арқылы көбейеді. Қалталар партеногенздік пайда болады. Олардың тіршілігі үшін кем дегенде 35% қанты бар орта қажет.
Сәулелі саңырауқұлақтар – актиномицеттердің өзі.
Септа (лат.septa – қатпар) – мицелий клеткаларындағы қатпар, оның орталығында саңылау – пора болады. Ол арқылы зат алмасу, цитоплазма ядросының қозғалысы жүзеге асрылады.
Септобазидийлі саңырауқұлақтар (қат.Auriculariales, кл. Basidiomycetes) – жеміс денесі жайылған, киізді, домалақ. Гимений жеміс денесінің үстінде оранласқан. Жәндіктерде мутуалистік тіршілік етеді. Бірігіп, ағаш бұтақтарының өлуіне әкеледі. Негізінен тропиктер мен субтропиктерде кездеседі.
Әлемде екі туыс белгілі: бір түрі бар урединелла және 175 түі бар септобазидий. Қазақстанда зерттелмеген.
Свинушка, Свинуха (Pixillus involutus, қат. Agaricales) – жеміс денесі етті, ірі. Қалпағының диам. 5-12 см., қырлары төмен қайырылған, талшықты үлпілдек, тегіс, қоңыр немесе сарғыш-қоңыр. Еті сары. Гименофор пластинкалы, пластинкалы бұтақтанған, анастомозды, басқа етінен оңай бөлінеді. Табаны орталықтық, төменгі жағында жіңішкерген, ұз. 5-7 см. Улы саңырауқұлақ, әлсіз улануды тудырады; ауыр металлдар тұздарын белсенді аккумуляциялауға қабілетті. Барлық жерде, топырақта, шіріген сүректе тіршілік етеді.
Әлемде 15 түр белгілі. Қазақстанда 3 түр анықталған.
Септориоз – мәдени және жабайы дәнді дақылдарды зақымдайтын ауру. Қоздырғышы – Septoria graminicola, S. Nodorum, қат. Sphaeropsidales. Жапырақ, сабақ пен дәндерде ақшылт сары, сарғыш-қоңыр дақтар пайда болады, олардың ортасында ұсақ қара дақтар – пикнидалар орналасады. Қатты дамуы кезінде өсімдік солып, өледі. Бөлек жылдары ауру ауыл шаруашылығына тат сияқты зардап әкеледі. Күресу шаралары – толық минералды тыңайтқыш (NPK) енгізу, дұрыс ауыспалы егіншілік және барлық агротехникалық шаралар, сонымен қатар Арчер фунгициді – 0,8 л/га.
Симбиоз (гр.simbiosis – көршілес) – екі ағзалардың бірге тіршілік етіп, өзара әртүрлі әреккеттесуі (паразитизм, коменсализм, мутуализм, т.б.).
Син-(гр.syn – бірге) – күрделі сөз бөлшегі, бірігуді білдіреді.
Синаморфа – даму циклінде бірнеше аморфы бар саңырауқұлақтар.
Синема, коремия – конидиома, ұштарында конидиялары дамитын, тығыз біріккен, қалыпты жабысқан немесе бүйірлерімен өзара өсіп кеткен конидия тасушылардан құалған маманданған гифалы құрылым.
Синкарион (гр.karyon – ядро) – екі не одан да көп ядролардың бірігуінен пайда болған клетка ядросы.
Синоним – берілген таксон үшін қашанда қолданған заңды атау.
Синтип – жоғары өсімдіктердің немесе саңырауқұлақтардың бірге жиналған және тип ретінде бірге көрсетілген бір не бірнеше экземпляры.
Сирек және жойылу қаупіндегі түрлер – шектеулі ареалды немесе өте сирек кездесетін, және таралу кеңдңгңне қарамастан жойылу қаупі үстіндегі түрлер; дарақтардың саны шектеулі, мөлшері аз түрлер. Өте маңызды генофонд болып, ерекше қоғауды қажет етеді.
Склеротиоз – Sclerotium rolfsii саңырауқұлағы қоздыратын ауру, жабайы және мәдени өсімдіктерді (бұошақтұқымдастар, қарбыз, қызнақ, т.б.) зақымдайды. Тамырда, сабақтың төменгі бөлігінде күңгірт дақтар пайда болады, олар сабақтың ыдырап, өлуіне әкеледі. Ауру көзі – зақымдалған өсімдік үстінде және ішінде түзілетін склероцийлер. Олар қыстап, көктемде мицелиймен өсіп шығады. Бұл руыс түрлері жылусүйгіш, сондықтан ыстық климатты зоналарда кездеседі. Күресу шаралары – дұрыс ауыспалы егіншілік, зақымдалмаған бөліктерден тұқым жинап, оны склероцийлерден тазарту.
Склероций (гр.sklerotes – қаттылық) – грибницаның түр ауысуы, қалың қабықты, күңгірт, тығыз консистенциялы, домалақ, диам. 30 см-ге дейін, салмағы 20 кг дейін болатын дене. Анатомиялық құрылымы біркелкі: сыртынан қабық клеткалардың бір не бірнеше қабаттарынан тұрады; ішінен – параплектенхима немесе прозоплектенхима түріндегі ақ зат. Склероцийлер жоғарғы саңырауқұлақтардың барлық топтарының ішінде таралған.
Қоректік заттардың бай қорына байланысты саңырауқұлақтың қолайсыз жағдайларды өткеру қызметін атқарады.Тыныштық уақытынана кейін мицелиймен өсіп шығады, бірақ көбіне жеміс түзеді (қалталы, базидийлі) немесе конидийлі спора түзеді. Кейбір саңырауқұлақтарда даму сатысының бірі болып табылады, мысалы ботритис, склеротиния, спорынья, вертицилий түрлерінде. Миксомицеттердің склероцийі – көптеген тыныштықтағы макроцистадан тұратын, жалпы қабықшамен қапталған құрылым. Плазмодийдің қолайсыз жағдайларды өткізуі қызметінатқарады.
Споралардың мүсіндік қабықшасы – түрлі орнаментациясы (тікенектер, сүйелдер, жырақшалар, өсінділер, т.б.) бар тегіс емес қабықша.
Сморчок (т.Morchella, қат. Pezizales) – макромицет, апотецийлер – тік, биіктігі 10-15 см, қалпақ пен табаннан тұрады. Қалпақ жұмыртқа пішінді, ұзынша-крнустық, саңылаулы, қара-қоңыр. Табаны тік, қуысты, жыралы, төменгі бөлігінде аздап жуандаған, күңгірт, қалпақтан ашықтау. Қалпақ қырлары табанмен өзара бірігеді. Топырақ сапротрофтары, қоңыржай зонада кең таралған. Ормандарда, бақтарда, шөп жамылғысында кездеседі.
Әлемде 15 түр белгілі. Қазақстанда 5 түр анықталған.
Соматикалық копуляция (гр.soma – дене) – мицелийдің бөлінбеген екі вегетативтік клеткалар құрамының өзара құйылуы.
Соматогамия – вегетативті гаплоидты мицелийдің екі клеткасының базидиоспоралар бар базидийлер түзей бірігуі.
Сперматозоид (гр.sperma – ұрық, soon – жануар, eidos – түр) – екі не бірнеше жіпшелі қозғалмалы аталық жыныс клеткасы.
Спермацийлер – ерекше маманданған жыныс клеткалары, антеридийлердің орнын басады.
Спермогонийлер – ерекше пикнидия тәрізді қойма: домалақ, алмұрт тәрізді, ішінде спемацийлер дамиды.
Спирттік ашу – анаэробты жағдайда ашытқының кейбір түрлері көмегімен қанттың этил спирті мен көмірқышқыл газына биохимиялық айналу процесі. Нан пісіру, сыра, шарап, меласса өндірістерінің негізінде жатыр.
Спора (гр.spora – ұрық) – эыныстық және жыныссыз көбеюге арналған ерекше микроскопиялық құрылым. Мақсаты, табиғаты, түзілу жеріне байланысты оларды келесідей бөледі: аскоспоралар, базидиоспоралар, мезоспоралар, артроспоралар, эциоспоралар, урединиоспоралар, телиоспоралар, конидийлер, т.б.
Споралардың орнаментациясы – споралардың үстінде орналасатын түрлі құрылымдар, сүйелдер, т.б.
Споралардың өсіп шығуы - өскін түтіктердің пайда болуы. Вегетативті өсу (мұнда өскін түтік мицелий гифаларына өседі) мен фруктитативті өсуді (бір жағдайда спора құрамы бөліктерге ыдырап, олар зооспоралар түрінде қабық жарықшалары арқылы шығады, басқа жағдайда өскін түтіктің басында, оның үстінде және арнайы қоймаларда споралар түзіледі) ажыратады.
Спорангия тасушы – мицелийдің ұшында және бүйірінде спорангийі бар ерекше бұтағы.
Спорангий (гр.angeon – құмыра) – жалпы домалақ пішінді жыныссыз көбею мүшесі, ішінде көптеген споралар дамиды.
Спорангиолалар – құрылымсыз ұсақ спорагийлер, порангийлер мен конидиялар аралығы болып табылады. Басты осьтің бүйір бұтақтарында, споларалардың саны 10 болып түзіледі.
Спорнагиоспоралар – жыныссыз көбею споралар, спорангий ішінде спорагий протоплазмасының бір ядролы клеткаларға бөлінуі нәтижесінде түзіледі.
Спороболомицетті саңырауқұлақтар (қат.Endomycetales, кл. Ascomy-cetes), баллистоспоралы ашытқылар – бүршіктену және бүршіктәрізді баллситоспоралар арқылы көбейеді. Мәдени және жабайы дәнді дақылдардың жапырақтарында мекендейді, кейін тұқымға өтіп, онда қыстап шығады. Көктемде тұқымның өсіп шығуы кезінде өсімдік зақымдалған болып қалады. Сапротрофтар болып саналады. Базидийлі саңырауқұлақтардың (қат. Tremellales) конидийлі сатысы болып табылады.
Әлемде 15 түр белгілі. Қазақстанда зерттелмеген.
Споралы өсімдіктер – споралармен көбейетін өсімдіктер: төменгі сатылы саңырауқұлақтар, балдырлар, қыналар және жоғары споралылар – мүктер, шаңжапырақтар, плаундар.
Спорогенез (гр.genesis – пайда болу) – споралардың түзілу үрдісі.
Спорофор – миксомицеттің маманданған құрылымы,ішінде споралар дамиды. Спорофордың морфологиялық белгілерінің таксономиялық маңызы бар. Оның бірнеше түрін ажыратады: спорангий, эталий, псевдоэталий, плазмодиокарп.
Спорыньялы, клавицепсті саңырауқұлақтар (қат.Clavicepitales, кл. Ascomycetes) – стромалары ашық боялған, саңырауқұлақ гифаларынан құралған, субстратқа жайылған немесе жастық тәрізі, етті, мүйіз пішінді, киізді. Екі бөлектен тұрады: цилиндрлік, тұқымсыз табан мен қызылды күлгін перитецийлері бар кеңейген бөлік. Перитецийлер не стромаға енген, не беткейлік болады. Қалталары тар цилиндрлік. Споралары бір клеткалы, жіпшелі, көптеген көлденең қатпары болады. Тек қана дара жарнақтыларда, дәнді дақылдарда, осокада паразиттік етеді. Ішінде саңырауқұлақтар мен жәндіктерді мекендейтін гиперпаразиттер де бар. Конидийлі саты, сфацелия (Sphacelia), изария (Isaria), ботритис (Botritis) туыстары, Hyphomycetales қатары. Склероцийлі саты – склеротиум (Sclerotium, қат. Mycelia Sterilia).
Әлемде 23 туыс пен 150 түр белгілі. Қазақстанда 2 түр зерттелген.
Спорынья – саңырауқұлақ (Claviceps purpurea, қат. Clavicepitales) склероцийлері әжімді, қара-күлгін, өсіп шығуы кезінде олардың бетінде қызыл стромалар түзіліп, оларды шетінде қалталары мен споралары бар перитецийлер дамиды. Кейін онда конидиялы спороложа дамиды. Иіске келген жәндіктер конидияларды таратады. Сау өсімдіктерге түсіп, ауа райына байланысты бір жұманың ішінде де шығуы мүмкін, алайда пісіп жетілуі тек дәннің пісуімен сәкес келеді. Дәннің орнына мицелий түзіледі. Саңырауқұлақ склероцийлерде қыстап шығады, олардан көктемде стромалар дамиды. Сонымен, өз онтогенезінде саңырауқұлақ үш сатыдан өтеді.
Өте зиянды саңырауқұлақ. Оның склероцийлерінде улы заттар – алкалоидтар болады, олар қауіпті улану – эрготизмге әкеледі. Қазақстанда саңрауқұлақ солтүстік аудандарда кездеседі. Күресу шаралары – жерді өңдеу мәдениетін жоғарылату, тұқымды мұқият тазалау, топырақты жоғары сапалы өңдеу.
Стауспора – жұлдыз пішінді спора немесе конидия.
Стемонитті миксомицеттер (қат.Stemonitales, Myxomycota бөлімі) – плазмодийі сары, сары-жасыл, ақ, ақ-жасылғ кейде мөлдір. Спора қоймалары тығыз шоғырланған, шар тәрізді, цилиндрлік, табанда, кейде отырыңқы, жастық тәрізді. Капиллиций торлы, күңгірт. Споралары домалақ, ұсақ тікенекті немесе тегіс, күлгін түсті. Ағаш қалдықтарында, шіріген сүректі, құрғақ бұтақтарды, шөпті мекен етеді. Барлық жерде кездеседі.
Әлемде 68 түр белгілі. Қазақстанда 15 түр анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |