3. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды өткізу тәртібі
11. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды өткізу мерзімділігі:
1) жыл сайынғы медициналық тексеріп-қарау – жылына 1 рет;
2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымының алдында 1 сағат және 30 минут бұрын.
12. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
1) алдыңғы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жұмыс берушімен немесе жауапты адаммен бірге өндірістер, цехтар, кәсіптер мен лауазымдар тізбесін, ауыр жұмыстар, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларының тізбесін анықтайды;
2) міндетті медициналық тексеріп-қараулармен толық қамтуға, сапасына және уақтылы өткізуге бақылауды жүзеге асырады;
3) жұмыскерлердің міндетті медициналық тексеріп-қараулары нәтижелерін қорытындылауға қатысады;
4) медициналық ұйымның сұрауы бойынша еңбек жағдайының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады.
13. Орындалатын жұмысқа қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылық анықталған жағдайда медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына шұғыл хабарлама жібереді және науқасты емделуі үшін тұратын жері бойынша тиісті емдеу-профилактикалық ұйымына жібереді.
14. Тиісті аумақтағы және көліктегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы осы адамдар эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін болса, осындай адамдарды жұмыстан шеттетеді.
15. Медициналық ұйым:
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілген міндетті медициналық тексеруге жататын контингенттердің тізімдерін алған кезде міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізу үшін комиссия құрады және күнтізбелік жоспар құрады, онда дәрігерлік комиссия құрамын, әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың ерекшеліктерін есепке ала отырып зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемі, дәрігерлік комиссия жұмысының уақыты мен мерзімі анықталады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар өткізетін медицина қызметкері болмағанда және жеткіліксіз болғанда қажетті зерттеулер қызметтің аталған түріне лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Жоспар ұйымның әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі;
2) медициналық ұйымның басшысы кәсіптік патология бойынша кәсіби қайта даярлығы және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар дәрігер-кәсіптік патолог төраға болуы тиіс дәрігерлік комиссия құрамын бекітеді. Дәрігерлік комиссия құрамына өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен мына медицина қызметкерлері кіреді: терапевт, хирург, невропатолог, отоларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика бойынша дәрігер, дәрігер-зертханашы.
Дәрігерлік комиссияның жұмысына қажет болған жағдайда басқа мамандар (тіс дәрігері, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) да тартылады;
3) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларға қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған жұмыскерлердің еңбек жағдайы мен кәсіптік қызметінің сипаттамасымен танысуы тиіс;
4) тоқсан сайын міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу бойынша медициналық ұйымның жұмысы туралы жиынтық есепті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына ұсынады;
5) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау аяқталған соң ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің нәтижелерін қорытындылайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 данада қорытынды акт жасайды, оны өткізілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына ұсынады. Актіге қосымшаларда басқа жұмысқа ауысу ұсынылған, стационарлық және санаториялық-курорттық емдеу, диеталық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың аты-жөні жазылған тізім беріледі. Қорытынды актілер қол қойылғаннан кейін орындалуы үшін ұйымның әкімшілігіне, кәсіподақ комитетіне, бақылау үшін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына, жұмыс үшін жұмыс берушінің орналасқан орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдарға беріледі, бір данасы міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізген медициналық ұйымда қалады;
6) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау деректері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына және осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына тіркелген қосымша параққа енгізіледі. Бұл ретте, міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға қатысатын әрбір медицина қызметкері кәсіптік жарамдылық туралы өз қорытындысын береді. Амбулаториялық пациенттің медициналық картасының қосымша парағына кәсіптік бағдардың деректері енгізіледі. Жұмыстан шығу және басқа ұйымға ауысу кезінде амбулаториялық пациенттің міндетті медициналық тексеріп-қараулар деректері бар медициналық картасы жаңа жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі.
Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау амбулаториялық пациенттің тұратын жері бойынша медициналық картасы немесе оның көшірмесі болған жағдайда жүргізілуі тиіс;
7) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өткен және зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге жарамды деп танылған адамдарға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама беріледі;
Кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытынды медициналық тексеріп-қарау түріне қарамастан, тұратын жерінің медициналық құжаттамасын есепке ала отырып ресімделеді;
8) зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адамдарға қорытынды қолға берілмейді, үш күндік мерзімде жұмыс берушіге жіберіледі, бұл ретте зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адам бұл туралы хабардар етіледі;
16. Жұмыс беруші:
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын контингент туралы деректерді алғаннан кейін жұмыскерлер әсерлеріне ұрынатын өндірістер, цехтар, ауыр жұмыстар, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарды, сондай-ақ осы еңбек жағдайларындағы жұмыс өтілін көрсете отырып, адамдардың аты-жөні жазылған тізімді бір ай мерзім ішінде жасайды;
2) өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізуді ұйымдастырады;
3) кәсіптік аурулармен ауыратын және оларға күдікті адамдарды терең зерттеу және емдеу үшін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;
4) жыл сайын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілген, анықталған науқастарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
17. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша кейіннен жұмыскердің диспансерлік топтардың біріне тиесілілігін анықтай отырып және кәсіптік аурулардың және әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы бойынша ұсынымдарды ресімдей отырып – одан әрі бақылау, емдеу және оңалту бойынша топтар құрылады:
-
оңалтуды қажет етпейтін дені сау жұмыскерлер;
-
әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер;
-
жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер;
-
мамандығында жұмысын жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын, сонымен қатар қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер;
-
организмге зиянды өндірістік факторлар әсерінің белгілері бар жұмыскерлер;
6) кәсіптік аурулардың белгілері бар жұмыскерлер.
18. Әртүрлі ағзалары мен жүйелерінің тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер; жалпы аурулардың бастапқы түрлері бар жұмыскерлер; мамандығында жұмысты жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын, сонымен қатар қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын белгілері бар жұмыскерлер және кәсіптік аурулармен ауыратын адамдар медициналық тексеру нәтижелері бойынша тұратын жері бойынша медициналық ұйымда диспансерлік бақылауға жатады.
19. Мамандығында жұмысты жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын, сонымен қатар қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер емдеу-оңалту бейініндегі медициналық ұйымдарға оңалтуға жіберіледі, содан кейін оларға қатысты кәсіптік жарамдылыққа сараптау жүргізіледі. Медициналық оңалту кезеңінен кейін еңбекке жарамды деп танылған жұмыскерлер жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар адамдар тобында диспансерлік бақылауға жатады.
20. Организмге зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері және кәсіптік аурулар белгілері бар жұмыскерлер аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымға жіберіледі.
21. Кәсіптік аурулармен ауыратын адамдар өнеркәсіптік кәсіпорынға қызмет көрсететін немесе тұратын жері бойынша медициналық ұйымның кәсіптік патологында диспансерлік есепте тұрады.
22. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша жұмыскерлерді емдеуге жатқызу мынадай үш негізгі кезеңнен тұратын кезеңдік оңалту қағидалары негізінде жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең: өнеркәсіптік кәсіпорындар жанындағы денсаулық сақтау пункттерінде, санаторий-профилакторийлерде іс жүзінде дені сау жұмыскерлерде аурулардың профилактикасы бойынша іс-шаралар;
2) екінші кезең: «тәуекел тобы» адамдарын: суық тиіп жиі және ұзақ ауыратын, әртүрлі функционалдық бұзылулары бар, жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар, кәсіптік аурулардың клиникаға дейінгі белгілері бар адамдарды диспансерлік бақылауды және санаториялық-курорттық сауықтыру кезеңін міндетті түрде қоса отырып, амбулаториялық және стационарлық жағдайларда тұрақты профилактикалық емдеу жолымен медициналық оңалту.
3) үшінші кезең: кәсіптік аурулары бар науқастарды, оның ішінде осы аурулардың салдарынан мүгедек болған адамдарды аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйым жағдайларында, қызметтің осы түріне лицензиясы бар санаторийлік-курорттық сауықтыру орындарында оңалту.
23. Кәсіпорындардағы науқастарды, жұмыскерлерді емдеуге жатқызуды және медициналық оңалтуды бақылау аумақтық медициналық ұйымдарды және кәсіпорындарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарды тарта отырып, облыстық (қалалық) кәсіптік патология кабинеттеріне жүктеледі.
24. Мамандық бойынша міндеттерді орындауға жарамдылықты анықтау кезінде жалпы және жеке медициналық қарсы айғақтарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
25. Ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жеке тұлғада аурудың болуын немесе жоқтығын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздығын, осы ауысымдағы жұмысқа кәсіптік жарамдылығын анықтау.
26. Кәсіптер бойынша ауысым алдындағы медициналық куәландыру (бұдан әрі – куәландыру) көлік пен жабдықты пайдалануды жүзеге асыратын медициналық ұйымның штаттық медицина қызметкері (наркологиялық диспансерде (ауруханада) арнайы дайындықтан өткен) немесе ұйыммен (жеке кәсіпкермен) арадағы шарт бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері жүргізеді.
27. Медициналық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензияға сәйкес кәсіптер бойынша куәландыру жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
28. Кәсіптер бойынша куәландыру өткізу мәселелері бойынша медицина қызметкерін даярлауды наркологиялық диспансерлер (ауруханалар) жүзеге асырады.
29. Кәсіптер бойынша куәландыру жұмыс берушінің бақылауы немесе медициналық ұйымның медицина қызметкерінің әдістемелік нұсқауымен жүргізіледі.
30. Куәландыру жүргізу үшін ұйым (жеке кәсіпкер) немесе медициналық ұйым жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру жүйелерімен жабдықталған, медициналық жабдықпен және құрал-саймандармен жарақталған арнайы үй-жай бөледі.
31. Куәландыру жұмыс ауысымының (кезекшіліктің) басталуы алдында 30 минут бұрын (автокөлік құралдарының жүргізушілері үшін) және бағдар (жол) қағазын, ұшуды орындауға тапсырманы немесе нарядты көрсеткен кезде рейстің (ұшудың) алдында 1 сағат бұрын жүргізіледі. Бір күн ішінде бірнеше рейстерді (ұшуларды) орындау қажет болған жағдайда куәландыру бірінші рейстің (ұшудың) алдында бір мәрте жүргізіледі.
32. Куәландыру жүргізу нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес журналда тіркеледі.
33. Журналды куәландыру жүргізген медицина қызметкері толтырады және куәландыру жүзеге асырылатын кабинетте сақталады.
34. Медицина қызметкерлері көрсетілген кәсіптер бойынша жұмыс істейтін адамдарды шеттету себептерін талдайды және талдау негізінде тәуекел топтарын құрады, оларға алкогольді және психоактивті заттарды пайдалануға бейім, ұзақ және жиі ауыратын (созылмалы аурулардан зардап шегетін) адамдар кіреді.
________________________________
Міндетті медициналық
тексеріп-қарауды өткізу
қағидаларына
1-қосымша
20 ____ жылдың ______ тоқсанында өткізілген мерзімдік медициналық тексеру туралы денсаулық сақтау субъектісінің есебі
№
|
Объектінің атауы
|
Тексеруге жатады
|
Тексерілді
|
Кәсіптік ауруларға күдікті адамдар анықталды
|
|
|
Барлығы
|
Әйелдер
|
Барлығы
|
Барлығы
|
Әйелдер
|
|
|
|
|
|
|
|
Соматикалық аурулармен анықталды
|
Оның ішінде
|
Стационарлық тексеруге және емдеуге жіберілді
|
Барлығы
|
Оның ішінде алғаш анықталды
|
Уақытша ауыстыруды қажет етеді
|
Тұрақты ауыстыруды қажет етеді
|
|
|
|
|
|
Денсаулық сақтау субъектісінің бас дәрігері ______________________
Т.А.Ә. Қолы
_________________________
Міндетті медициналық
тексеріп-қарауды
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
ҚОРЫТЫНДЫ АКТ
20______ жылғы «____» ___________
20______ жылы _________________________________жұмыскерлеріне
(ұйымның (кәсіпорынның), цехтың атауы)
өткізілген мерзімдік медициналық тексерулер (зерттеу) нәтижелері бойынша мыналардың қатысуымен қорытынды акт жасалды:
Дәрігерлік комиссияның төрағасы ___________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының еңбек гигиенасы жөніндегі маманы
Жұмыс берушінің өкілі ________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
Еңбек ұжымының өкілі ___________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
1. Ұйым (кәсіпорын), цех жұмыскерлерінің саны:
2. Ұйымның (кәсіпорынның), цехтың зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істейтін, сондай-ақ жұмыстардағы* жұмыскерлерінің саны:
барлығы
|
|
оның ішінде әйелдер
|
|
3. Міндетті медициналық тексеруге жататын, зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істейтін, сондай-ақ осы жылғы жұмыстардағы жұмыскерлердің саны:
барлығы
|
|
оның ішінде әйелдер
|
|
4. Мерзімдік медициналық тексеруден (зерттеуден) өткен жұмыскерлер саны:
барлығы
|
|
оның ішінде әйелдер
|
|
5. Мерзімдік медициналық тексерумен қамтылу %:
барлығы
|
|
оның ішінде әйелдер
|
|
6. Мерзімдік медициналық тексеруді (зерттеуді) аяқтамаған жұмыскерлер саны:
барлығы
|
|
оның ішінде әйелдер
|
|
Мерзімдік медициналық тексеруді (зерттеуді) аяқтамаған жұмыскерлердің аты-жөні жазылған тізім:
№
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Кәсіпорынның бөлімшесі
|
|
|
|
|
|
|
7. Мерзімдік медициналық тексеруден (зерттеуден) өтпеген жұмыскерлер саны:
барлығы,
|
|
оның ішінде әйелдер
|
|
оның ішінде себептер бойынша жалпы санның
|
|
сырқаттану парағы
|
|
іссапар
|
|
кезекті демалыс
|
|
жұмыстан босату
|
|
өтуден бас тарту
|
|
Мерзімдік медициналық тексеруден (зерттеуден) өтпеген жұмыскерлердің аты-жөні жазылған тізім:
№
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Кәсіпорынның бөлімшесі
|
Себебі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8. Осы мерзімдік медициналық тексеру (зерттеу) нәтижелері бойынша қорытынды
№1 жиынтық кесте
Мерзімдік медициналық тексеру (зерттеу) нәтижелері
|
Барлығы
|
Оның ішінде әйелдер
|
Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмысқа, жұмыс түрлеріне кәсіптік жарамды адамдар саны *
|
|
|
Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмысқа, жұмыс түрлеріне уақытша кәсіптік жарамсыз адамдар саны *
|
|
|
Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмысқа, жұмыс түрлеріне тұрақты кәсіптік жарамсыз адамдар саны *
|
|
|
Толық зерттеуді қажет ететін адамдар саны (қорытынды берілмеген)
|
|
|
Кәсіптік ауруға күдікті адамдар саны
|
|
|
Кәсіптік патология орталығында тексеруді қажет ететін адамдар саны
|
|
|
Амбулаториялық тексеруді және емдеуді қажет ететін адамдар саны
|
|
|
Стационарлық тексеруді және емдеуді қажет ететін адамдар саны
|
|
|
Санаторийлік-курорттық емдеуді қажет ететін адамдар саны
|
|
|
Емдеу-профилактикалық тамақтануды қажет ететін адамдар саны
|
|
|
Диспансерлік бақылауды қажет ететін адамдар саны
|
|
|
№ 2 жиынтық кесте
№
|
Т.А. Ә.
|
Жынысы
|
Туған жылы
|
Учаске
|
Кәсібі
|
Зиянды және (немесе) қауіпті заттар және өндірістік факторлар, жұмыс түрлері**
|
Зиянды және (немесе) қауіпті заттар және өндірістік факторлар, жұмыс түрлерімен жұмыс өтілі **
|
МКБ-10 бойынша ауру сыныбы, диспансерлік бақылау тобы
|
Ауру алғаш рет анықталды
|
Жұмыстарға кәсіптік жарамды *
|
Жұмыстарға уақытша кәсіптік жарамсыз *
|
Жұмыстарға тұрақты кәсіптік жарамсыз *
|
Қорытынды берілген жоқ
|
Кәсіптік патология орталығында зерттеліп-қарауды қажет етеді
|
Амбулаториялық тексеруді және емдеуді қажет етеді
|
Стационарлық тексеруді және емдеуді қажет етеді
|
Санатоийлік-курорттық емдеуді қажет етеді
|
Емдеу-профилактикалық тамақтандыруды қажет етеді
|
Диспансерлік бақылауды қажет етеді
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9. Кәсіптік ауруға күдікті адамдар анықталды:
Р/с №
|
Т.А. Ә.
|
Кәсіпорынның бөлімшесі
|
Кәсібі, лауазымы
|
Зиянды және (немесе) қауіпті заттар және өндірістік факторлар
|
|
|
|
|
|
10. Өмірінде бірінші рет соматикалық аурулар анықталды:
№
|
АХЖ-10 бойынша ауру сыныбы
|
Жұмыскерлер саны (барлы
ғы)
|
|
|
|
|
|
|
11. Өмірінде бірінші рет созылмалы кәсіптік аурулар анықталды:
№
|
АХЖ-10 бойынша ауру сыныбы
|
Жұмыскерлер саны (барлы
ғы)
|
|
|
|
|
|
|
12. Жұмыскерлерге өткізілген мерзімдік медициналық тексеру (зерттеу) нәтижелері бойынша 20___жылғы «___» __________ алдыңғы қорытынды актінің ұсынымдарын орындау нәтижелері.
№
|
Іс-шаралар
|
Жатқаны
(адам)
|
Орындалды
|
абс.
|
%-бен
| -
|
Кәсіптік патология орталығында зерттеу
|
|
|
| -
|
Толық зерттеу
|
|
|
| -
|
Амбулаториялық зерттеу және емдеу
|
|
|
| -
|
Стационарлық зерттеу және емдеу
|
|
|
| -
|
Санаторийлік-курорттық емдеу
|
|
|
| -
|
Диеталық тамақтану
|
|
|
| -
|
Диспансерлік бақылауға алынды
|
|
|
|
13. Жұмыс берушіге ұсынымдар: санитариялық-профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары және т.б.: _________________________________
Ескертпе:
* Зиянды факторлар тізбесіне және Жұмыстар тізбесіне сәйкес зиянды және/немесе қауіпті өндірістік факторлар мен жұмыстар.
** Зиянды факторлар тізбесіне және Жұмыстар тізбесіне сәйкес зиянды және/немесе қауіпті өндірістік факторлар мен жұмыстар тармақтарын санамалау.
Қолдары:
Дәрігер (кәсіптік патолог, терапевт) __________________________
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қызмет маманы _____________________
Жұмыс берушінің өкілі _________________________________________
Ұйымның кәсіподақ комитетінің өкілі ___________________________
Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы
__________ Қолы
|
_______________ Мөр орны Т.А.Ә_____________
|
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының басшысы
__________ Қолы
|
_______________Мөр орны Т.А.Ә _____________
|
Ұйым басшысы (жұмыс беруші)
__________ Қолы
|
_______________ Мөр орны Т.А.Ә______________
|
Ұйымның кәсіподақ комитетінің
төрағасы
__________ Қолы
|
_______________ Мөр орны Т.А.Ә______________
|
____________________________
Міндетті медициналық
тексеріп-қарауды
өткізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Медициналық тексерулердің қосымша парағы
№ _____________
1. Медициналық тексеру өткізілген күн ______________________
2. Кәсіпорынның атауы: ___________________________
3. Құрылымдық бөлімшенің атауы (цех, учаске, бөлім, бөлімше және т.б.)_______
4. Қазіргі уақыттағы кәсібі немесе лауазымы _____________________
5. Жалпы жұмыс өтілі ___________________________________________
(жылдар саны көрсетіледі)
6. Кәсіптегі жұмыс өтілі ______________________________________
(жылдар саны көрсетіледі)
7. Қазіргі уақыттағы еңбек жағдайлары
Зиянды және қауіпті өндірістік фактордың атауы
|
Фактормен жұмыс істеу өтілі
(айтуы бойынша)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8. Қазіргі кәсібі бойынша жұмыс істегенге дейінгі еңбек жолы
Жұмыстың басталу және аяқталу айы мен жылы
|
Жұмыс ұзақтығы
|
Кәсіпорын
|
Кәсіп
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9. Алдын ала (жұмысқа тұру алдында) медициналық тексеруден (зерттеуден) өту күні:
20___ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
10. Мерзімді медициналық тексерулер (зерттеулер) өткізу күні
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
20___ ж. «___»______________
|
|
20___ ж. «___»______________
|
Достарыңызбен бөлісу: |