Микологиялық ЖӘне фитопатологиялық анықтамалық СӨздік


Геном – гендер шоғыры немесе ағзаның берілген түрін бейнелейтін хромосомалардың гаплоидты жиынтығы. Генотип



бет4/13
Дата11.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#127517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Геном – гендер шоғыры немесе ағзаның берілген түрін бейнелейтін хромосомалардың гаплоидты жиынтығы.

Генотип (гр. typos – таңба) – ата-анадан алынған, сондай-ақ ата-анада болмаған, жаңа мутанттық гендердің жиынтығы; бөлек дарақтың тұқымқуалаушылық (генетикалық) характеристикасы.

Геомицеттер, геофильді саңырауқұлақтар (гр. geo – жер) – үнемі топырақта мекендейтін саңырауқұлақтар. Органикалық заттарды ыдыратады, гумустың түзілуіне және табиғаттағы зат айналымына қатысады.

Гербофилдер (лат. herba – шөп; гр. phylon – жапырақ) - өсімдік жапырақтары мен басқа бөліктерінде дамитын саңырауқұлақтардың ерекше тобы.

Гетеро- (гр. heteros – басқа, бөгде) – күрделі сөздер бөлшегі, айырмашылықты білдіреді.

Гетеробазидиомицеттер, фрагмобазидиомицеттер (кл.т. Hetero-basidiomycetidae, кл. Basidiomycetes) – бөлінген төртклеткалы базидиялары бар саңырауқұлақтарды біріктіретін жүйелік категория. Қарапайым саңырауқұлақтарда олар бір-бірден гифалар соңында немесе жеміс беретін бұтақтарда дамиды, ал жоғары ұйымдасқандарда – жеміс денесінің үстінде не ішінде палисадты қабатпен (гимений) дамиды. Екі қатар бар: Auriculariales, Tremellales.

Гетерогаметалар – пішіні, мөлшері мен түрлі жыныс белгілері бойынша ажыратылатын жыныс клеткалары (гаметалар).

Гетерогамия – ұрпаққа әртүрлі гендер немесе гендер комбинациясын беретін, мөлшері әртүрлі қозғалмалы гаметалар (гетерогаметалар) өзара қосылатын жыныс процесі.

Гетерокариоз (гр. heteros және karyon – ядро) – ядролардың сапалық түрлілігі; әртүрлі жүйелік топтардағы саңырауқұлақтарда байқалды. Мағынасы мынада: бір мицелийдің кейбір клеткаларында генетикалық әртүрлі ядролар болуы мүмкін, яғни бір клеткада генотипі әртүрлі ядролар болады. Бұл ағзаның өзгергіштігін, оның жаңа жағдайларға адаптциясын түсіндіреді. Соның арқасында олар табиғатта кең таралады, әсіресе жетілмеген саңырауқұлақтар. Гетерокариоз өзгергіштіктің негізгі механизмі болып табылады.

Гетероталлизм (гр. heteros - өзге, thallus - өскін) – бөлек жыныстылық; жыныс мүшелері (антеридийлер мен оогонийлер) саңырауқұлақтың әртүрлі гифаларында (сырт бейнесі бойынша бірдей, бірақ жынысы әртүрлі) түзіледі.

Гетеротрофтар (гр. trophe – қорек, қоректену) – тіршілік әрекеті үшін тірі ағзалардың ұлпаларынан (паразиттер) және өсімдіктектектес немесе жануартектес өлі қалдықтардан (сапртрофтар) алынатын органикалық заттарды қолдантын, хлорофиллі жоқ ағзалар (бактериялар, саңырауқұлақтар). Фото- немесе хемосинтез арқылы өздігінен органикалық заттарды түзуге қабілеті жоқ.

Гиалинді споралар (гр. hyalos – шыны) – мөлдір, шыны тәрізді, түссіз немесе сарғыш споралар.

Гиалоспора – жетілмеген саңырауқұлақтардың түссіз немесе аз боялған спорасы.

Гиалоплазма (гр. plasma – жапсырып жасалған мүсін) – ескірген атау (цитозоль).

Гибберелиндер – қалталы саңырауқұлақ гибберилден (т. Gibberella) алынған, гормондар тобы түріндегі өсін зат. Препаратпен себілген өсімдіктер өнімділігін өсіреді, ерте гүлдейді, жидек сапасы артады.

Гидромиксальді миксомицеттер (қат. Hydromyxales, кл. Hydromycetes) – сапрофитті тіршілік ететін су саңырауқұлақтары, кең таралған, алайда сирек кездеседі. Тән туыстар – плакопус (Plakopus), биомикса (Biomyxa).

Әлемде 13 түр белгілі. Қазақстанда зерттелмеген.



Гидромиксомицеттер (кл. Hydromyxomycetes) – сулы сапротрофты, сирек паразитті миксомицеттер. Табиғатта кең таралған. Екі қатарға бөлінеді: Hydromyxales, Labyrinthulales.

Әлемде 20түр белгілі. Қазақстанда зерттелмеген.

Жүйелік орны анық емес. Г.Крайзель саңырауқұлақтардан бөліп тастаған.

Гидрохорлы саңырауқұлақтар (лат. hydros – су, choros – орын) – споралары суда мекен етіп орын ауыстыруға бейімдеоген сңырауқұлақтар. Сулы немесе ылғалды ортад тіршілік етіп дамиды. Көптеген жер саңырауқұлақтары үшін жаңбыр, шық, суармалы сулар да саңырауқұлақтардың споралар, мицелий үзінділерімен, жеміс денесімен немесе оның бөлігімен жақын қашықтыққа таралуына ықпал жасайды.

Гимений, гимениальді қабат (гр. hymen – тері, қабықша) – қалтал және базидиальді саңырауқұлақтардың спора түзуші қабаты; қалталар, базидийлер, цистидтер мен парафиздерден тұрады. Гимений жеміс денесінің үстінде, не ішіндегі гименофордың үстінде орналасады: эволюционды дамығандарда – трубкалы, пластинкалы, тісті, қарапайымдыларда – тегіс.

Гименогастрлі саңырауқұлақтар (қат. Hymenogastrales, кл. Basidio-mycetes) – жеміс денесі алмұрт пішінді, шар пішінді, түйінді, субстратқа ризоморфтар арқылы бекиді. Перидий 1-3 қабатты. Глеба көптеген камералар түзеді. Пісіп жетілгенде глеба ұнтаққа айналмайды. Базидий пішіні әртүрлі. Споралары тегіс, тікенекті, түссіз немесе аздап боялған. Топырақта немесе оның бетінде тіршілік етеді. Тән түрлер – ризопогон (Rhizopogon), гименогастер (Hymenogaster).

Әлемде 300 түр белгілі. Қазақстанда 2 түр анықталған.



Гименомицеттер (қатарлар тобы, кл. Basidiomycetes) – түрлі құрылымды (тікенекті, пластинкалы, трубкалы, т.б.) гименийі бар гименофор тән саңырауқұлақтардың жүйелік тобы. Жеміс денелері пішіні, мөлшері, консистенциясы, түсі бойынша алуан түрлі. Сапротрофтар, паразиттер, микориза түзушілер. Қазіргі кезде «гименомицеттер» атауы аз қолданылады.

Әлемде 12 000 түр анықталған. Қазақстанда 600 түрден астам анықталған.

Екі қатарға бөлінеді: пластинкасыздар немесе афиллофорлы (Aphyllophorales) және пластинкалы немесе агарикті (Agaricales).

Гименофор (гр. phoros – тасымалдаушы) – гимений орналасатын жеміс денесінің бөлігі. Гименофордың биологиялық маңызы түрлі мүсінді түзілімдер – тікенектер, пластинкалар, қыртыстар, трубкалар, т.б. арқылы споратүзуші ауданды және споралық өнімді көбейтуде.

Гипер (гр. hyper – жоғары, асқан) – күрделі сөздер бөлшегі, мөлшер, пішін мен массаның нормадан қатты асуын білдіреді.

Гиперпаразиттер – басқа паразиттерді мекен етіп, олар арқылы тіршілік ететін асқан паразиттер. Гиперпаразитизм саңырауқұлақтардың арасында кең таралған, мысалы Darluca туысының саңырауқұлақтары тат саңырауқұлақ-тарының сорустарында тіршілік етеді.

Гиперплазия (гр. plasis – түзу) – патогенді микроағзалар, жәндіктер, химиялық заттар әсерінен клеткалардың интенсивті көбеюі нәтижесіндегі мөлшерден тым асуы. Гиперплазияның мысалы ретінде ағаш діңдерінде пайда болатын өсінділерді көрсетуге болады.

Гипертрофия (гр. trophe – қоректену) – клетка көлемінің көбею емес, массасының артуы нәтижесіндегі өсуі. Мұнда клетка не өз пішінін сақтайды, не оны қатты өзгертіп жібереді, мысалы, галлдар.

Гипо- (гр. hypo – төмен, астында) – күрделі сөздер бөлшегі, көлемнің, мөлшердің қатты төмендеуін білдіреді.

Гипокорейлі саңырауқұлақтар (қат. Hypocreales, кл. Ascomycetes) – бір түрлерінде ішінде перитецийлері орналасқан, жұмсақ, ашық түсті строманың болуымен; басқаларда – перитецийлердің нашар байланысқан мицелий гифаларынан тұратын субикулюмде (жұқа киізді төсеніш) орналасуымен сипатталады. Қалталары жіңішкі цилиндлі, табанда орналасады. Парафиздер жіпшелі. Споралары – 8. Жоғары сатылы өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың және жәндіктердің облигатты немесе факультативті паразиттері, сондай-ақ топырақта, теңіздерде, ағашта, өсімдік қалдықтарында тіршілік ететін сапрофиттер. Даму циклінде конидиальді сатылар бар (қат. Hypomycetales). Ең үлкен және экономикалық маңызда туыстастар – нектрия (Nectria), гибберелла (Gibberella), гипомицес (Hypomyces).

Әлемде 800 түр белгілі. Қазақстанда 20түр анықтлған.



Гипоплазия – ұлпа, мүше, дене бөлігі немесе барлық ағза клеткалары мөлшерінің, санының азаюы.

Гипострома – эпистроманың астында орналасқан саңырауқұлақтар стромасының бөлігі, мұнда перитецийлер дамиды.

Гипотеций, субгимений – қалталар мен парафиздерге бастама беретін, апотеций гимениінің астында орналасқан мицелий ұлпасының тығыз қабаты.

Гипотрофия – қоректенудің нашарлығынан клеткалар мен ұлпалар көлемінің азаюы.

Гистериальді саңырауқұлақтар (қат. Hysteriales, кл. Ascomycetes) – гистеротецийлері жолақты, сирек дөңгелек, көлденең жолақ бойымен ашылады. Қалталар түйреуіш пішінді, цилиндрлі. Псевдопарафиздер бұтақтанған, жоғары жағында эпитеций түзіп бір-бірімен қосылатын дөңгелек, боялған түйіндері болады. Споралары бір немесе бірнеше қабықшамен бөлінген, бір не екі түзу емес қатар құрып орналасады. Сапртрофтар; көбі тропикалық және сутрпикалық елдер тіршілік етеді. Конидийлі кезең сферонема (Sphaeronema), пленодомус (Plenomus) туыстарында бар. Тән туыстар – глоний (Glonium), гистерий (Hysterium), лофий (Lophium), т.б.

Әлемде 115 түр белгілі. Қазақстанда екі туыстың екі түрі анықталған.



Гистеротеций – аскострома, локулоаскомицеттердің ұзын, созыңқы пі-шінді жеміс денесі, пісіп жетілгенде жарықшамен ашылады.

Гифа (гр. hyphe - өрмек, ұлпа) – саңырауқұлақ денесін құрайтын микроскопиялық жіңішке, бұтақтанған жіпшелер.

Гифальді саңырауқұлақтар немесе гифомицеттер (қат. Hyphomycetales, кл. Deuteromycetes) – мицелий жақсы дамыған, септилденген, бұтақтанған, түрлі боялған өңездер мен кейде сәл көрінетін эндо- немесе эктофитті мицелий түзеді. Қатар төрт туыстарға бөлінеді: монилийлі (Moniliaceae), конидия тасушылары дара, қарапайым, ашық боялған бұтақтанған; демацийлі (Dematiaceae), күңгірт конидия тасушылары мен конидийлермен,стильбеллды (Stilbellaceae) немесе коремиальдәлер, оларда конидия тасушылар тығыз түптерге немесе коремияларға біріккен, туберкулярлы (Tuberculariaceae), конидия тасушылары гифалардың тығыз байланысында бірегей қабат түзеді, ол спородохия немесе пионнот деп аталады. Жыныссыз көбеюі конидиялар арқылы. Жынысты көбею жоқ. Ги фомицеттер барлық жерде таралған, сапротрофтар ретінде топырақта, сүректе, сабақтарда, жапырақтарда, тағамдарда және адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері. Олардың бірқатар түрлері ферменттердің, антибиотиктердің, дәрумендердің, токсиндердің продуценттері. Жыртқыш жәе энтомопатогенді түрлер де бар. Көбі қалталы саңырауқұлақтардың конидийлі сатысы болып табылады.

Әлемде 6000 түр белгілі. Қазақстанда 700 түрге жуығы анықталған.



Гифоподийлер (гр.podos – аяқ) – гифалардың ісінген бүйірлі бұтақшалары, 1-2 клеткадан құралған. Субстратқа бекіну қызметін атқарады және жыныс мүшелері қызметін де атқара алады.

Глеба (гр.gleba – түйін) – гастеромицеттердің жеміс денесінің жұмсақ, мақта тәрізді консистенциялы ішкі бөлігі. Жас кезінде глеба ақ болады, уақыт өте келе қоңырға дейін күңгірттенеді.

Глеоспора – кілегейлі қабықпен қапталған спора.

Глеоциста – залалсыз, майлы құрамды жұқа қабықшалы клетка, гименийлі қабатта немесе одан тыс шығып орналасады. Пішіні ұршық немесе түйреуіш пішінді, желатинді консистенциялы. Базидийлі саңырауқұлақтарда кездеседі.

Гликоген (гр.glycos – туу) – қор зат, жануар текті крахмал, полисахарид. Жануарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар, көк-жасыл бактериялардың протоплазмасында ұсақ тамшылар, α- және β- бөлшектері түрінде болады.

Гломерулалар - тығыз немесе қопарылған құрылымдарға біріктірілген споралар, қалыпты домалақ пішінді, түрлі мөлшерлі, таксономиялық маңызы бар.

Голландтық ауру – қоздырғыш – Graphium ulmi саңырауқұлағы (қат.Hypomycetales) бұтақтардың солуы мен өлуіне әкелетін қауіпті ауруды туғызады. Аурудың қозуы споралар арқылы өтеді, оларды жәндіктер тасымалдайды. Аурудың таралуы үшін қолайлы жағдай – ұзаққа созылатын құрғақ, ыстық ауа-райы. Күресу шаралары – төзімді ағаштарды отырғызу; зиянкес-жәндіктермен күресу; ауру ағаштарды жою; ағаш қалдықтарын креозот және мазутпен жағу.



Гологамия, хологамия (гр.holos – толық) – екі қабақшасыз амебоидтардың немесе вегетативті клеткалардың өзара қосылуы жүретін жыныс үрдісі. Төменгі сатылы саңырауқұлақтар мен балдырларда кездеседі.

Голокарпті саңырауқұлақтар – барлық вегетативті денесе бір спорангий түзуге жұмсалатын саңырауқұлақ. Хитридийлі саңырауқұлақтарда кездеседі.

Голоморфа – бірге алынған анаморфа мен телеморфа.

Голотип – автор номенклатуралық тип ретінде белгілеген экземпляр немесе гербарлы мысал.

Гоммоз – жаралы өсімдіктің түрлі консистенциялы массаны түзуі. Бұл клеткалардың немесе олардың қабықшаларының қалыпты клеткаларда болмайтын заттарға айналуы арқалы жүзеге асады. Негізгі себебі – саңырауқұлақтар. Жапырақтыларда камедь, ал қылқандыларда май деп аталады.

Гомоталлизм (гр.homos – жалпы, бірдей) - қосжыныстық, саңырауқұлақтардың бір талломда, мицелийде аналық және аталық жыныс мүшелерін дамыту қабілеті. Төменгі саңырауқұлақтарда кездеседі.

Гранозан – сынапты препарат. 1,8-2,3% дуст түрінде шығарылады. Ауыл және орман шаруашылығында дәнді дақылдар, техникалық дақылдардың, қылқандылардың тұқымдарының саңырауқұлақ және бактериальді аурулармен, сондай-ақ тұқым шіруіне қарсы уландырғыш ретінде пайдаланылады. Өсімдіктер мен топыраққа қолдануға тыйым салынған.

Грибница, мицелий – саңырауқұлақтың жеміс денесі, жұқа, жіпшелі, бұтақтанған, түссіз немесе боялған диам. 10мкм-ге дейін, клеткалы емес (төмеенгі саңырауқұлақтардың көбінде), қатпарлы (жоғары сатылыларда) гифалардан құралады, олар өсу, қоректену, көбею қызметін атқарады. Мицелий клеткалардың ішінде немесе клекта аралықтарда дами алады, және эндогенді немесе эндофитті, ал субстрат бетінде – экзогенді немесе экзофитті деп аталады. Саңырауқұлақиың даму циклінде мицелийдің түрлі өзгерулері: шнурлар, мицелиальді тяждар, ризоморфтар, склероцийлер, апрессорийлер, гаусторийлер, хламидоспоралар, бүршіктенетін мицелий, т.б. кездеседі.

Гризеофульвин – саңырауқұлаққа қарсы антибиотик, Penicillum туысынан алынған. Ақұнтақ пен ағаш, бұта және мәдени өсімдіктердің сұр шірігіне қарсы 0,015-0,2% сулы ерітінді түрінде қолданылады.

Гумусомицеттер – топырақтың бетінде, ішінде және ыдыраған органикалық қалдықтарда мекендейтін саңырауқұлақтар.


Д

Дакримицетті саңырауқұлақтар (қат.Tremellales, кл. Basidiomycetes) – жеміс денесі кең жайылған немесе түйреуіш пішінді, шоғырланған, шеміршекті консистенциялы, сары сарғыш-қызыл. Базидийлер айыр тәрізді, ұзын жуан стеригмалары бар, оның басында жалғыз бірклеткалы базидиоспора (5-15 көлденең қабыршақтармен бөлінген) отырады, кейбір түрлерде тік қабыршақ болады, бұл белгі оларды басқа базидиомицеттерден айырады. Жапырақты және қалқанды түрлерді ағаштарын мекен етеді. Белгілі түрлер: дакримицес (Dacrymyces), калоцера (Calocera), цериномицес (Cerinomyces).

Әлемде 60 түр белгілі. Қазақстанда 4 түр анықталған.



Дарақ, индивидум (лат.individuum) – бөлінбейтін тірі ағза. Қоршаған ортамен зат алмасуды жүргізеді.

Дауэрмицелий – вертициллий (Verticillium) тұқымдасының саңырауқұлақ-тары мицелийінің жуанқабықты, күңгірт боялған гифалары.

Дәнді дақылдар ақұнтағы – қоздырғыш – Erysiphe graminus. Саңырауқұлақтаың мамнданған формалары бар: бидайда – f. tritici, қарабидайда – f. secails, ячменде – f.hordei, сұлыда – f. avenae және т.б. ауру сабақ, жапырақтарда ақ ұнтақ тәрізді зең түрінде көрініс алады. Күресу шаралары – агротехникалық (қысқы дәндерді дер кезінде, көктемгілерді ертерек егу), толық минералды қоректі енгізу, алайда азоттың мөлшерден тыс ығуын болдырмау; химиялық – коллоидты күкірттің 1,5-2% суспензиясымен (400-500 л 1 га жерге), каратан суспензиясымен (2-3 кг 1 га жерге), 0,015-0,02% сулы ерітінді түріндегі гризеофульвинмен залалсыздандыру.

Дәнді мицелий – екпе материал ретінде қолдану мақсатымен дәнде өсірілген жеуге жарамды саңырауқұлақтардың мицелийі.

Дебариомицеттер (т. Debariomyces, қат. Endomycetales) – ашытқы саңырауқұлақтары. Вегетативтік клеткалары эллипсоидті, жұмыртқа пішіндес, көбіне шар пішінді. Споралы қалталар аналық клетканың бүршік клеткамен копуляциясы нәтижесінде пайда болады. Артроспоралары болады. Шар пішінді клеткалы түрлер бүршіктену арқылы вегетативті көбейеді. Дебариомицеттердің бірнеше түрі ашымайтындардан жақсы ашу активтілігімен және ақуызы бар, тұзды ортада жақсы дамитындығымен айырылады. Мыңжапырақ, қияр тұздығында, ірімшік қабығында, сүрленген шұжықтарда, теңіз суында, жидек шырынында, крахмалы мол субстраттарда, сондай-ақ терінің микозды ауруына шалдыққан адамдарда, жануарларда кездеседі.

Әлемде 555 түр белгілі. Қазақстанда 2 түр анықталған.



Дегенерация (лат. Degenero – туамын) – 1) клетка құрамының қалыпты клеткаларда кездеспейтін басқа заттарға айналуы (мысалы камедь); 2) ағза мүшелері мен ұлпаларының құрылысының өзгеруі, қарапайымдалуы; 3) бөлек мүшелердің ыдырауы, жоғалуы, редукциясы.

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – құрамына фосфатдезок-сирибоза мен азоттық негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин) кіретін нуклеин қышқылы. Негізінен клетка ядросында болады, пішіні қосарланған спираль түрінде, хромосомдардың негізгі бөлігі болып табылады, тұқымқуалаушылықты қастамасыз етеді.

Дезъюнкторлар (лат. Desjunctio – даралану) – споралардың бөлінуі мен атылуына жәрдемдесетін, споралара арасында пайда болатын ерекше құрылымдар. Тат (қат. Uredinales), гифальді (қат.Hyphomycetales) саңырау-құлақтарының споралары қатарларінде кездеседі.

Дейтеромицеттер немесе жетілмеген саңырауқұлақтар (кл. Deutero-mycetes, кл. Fungi Imperfecti) – барлық тіршілік циклы гаплоидты сатыда, ядролық фазалардың өзгеруінсіз, өтетін саңырауқұлақтардың филогенетикалық әртүрлі тобы. Жыныссыз көбеюі конидиялар арқылы, вегетатвті көбею – мицелий бөліктері және саңырауқұлақ денесінің бөліктері арқылы жүреді. Жынысты көбеюі белгісіз. Гендер рекомбинациясы гетерокариоз бен пересексуалды үрдіс кезінде жүреді. Көп түрлерде аскомицеттермен, базидиомицеттермен және аз мөлшерде зигомицеттермен филогентикалық байланыс орнатылған. Негізінен сапротрофтар, бактериялармен және актиномицеттермен органикалық заттарды ыдыратуға, топырақ түзу үрдістеріне қатысып, топырақта тіршілік етеді. Көптеген түрлер жоғары сатылы өсімдіктерде, жәндіктерде паразиттік тіршілік етеді, адамның қауіпті ауруларын туғызады (аспергиллез, т.б.). Кейбір түрлер өндірісте антибиотиктердің, ферменттердің, органикалық қышқылдардың продуценттері ретінде пайдаланылады. Аскомицеттер мен базидиомицеттер-мен қатар, жетілмеген саңырауқұлақтар – саңырауқұлақтардың ең үлкен тобы. 4 қатбекке бөлінеді: Hypomycetales, Melancoliales, Sphaeropsidales, Mycelia sterilia.

Әлемде 7500 жуық түр белгілі. Қазақстанда 1645 түр анықталған.



Демацийілі саңырауқұлақстар ( тұқымдас Dematiaceae, қат. Hypomycetales) – мицелиі жас, түссіз, уақыт өте келе сарғыш, қоңыр, тіпті қара, күңгірт түсті топтар түзеді. Конидия тасымалдаушысы қарапайым немесе көптармақталған, күңгір боялған. Кондиций бір немесе көпклеткалы, цилиндрлік, тегіс немесе мүсінді қабықшасы бар, жеке немесе конидиятасымалдаушының басында, бүйірлерінде немесе стеригмаларда, фиалидияларда, бұтақшаларда орналасатын түбірге, қатбекке жинақталған. Сапротрофтар, тірі өсімдіктерде, қыналарда, мүктерде, саңырауқұлақстарда, топырақта паразиттік тіршілі ететіндер де бар. Ең көптүрлі тұқымдастар: церкоспора (Cercospora), кладоспорий (Cladosporium), альтернария (Alternaria) және т.б.

Әлемде 1845 түр белгілі. Қазақстанд 215 түр анықталған.



Дерматомикоздар (гр. derma – тері, mykes – саңырауқұлақ) – қоздырғышы трихтофитон (20 түр), эпидермофитон (1), микроспорум (14) және әлі көп зерттелмеген кератиномицес болып табылатын адамның, құстың, жануарлардың тері аурулары (қотыр, трихтофития, микроспория, эпидермофития). Олардың барлығы жетілмеген саңырауқлақстарға жатады (қат. Hypomycetales), ал олардың қалталы сатылары – қалталы саңырауқұлақстардың әртүрлі туытастарына (кл. Ascomycetales).

Дерматоциттер, дерматофиттер – адам терісінде паразиттік тіршілік етіп, антропофильді, жануарлар терісінде – зоофильді, адам мен жануарлар терісінде – зооантропофильді дерматомикоздар (бұл жағдайда инфекция жануардан адамға жұғады) туғызатын саңырауқұлақстар тобы.

Деструктивті ыдырау (лат.destructio – ыдырау) - өсімдіктер клеткалары мен ұлпаларының бүтіндігінің саңырауқұлақтармен, негізінен үй саңырауқұлақтары (Serpula lacrumans), бұзылуы.

Деструкторлар – органикалық заттарды молекулаларға дейін ыдырататын ағзалар, табиғаттағы зат айналымына қатысады (саңырауқұлақтар, бактериялар, гатаротрофты протистер).

Деформация – тафрина (Taphrina), мелампсора (Melampsora) және т.б. тұқымдастатары саңырауқұлақтарымен қоздырылатын, өсімдік мүшелерінің мішіндерінің өзгеруі. Олар жемістерді деформациялайды (мысалы, «өріктің қалталары»), жапырақтардың жиырылуын, жіпшелілігін, бұтақтардың, өс-кіндердің қисаюын, гүлдердің жапыраққа айналуын туғызады.

Диагноз – кез келген таксонның (түр, тұқымдас, т.б.) анатомо-морфологиялық, мәдени, экологиялық сипаттамасының толық бейнеленуі.

Диаспора (гр.diaspora – таралу, шашылу) -өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактерилардың табиғи таралу мен көбеюінің бірліктері (споралар, тұқым, түйін, пиязшық).

Дидимоспора (гр.didymo – екілік) – жыныссыз көбеюдің екі клеткалы спорасы.

Дикариоз (гр.di – екі, karyon – ядро) – клеткада екі ядро болатын жағдай.

Дикарион, синкарион – клеткадағы жақындасқан, алайда жұптасып бірікпеген екі гаплоидты ядро.

Дикариоттық саты – жыныс үрдісінің бір сатысы, мұнда әртүрлі жыныстық елгісі бар ядролар бөліну арқылы көбейіп, дикариондар түзе жұптасып орналасады, содан кейін ядролардың бірігуі жүреді (кариогамия). Бұл сатыдын бұрын протоплпзмпның бірігуі жүреді (цитогамия).

Дикариофит – плазмогамия мен кариогамия аралығында жақындасқан дикариондары болатын саңырауқұлақ мицелийі.

Диктиоспора, диктиоконидия – көлденең және тік қатпарлары бар, жыныссыз көбеюдің көпклеткалы спорасы, конидиясы.

Диморфизм – саңырауқұлақта түрлі жағдайларда дамитын (қоректену, температура, жарық, ылғалдылық) мицелийдің екі түрінің (мицелиальді және ашытқы тәрізді) болуы.

Дипланетизм – зооспоралардың бір стаысының басқасымен ауысуы, олар морфологиялық және тыныштық уақытымен түрленеді. Сапроленгнийлі саңырауқұлақтарда кездеседі (кл. Oomycetes).

Диплодия (гр.diploos – екілік) – саңырауқұлақ клеткаларында гомологиялық хромосомдар жұптарының толық жиынтығының болуы. Мұндай жұптардағы гомологиялық хромосомдардың біреуі аталық жол, ал екіншісі – аналық бойынша генетикалық ақпаратты тасымалдайды, және де олар сәйкесінше аталық немесе аналық жыныс клеткасынан пайда болады.

Диплоидты саты – жыныс клеткалары мен олардың ядролаының бірігуі нәтижесінде пайда болған, мицелий клеткаларының ядроларында хромосомдардың толық (жұптасқан, екілік) жиынтығы болатын саты, кезең. Жыныс үрдісі бар кез келген ағзаға оның дамуындағы ядролық сатылардың кезектесуі тән: копуляциядан редукционды бөліну – диплоидты саты және редукциядан копуляцияға дейін – гаплоидты саты.

Диплоидты ядро – хромосомдардың екілік жиынтығы бар ядро.

Дискомицеттер (қатарлар тобы, кл. Ascomycetes) – жеміс денелері апотецийлер деп аталатын саңырауқұлақтар, түрлі пішінді, бұл эволюциялық даму деңгейіне байланысты: қарапайымдарда – диск тәрізді, воронка тәрізді, құлақ тірізді; жоғарырақ ұйымдасқандарда олар табан мен қалпаққа жіктелген. Споралы қабатта екі диск болады. Сапротрофтар, топырақта, жиірек орман түсімінде, кепкен ағаш қабығында, ағаш қалдығында тіршілік етеді. Олардың арасында микориза түзушілер мен жеуге жарамды саңырауқұлақтар да бр. Жабайы және мәдени өсәмдәктердің ауруларын туғызатын паразиттер аз. Бұл ритисима (Rhytisima), фацидий (Phacidium) және т.б. тұқымдастар.

Әлемде 3000 түр анықталған. Қазақстанда 217 түр табылған. Алты қатбекке жіктеледі: Phacidiales, Helotiales, Cyttariales, Pezizales, Tuberales, Laboulbeniales.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет