Микологиялық ЖӘне фитопатологиялық анықтамалық СӨздік



бет13/13
Дата11.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#127517
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ц

Целомицеттер (кл.Deuteromycetes) – конидиомалары, конидийлі спора тасушылары пішіні және құрылымы бойынша алуан түрлі саңырауқұлақтар. Табиғатта барлық жерде таралған, паразитік және сапротрофты тіршілік етеді. Целомицеттердің ішінде мәдени және жабайы өсімдіктердің қауіпті, экономикалық маңызды ауруларын қоздырғыштары көп.

Әлемде 7000 түр анықталған. Қазақстанда 1200 түр анықталған.

Кейбір туыстар қалталы саңырауқұлақтар мен сирек базидийлі саңырауқұлақтардың конидийлі сатысы болып табылады.Екі қатарға бөлінеді: Sphaeropsidales, Melanconiales.

Ценогамета (гр.cenos – бос) – бірнеше ядросы бар гаметангий немесе гамета. Мукорлы саңырауқұлақтарда кездеседі.

Цератиномиксті миксомицеттер (қат.Ceratiomyxales, Myxomycota бөлімі) – плазмодийі балауызды, түссіз немесе сарғыш. Споралар цилиндрлік спора тасушылардың беінде экзогенді дамиды, сопақша, түссіз, стеригмаларда отырыңқы. Шіріген сүректе, ағаш қалдықтарында, топырақта тіршілік етеді.

Әлемде екі туыс пен екі түр белгілі. Қазақстанда бір туыс пен бір түр анықталған – Ceratipmyxa fruticulosa.



Церкоспора (т.Cercospora, қат. Hyphomycetales) – конидия тасушылары тік, кейде бұтақтанған, ұшар басында тікенібар, боялған, шоғырларда, мицелийдің күңгірт стромалық түйнектерінен тарайды. Конидийлері ұзын, жіңішке ұршық тәрізді, ұзынша түйреуіш пішінді, 1-3 көлденең қатпарымен, түссіз, кейде шоғырда ақшылт. Өсімдік паразиттері, жапырақтардың түрлі теңбілдіктерін туғызады. Кейбір түрлерде микосфорелла туысына жататын қалталы саты анықталған.

Әлемде 500 түр белгілі. Қазақстанда 48 түр анықталған.



Церкоспороз – қоздырғыштары церкоспора туысы саңырауқұлақтары болып табылатын жоғары өсімдіктердің ауруларының жалпы атауы. Жапырақтарда, сабақта, кейде жемістерде пішіні, мөлшері әртүрлі дақтар түзіледі. Күрес шаралары – вегетациялық кезеңде коллоидты күкіртпен, цинебпен себу. Өнімді жинағаннан кейін өсімдік қалдықтарын жинап жою қажет.

Цинеб - 80% суландырылатын ұнтақ түріндегі препарат. Алма, алмұрт шірігі, жүзім мильді, сүйектілердің теңбілдігі, фитофтороз, қызылшаның жалған ақұнтағы, темекінің пероноспорозымен күресте 0,4-0,5% концентрацияда қолданылады. Топырақ инфекциясымен күресте 0,2-0,3% суспензия немесе ұнтақ түрінде отырғызу не өнім жинаудан 3 күн бұрын қолдануға болады.

Циста – клетка құрамының тығыздалуы мен қалың, көп қабатты, кейде мүсінді қабықшамен қапталуы нйтижесінде түзілетін спора. Тыныштықтағы спораға айналып, қолайсыз жағдайларды өткізу қызметін атқарады. Тыныштық кезінен кейін редукциялық бөлініп, зоомпоралар пайда ьолады.

Цистидиола – гименийдің залалсыз құрылымы, пішін мен табиғаты бойынша базидийлерге өте ұқсас. Кейде олар жартылай не толық базидийлердің орнын басады, басқа жағдайда олардың арасына орналасады. Базидийлі саңырауқұлақтарда кездеседі.

Цистидтер – залалсыз келткалар, гимений қабатында базидийлер арасына орналасады. Түссіз, ұзарған немесе жіпшелі. Парафиздерден ұзын қалың қабықшасы болады. Секреттік және қорғаныш қызметін атқарады.

Цистосорустар – миксомицеттердегі тыныштықтағы споралар немесе цисталар шоғыры, тығыз топтары.

Цистоспора – 1) цистада орналасқан спора; 2) белгілі жағдайларда цистаға айналған зооспора.

Цито- (гр.cyto – клетка) – күделі сөз бөлшегі, клеткаға қатынастылықьы білдіреді.

Цитогамия – жыныс клеткаларының цитоплазмасының қосылуы.

Цитогенез – клетка цитоплазмасының түзілу үрдісі, жыныстық және сомалық клеткалардың даму сатысы.

Цитозоль – цитоплазманың органоидтар мен кіріспелер арасында орналасатын гомогенді, коллоидты, мөлдір, түссіз бөлігі. Цитозольде аспалы күйде бос рибосомдар, микроденешіктер, микротүтіктер мен метаболизмнің түрлі өнімдері болады. Зольден гельге айнала алады. Май қышқылдарын, АТФ, аминқышқылдарын, қанттарды тасымалдау қызметін атқарады.

Цитокинез – цитоплазманың бөлінуі мен клеткалық қатпарлардың қалыптасу үрдісі.

Цитолиз – клетканың өлімінен кейін оның құрылымдарының жартылай немесе толық ыдырауы. Сондай-ақ қалыпты физиологиялық үрдістер кезінде де өтуі мүмкін.

Цитология – клетка, оның құрылыс заңдылықтары, даму функцияларын зерттейтін ғылым.

Цитоплазма – клетканың күрделі гетерогенді құрамды заты, оның басты компоненті липидтермен, көмірсулармен, нуклеин қышқылдарымен байланысқан құрылымдық ақуыздар болып табылады. Су мен бейорганикалық тұздар бар. Цитоплазманың тірі материя қасиеттері бар, өйткені тітіркену мен белсенді қозғалысқа қабілетті.

Цитоспора (т. Cytospora, қат. Sphaeropsidales) – саңырауқұлақ көп камералы немесе жалған көп камералы қара не қоңыр стромалар түзеді. Камералар домалақ, иілгіш, 1-2 қабатқа белгілі бір тәртіпсіз орналасқан. Конидия тасушылар жіпшелі, мутовты немесе бұталы бұтақтанған. Споралары бір клеткалы, ұсақ, аллантоидты, түссіз, шоғырда жасыл, қызыл, балауызды, ашық боялған тамшылармен немесе тяжбен шығады. Табиғатта кеңінен таралған сапротрофтар.

Цитоспороз – цитоспора саңырауқұлақғының түрлерімен қоздырылатын аурулардың жалпы атауы. Саңырауқұлақ жас өсімдіктерді – терек, жаңғақ, қайың, емен, шырша және т.б. зақымдайды. Жас бұтақтарда көптеген қара дақтар – саңырауқұлақ апора тасушылары пайда болады, олар қабықтың түсуі мен бұтақтардың қуруын туғызады. Ұзақ ауырғанда саңырауқұлақ діңге өтіп сақиналы жаралар түзеді, бұл өсмдіктің өліміне әкеледі. Зақымдалу споралармен жаралар, түрлі механикалық зақымдар, жырақтар арқылы өтеді. Қалыпты аурудың бірінші ошақтары түрлі биологиялық факторлар әсерінен әлсізденген өсімдіктерде пайда болады. Күресу шаралары – алдын алу мен химиялық шаралар кешені, төзімді сорттар таңдау, зақымдалған бөліктерді жою.

Әлемде 100 түрден астамы белгілі. Қазақстанда 55 түр анықталған.



Цитохимия – клетканың химиялық заттарын, олардың шоғырлануын, өзгерістерін зерттейтін цитологияның бөлімі.

Цифеллоидты жеміс денелері – губка тәрізді, бокал тәрізді, тегіс гименофорлы жеміс денесі, субстратқа жіңішкерген негізбен немесе табанмен бекиді. Өте майда мөлшерлі. Цифеллді саңырауқұлақтарда кездеседі.

Ч

Чага - қисық трут саңырауқұлағының залалсыз формасы. Өскіндер мен ісіктермен беріледі. Сыртқы қабаты қара, жылтыр, призмалық бөліктерге жарылады. Еті қатты, сүректі, татты-күңгірт, қара-қоңыр. Қайыңның тірі діңдерінде, кейде тамырында кездеседі. Шірікті дуғызады. Саңырауқұлақтың жеміс денелері тек ағаштың өлімінен кейін ғана көрінеді. Чага ерте кездерден бері халық медицинасында рак, анацидті гастриттер, жалпы сергітетін зат ретінде қолданған. Барлық жерде таралған.

Чернь – ағаш пен бұталардың жапырақтарындағы қара, күйелі, оңай сүртілетін өңез, капнодий (Capnodium, қат. Capnodiales), антеннулярия (Antennularia, қат. Dothiales), фумаго (Fumago, қат. Hypomycetales) туыстарының қалталылар және жетілмеген саңырауқұлақ мицелийлерімен түзіледі.

Чесночник (Marasmius scorodonius, қат. Agaricales) – саңырауқұлақ, қалпағы диам. 1-2,5 см, дөңес, ортасында төбешігі бар, кейде басыңқы, жалаңаш, жұқа етті, қатты, қызыл. Табаны түтікті, шеміршекті, сарғыш-қоңыр, қара-қоңыр, қалпаққа қарай ақшылттау, төменгі бөлігінде шашақтанған. Қылқанды және жапырақты ормандардың шетінде, құрғақ жерде, өсімдік жамылғысында өседі. Басқа түрлерден қатты сарымсақ иісімен ерекшеленеді, сондықтан дәмдеуіш ретінде пайдалана алады.

Ш

«Шай саңырауқұлағы», жапон саңырауқұлағы – түрлі микроағзалардың: ашытқы саңырауқұлағының (Schizosacharomucetes ludwigii, қат. Endomycetales) және сірке бактериясының (Acetobacter xylinum) симбиозы. Қант қосылған шайдың бетінде шай саңырауқұлағы ірі кілегейлі қабықша түзеді. Саңырауқұлақтың тіршілік әрекеті нәтижесінде спирт пен көмірқышқыл газының аз мөлшері түзіледі, ал бактерия қантты ашытып, сірке қышқылын бөледі. Шайға қышқыл-тәтті және аздап газдалған дәм береді. Сусын ретінде пайдаланылады.

Шампиньондер (т.Agaricus, қат. Agaricales) – етті жеміс денелі саңырауқұлақтар, қалпақ пен орталықтық, қуыс табанды. Гименофоры пластинкалы. Пластинкалары бос – ақшылт-қызғылт, есейгенде қара-қоңыр. Көбіне қтты көңденген топырақтарда, орманда, бақтарда, жайылымдарда, бақшаларда, жолжиегінде өседі. Қолдан ашық және жбық грунтта өсіріледі. Өте жақсы, жеуге жарамды саңырауқұлақ. Олардың ішінде жеуге жарамсыздары да бар, мысалы сары ш. (A. xantihodermis), ол жеуге жарамдыларынан сынықта етінің сары-йодты түске боялуымен және карболканың иісімен ерекшеленеді. Шампиньондер түрлері кең таралған.

Әлемде 60 түр бар. Қазақстанда 15 түр анықталған.



Шарап ашытқылары (т.Saccharomyces, қат. Endomycetales) – жүзімнен және жеміс-жиде шырынынан шарап дайындауда қолданылады. Түрлі шараптар алу үшін ашытқылардың әртүрлі расаларын қолданады. Мысалы, шампан шараптарын алу үшін – спритке төзімді расалар, хересті шараптар үшін – арнайы хересті ашытқылар және т.б.

Шартты жеуге жарамды саңырауқұлақтар – тек қана алдын ала өңдеуден кейін (10-15 мин қайнату) жеуге жарайтын саңырауқұлақтар. Бұл саңырауқұлақтардың қоректік құндылығы шамалы.

Штамм – микроағзаның белгілі бір көзден (топырақ, су, өсімдік, жануар, саңырауқұлақ, т.б.) таза, генетикалық біркелкі мәдениеті. Өндірісте антибиотиктерді, дәрумендерді, ферменттерді алуда пайдаланылады.

Шірік (парша) – адам, жануар, өсімдік ауруының жалпы атауы. Ісіңкі, қабыршақты, ойыс, құрғақ қабықшаның пайда болуымен сипатталады. Қоздырғышы – ахорион (Achorion), фузикладий (Fusicladium), спилоцея (Spiloceae), ризоктония (Rhizoctonia), актиномицес (Actinomyces), спонгоспора (Spongospora) туыстары.

Щ

Щелелистник (т.Schizophyllum, қат. Aphyllophorales) – саңырауқұлақ, жеміс денелері жұқа етті. Қалпақтар лопастьты, бүршікті, жоғарғы беті сұр, киізді. Пластинкалары шашыраңқы таралған, сұр-қызғылт, сирек, жіңішке, қырлары жоғары қайырылған. Табаны бүйірлі, жетілмеген, ақ немесе мүлде болмайды. Споралары эллипсті, майда, тегіс, гиалинді. Барлық жерде қылқанды, жапырақты ормандарда, ағаш қалдықтарында, өлі бұтақтарда, діңдерде, кейде тірі сүректе дамиды. Әлемде 5 түр белгілі. Қазақстанда бір түр анықталған.

І

Ісіктер - өсімдік мүшесінің кез-келген бөлігінің патологиялық үлкеюі. Себебі – паразиттің бөлген заттарының әсерінен пайда болған гипертрофия немесе гиперплазия. Ісіктер саңырауқұлақтармен, бактериялармен, вирустермен, жәдіктермен немесе механикалық зақымдалудан пайда болуы мүмкін.

Э

Эволюция – табиғаттың тарихи дамуы, қарапайым ата түрлерінен күрделі ағзалардың дамуы, бағытталған және қайтымсыз.

Эврихор – негізінен микроскопиялық ағза, экологиялық және географиялық кең таралған.Космополиттен де кең.

Эдасфера – топырақ жамылғысы.

Эдафофиллдер – топырақта тіршілік ететін төменгі өсімдіктер мен саңырауқұлақтар.

Экзобазидийлі саңырауқұлақтар (қат. Exobasidiales, кл. Basidiomycetes) – тек паразиттік саңырауқұлақтар, жеміс денелерінің жоқтығымен және бір клеткалы бұтақтанбаған базидийлердің мицелий үстінде дамуымен сипатталады. Саңырауқұлақ ісіктер, гипертрофия, деформацияны тудырады.

Әлемде 15 түр белгілі. Қазақстанда 1 түр анықталған.



Экзогенді мицелий – субстраттың бетінде дамитын мицелий.

Экзоспорий – телиоспоралардың сыртқы қабықшасы, жиі таксономиялық маңызы бар мүсінді түзілімдері болады.

Экологиялық факторлар – тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне әсер ететін қоршаған ортаның жағдайлары. Оларға ауа, жарық, су, температура, рельеф, топырақ, сонымен қатар, өсімдіктердің, жануарлардың, микроағзалардың бір-біріне әсері жатады. Барлық аталған факторлар бір үрдісте – табиғаттағы зат айналымына қатысады.

Эксикаттар – саңырауқұлақтардың типографиялық этикеткалары бар, дәл анықталан, жақсы, тиянақты орындалған гербарлық үлгілері.

Эксципул – дискомицет апотецийінің етті залалсыз бөлігі. Екі қабаттан: сыртқы (эктальді) қабат апотеций қабықшасын түзеді, ішкі (медулярлы) – еті.

Элективті орта – тек белгілі бір ағзалар түрі үшін арнайы дайындалған қоректік орта. Олардың дамуы мен өсуі үшін ең қолайлы жағдай туғызады.

Экто- (ektos – сыртында) – күрделі сөз бөлшегі, сыртқы орналасуына көрсетеді.

Эктопаразиттер – иесінің сыртында тіршілік ететін саырауқұлақтар мен басқа да микроағзалар. Қоректі иесінің клеткаларына енетін гаусторийлері арқылы алады.

Эктоплазма – цитоплазманың перифериялық қабаты, эндоплазмадан жоғары тығыздылықпен, гранулярлы кіріспелердің жоқтығымен және ерекше цитоплазмалық құрылымдардың болуымен ерекшеленеді.

Эндемик саңырауқұлақтар – тек бір ғана территорияда мекендейтін және басқа жерлерде кездеспейтін саңырауқұлақтар. Мысалы Іле Алатауының немесе Бетпақдала эндемиктері, т.б.

Эндомицетті саңырауқұлақтар, эндомицеттер (қат. Endomycetales, кл. Ascomycetes) – көп түрлерде нағыз мицелийі жоқ, вегетативтік денесі бір клеткамен берілген. Басқаларында( кемінде) клеткалы емес, немесе аз қатпарлы мицелий дамыған. Вегетативтік көбею – бүршіктену немесе бөліну. Жыныс үрдісінің нәтижесінде мицелийде дара қалталар түзіледі, кейде партеногенездік несесе тыныштық уақытынсыз зиготалар. Споралар саны 1-8. Негізінен сапротрофтар, қанты бар субстраттарда мекендейді. Оларға табиғи және мәдени ашытқылар жатады. Басқа саңырауқұлақтарда немесе жоғары сатылы өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін түрлер бар.

Әлемде 200 түр белгілі. Қазақстанда 30 түр анықталған.



Эндо- (гр.endos – ішінде) – күрделі сөз бөлшегі, ішкі орналасуды білдіреді.

Эндооперикулюм – спорангийдің шығару түтігінің ішінде даитын қақпақша.

Эндоплазма – цитоплазманың ядромен жанасқан ішкі бөлігі. Ішінде митохондиялар, Гольджи аппараты, клеткалық орталық және т.б. орналасады.

Эндоплазмалық ретикулюм, эндоплазмалық тор – клетка ішінде және клетка аралықтарында метаболиттерді тасымалдаушы қызметін атқаратын, цитоплазмада салаланып өзара байланысқанмембраналық арықшалар, цистерна және жолақшалар сияқты субмикроскопиялық органоид. Эндоплазманың кейбір бөліктерінде рибосомалар орналасып, ақуыз синтезін жүргізеді.

Эндоспорий – спораның ішкі қабықшасы немесе спора қабықшасының ішкі қабаты.

Энтомо- (гр.entomo – жәндік) – жәндіктерге қатысты күрделі сөздердің бөлшегі.

Энтомопатогенді саңырауқұлақтар – жәндіктерде паразиттік ететін гифалы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың бұл қасиеті ауыл шаруашылық зиянкестермен күресте пайдаланылады. Әсерлі бастамасы саңырауқұлақтың тез көбеюі мен бөлінетін токсиндер болып табылады, бұл жәндік клеткаларының ыдырауына әкеледі.Әлемде 400 түр белгілі. Қазақстанда 15 түр анықталған.

Энтомофильді саңырауқұлақтар – жәндіктерді қоректік субстрат ретінде пайдаланатын саңырауқұлақтардың экологиялық тобы.

Энтомофторлы саңырауқұлақтар (қат.Entomophtorales, кл.Zygomycetes) – жеміс денесі нашар дамыған бір клеткалы мицелиймен берілген, ол зақымдалған жәндіктердің ішінде бөлек элементтерге (гифалы денелер) ыдырайды, бұлар жәндіктің барлық ішкі мүшелерін толтырып, оны өлімге әкеледі. Гифалы денелерден тыныштықтағы споралар түзіледі, олар жыныстық үрдісте зигоспоралр, ал жыныссыз үрдісте – азигоспоралар немесе конидиялар деп аталады.Жәндіктердің бірінші реттік зақыдалуы топырақтағы немесе өсімдік қалдықтарындаға споралар арқылы жүреді. Бұл саңырауқлақтар табиғатта кеңінен таралған.

Әлемде 150 түр белгілі.



Энтомохория – саңырауқұлақ спораларының жәндіктер арқылы таралуы. Бір жағдайда олар спораларды дене бетімен, басқа жағдайдв спора жәндік ішіне түседі, кейін жәндік басқа ағзаны шаққанда,спора оған өтеді.

Эпи- (гр.epi – аса, үстінде) - үстінде орналасуды білдіретін күрделі сөздер бөлшегі.

Эпидермофития – негізінен ересек адамның ауруы. Саңырауқұлақ теріні, дене қыртыстарын зақымдайды. Зақымдалған бөлік қабықшамен қапталып, қабыршақтанады. Қоздырғыш – эпидермофитон саңырауқұлағы (Epidermophyton floccosum, қат. Hyphomycetales). Қалталы сатысы анықталмаған. Барлық жерде таралған.

Эпиплазмақалтада орналасатын цитоплазма, ол арқылы аскоспоралар түзіледі. Ол қалтадаға тургорды тұрақтандырады, сондай-ақ аскоспоралардың қалтадан шығуына ықпал етеді.

Эпифиллдер – жапырақтарда тіршілік ететін саңырауқұлақтар.

Эпифитотия - өсімдіктердің өте тез таралатын және үлкен территорияларды алып жататын ауру.

Эпифиттер – өсімдіктің түрлі мүшелерінің үстінде тіршілік ететін саңырауқұлақтардың шағын экологиялық тобы.

Эрготизм, клавицепсотоксикоз – склероцийлермен, спорыньяның «мүйізшелерімен» улану, зақымдалған ұннан жасалған тағамдарды пайдаланудан пайда болады, кейде өлімге әкеледі.

Эрготинин – спорынья туысы саңырауқұлағынан алнған алкалоид.

Эталий – миксомицеттердің өзара жабысып, жалпы жабынмен қапталған дара спора тасушылары.

Эу- (гр.eu – жақсы, толық, нағыз) – затты нағыз, толық ретінде сипаттайтын күрделі соз бөлшегі.

Эуаскомицеттер (кл.т.Euascomycetidae, кл. Ascomycetes) – нағыз жеміс денелері бар қалталы саңырауқұлақтар, жеміс денелерінің ішінде қалталар дамиды. Саңырауқұлақтардың кейбір түрлері сторманы түзеді. Қатарлардың үш тобына бөлінеді: Плектомицеттер, Пиреномицеттер, Дискомицеттер.

Эукариотар – бұл түсінікке біріктірілген ағзалардың анық белгіленген кариомембранасы бар ядросы болады.

Эуроцийлі саңырауқұлақтар (қат.Eurotiales, кл. Ascomycetes) – клейстотецийлер беткейлік немесе жартылай енген, тәртіпсіз орналасқан қалың қабықшалы қалталарымен. Аскоспоралары бір клеткалы, шар тәрізді, линза тәрізді, түссіз немесе қызыл-қоңыр, тегіс, кейбір түрлерде мүсінді қабықшамен. Қарапайым түрлерде жеміс денесі жоқ, ал қалталары бірнешеуден, мицелийдің өзінде дамиды. Даму циклінде конидийлі саты басым.

Сапротрофтар, топырақта, түрлі өсімдік немесе жануар текті субстраттарда, тағам өнімдерінде, шырындарда тіршілік етеді. Ішінде кератинофиттер де бар. Адам мен жануарлардың терең микоздарын тудырушы паразиттер де бар

Әлемде 150 түр белгілі. Қазақстанда 10 түр анықталған.

Я

Ядролық фазалардың ауысуы – гаплоидты сатының диплоидтыға және керісінше ауысуы.

Ядролық мембрана, ядролық қабықша, кариолемма – ядроны қоршаған цитоплазмадан бөліп тұратын қабықша. Екі параллельді мембранадан – сыртқы және ішкіден тұрады.

Ядро – клеткалық ядро.

Ядрошық, нуклеола (лат. Nucleolа – ядрошық) – қабықшасы жоқ, домалақ ядро ішілік құрылым. Ядрошықтың қызметі толық анықталмаған, кейбір деректер бойынша клеткадағы РНҚ синтезінің орталығы деп саналады. Саны тұрақсыз – 1-7.

Әдебиет
1 Азбукина З.М.б Каратыгин И.В. Определитель грибов России. Пор. Головневые. Спб.: Наука, 1995. Вып.2.262с.

2 Биологический энциклопедический словарь.М.:Сов. Энциклопедия,1986.811с.

3 Бирюзова В.И.,Боровягин В.М. и др. Электронно-микроскопические исследования биологических объектов.М.:Изд-во. АН СССР,1963.204с.

4 Бондарцева М.А. Система трутовых грибов (Polyporaceae s. Lato)// Микология и фитопатология. 1983.Т.17, вып. 4.с.269-280.

5 Быков Б.А. Геоботанический словарь. Алма-Ата: Наука, 1973. 214с.

6 Быков Б.А. Экологический словарь. Алма-Ата. Наука, 1988.245с.

7 Викторов Д.П. Краткий словарь ботанических терминов. М.; Л: Наука, 1964, 178с.

8 Голубева О.Г. Современные проблемы систематики хитридиевых грибов (пор. Chytridiales)// Микология и фитопатология. 1981. Т.15, вып.5. с.435-442.

9 Голубева О.Г. Определитель грибов России. Класс Хитридиомицеты. СПб.: Мир и семья – 95, вып.1. 1995. 166с.

10 Горленко М.В. Сельскохозяйственная фитопатология. М.: Высшая школа, 1986.434с.

11 Горленко М.В., Гарибова Л.В., Сидорова И.И. и др. Все о грибах. М.,1986. 279с.

12 Давыдов Н.Н. Ботанический словарь. М.,1962.335с. (рус.-англ.-нем.-франц.-лат.).

13 Дементьева М.И. Фитопатология. М.: Колос, 1977.367с.

14 Дьяков Ю.Т., Семенкова И.Г., Успенская Г.Д. Общая фитопатология с основами иммунитета. М.: Колос, 1976. 256с.

15 Дудка И.А., Вассер С.П., Голубинский И.Н. и др. Словарь ботанических терминов. Киев: Наукова думка, 1984.306с.

16 Дудка И.А., Вассер С.П. Грибы. Справочник миколога и грибника. Киев: Наукова думка, 1987. 535с.

17 Елинов Н.П. Патогенные дрожжеподобные организмы. Л.: Медицина, 1964.382с.

18 Жизнь растений. М.: Просвещение, 1976. Т.2.479с.

19 Журавлев И.И., Крангауз Р.А., Яковлев В.Г. Болезни лесных деревьев и кустарников. М.: Лесная промышленность, 1974. 160с.

20 Забинкова Н.Н., Кирпичников М.Э. Справочное пособие по систематике высших растений: Латинско-русский словарь для ботаников. М.: Изд-во АН СССР, 1957. Вып. 2. 334с.

21 Зубкова Р.Д. Спорообразующие дрожжи винодельческих районов Казахстана. Алматы: 1977. 171с.

22 Казенас Л.Д. Болезни сельскохозяйственных растений Казахстана. Алматы: Кайнар, 1965. 348с.

23 Калакуцкий Л.В., Агре Н.С. Развитие актиномицетов. М., 1977. 287с.

24 Каратыгин И.В., Азбукина З.М. Определитель грибов СССР. Пор. Голгвневые грибы. Л.: Наука, 1989, вып. 1. 220с.

25 Кашкин П.Н. Медицинская микология. Л.: Медгиз, 1962. 360с.

26 Кашкин П.Н., Хохряков М.К., Кашкин А.П. Определитель патогенных, токсикогенных, вредных для человека грибов. Л.: Медицина, 1979. 269с.

27 Костин В.В. Словарь ветеринарных микологических и микотоксикологических терминов. М.: Россельхозиздат, 1987. 78с.

28 Коваленко А.Е. Определитель грибов СССР. Пор. Hydroporales. Л.: Наука, 1989. 174с.

29 Красная книга Казахской ССР. Алма-Ата: Наука, 1981. с. 231-237.

30 Курсанов Л.И. Микология. М.: Учпедгиз, 1940. 480с.

31 Мельник В.А. Определитель грибов России. Кл. Coelomycetes. СПб.: Наука, 2000. вып. 1.278с.

32 Мельник В.А. Определительгрибов России. Кл. Hypomycetes. Спб.: Наука, 1993. вып. 1. 370с.

33 Новожилов Ю.К. Определитель грибов Росии. Отдел Слизевики. СПб.: Наука, 1993. вып. 1. 288с.

34 Наумов Н.А. Методы микологических и фитопатологических исследований. Л., 1937. 270с.

35 Новотельнова н.с. Фитофторовые грибы. Л.: Наука, 1974. 207с.

36 Пыстина К.А. Определитель грибов России. Кл. Оомицеты. Род Pythium Pring. СПб.: Наука, 1998. 125 с.

37 Рейви П.,Эверт Р., Айхорин С. Современная ботаника. М.: Мир, 1996. Т. 2. 344с.

38 Реймерс Н.Ф. Основные биологические понятия и термины. М., 1988. 379 с.

39 Реймерс Н.Ф. Популярный биологический словарь. М., 1991. 537с.

40 Саркисов А.Х. и др. Диагностика грибковых болезней (микозов и микотоксикозов) животных. М., 1971. 144 с.

41 Синадский Ю.В., Корнеева И.Т. и др. Вредители и болезни цветочно-декоративных растений. М.: Наука, 1982. 591с.

42 Словарь-справочник фитопатолога. 2 изд. М.: Колос, 1967. 384 с.

43 Соколова Э.С., Семенкова И.Г. Лесная фитопатология. М.. Лесная промышленность, 1981. 311 с.

44 Сопрунов Ф.Ф. Хищные грибы – гифомицеты и их применение в борьбе с патогенными нематодами. Ашхабад, 1958.

45 Спесивцева Н.А. Микозы и микотоксикозы животных. М.: Колос, 1964. 511с.

46 Уткин Л.А. Краткий ботанический русско-латинский словарь. М., 1961. 230 с.

47 Тахтаджан А.Л. Четыре царства органического мира// Природа. 1973. №2. с. 22-32.

48 Тропинин И.В., Ведерников Н.М., Крангауз Р.А. и др. Справочник по защите леса от вредителей и болезней. М.: Лесная промышленность, 1980.

49 Флора споровых растений Казахстана. Алма-Ата: Наука, 1956-1987. Т. I-XIII.

50 Федоров А.А., Кирпичников М.Э. Справочное пособие по систематике высших растений. Сокращения, условные обозначения, географические названия. М., Ленинград: изд. АН СССР, 1954. вып. 1. 109с.

51 Черемисинов Н.Н. Общая патология растений. М.: Высшая школа, 1973. 350с.

52 Черемисинов Н.Н., Негруцкий С.Ф., Лешковцева И.И. Грибы и грибные болезни деревьев и кустарников. М.: Лесная промышленность, 1970. 392с.

53 Шварцман С.Р. Грибные болезни древесных пород Казахстана и меры борьбы с ними. Алма-Ата: изд. АН КазССР, 1950. 112с.

54 Ainsworth G.C., Bisby G.R. Dictionary of the fungi/ Ed.6.Kew.1976.663p.; Ed.7.Kew Surrey. 1983, 443 p.

55 Berger K. Mykologischen Worterbuch, 1980.

56 Corlett M., Choug J., Kokko E.G. The ultrastructure of the Spilocaea state of Vinturia inagualis in vivo// Can. J. Microbiol. 1976. V.22. N8. P.1144-1152.

57 Donk M.A. A conspectus of the families of Aphyllophorales// Persoonia. 1964.V.3,pt.2.P.199-324.

58 Edwards P.A. A classification of plants into higher taxa based on cytological and biochemical criteria// Taxon. 1976.V.25. W5-6.P.529-542.

59 Hawksworth D.L. The magnitude of ungal diversity: the 1.5 million species estimate revisited// Mycol. Res. 2001.V.105(12).P. 1422-1432.

60 Lodder J. (ed). The Jeasts. Amsterdam; London, 1972. 853p.

61 Satton B.C. Coelomycetes. Fungi imperfecti with pycinidia, acervuli and stromata, CMI. Kew. 1980. 696p.


Мазмұны
Кіріспе .............................................................................................3

А.......................................................................................................... 4

Б.........................................................................................................24

В........................................................................................................29

Г.........................................................................................................30

Д........................................................................................................39

Е........................................................................................................44

Ж........................................................................................................ 45

З......................................................................................................... 48

И........................................................................................................ 50

К......................................................................................................... 51

Л........................................................................................................ 63

М....................................................................................................... 66

Н........................................................................................................ 69

О......................................................................................................... 81

Ө........................................................................................................ 85

П........................................................................................................ 86

Р......................................................................................................... 96

С......................................................................................................... 99

Т....................................................................................................... 109

У....................................................................................................... 117

Ұ...................................................................................................... 118

Ү......................................................................................................118

Ф......................................................................................................119

Х...................................................................................................... 124

Ц....................................................................................................... 126

Ч....................................................................................................... 129

Ш...................................................................................................... 130

Щ...................................................................................................... 131

І........................................................................................................ 131

Э....................................................................................................... 132

Я....................................................................................................... 135



Әдебиеттер...................................................................................... 136




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет