Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі


Ауысым алдында медициналық куәландыруды талап ететін



бет12/14
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#124963
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
3. Ауысым алдында медициналық куәландыруды талап ететін

кәсіптер тізімі



1

2

3

1

технологиялық цехтардың (полимеризация, дистилляция, катализаторлар өндірісі, полипропилен түйіршіктеу, желім дайындау) аппаратшылары

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

2

сирек кездесетін элементтерді бөлу, компрессорлық қондырғылар жөніндегі аппаратшы-гидрометаллургтар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

3

жолаушылар поезының бригадасы (поезд бастығы, жолсеріктер, поезд электрмеханигі); (жолсеріктер, поезд электрмеханигі)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

4

өндіру және қазба жүргізу бригадаларының бригадирлері мен жетекшілері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

5

жарушылар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

6

қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге қызмет көрсететін вулканизаторлар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

7

тұрақты және тұрақты емес жолаушылар мен жүктер, оның ішінде қауіпті жүктер бағдарларында жұмыс істейтін автокөлік құралдарының жүргізушілері

жұмыс ауысымының алдында 30 минут бұрын

8

сүңгуірлер

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

9

дезактиваторлар

дозиметристер



жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

10

әуе және теміржол қозғалысы және метрополитен ұйымдарының диспетчерлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

11

аффинаж өндірісі мастерлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

12

азот-оттек станциясының машинистері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

13

бұрғы қондырғылары машинистері мен машинист көмекшілері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

14

мұнаралы, төрттағанды, көпір, шынжыр табанды, автомобиль, темір жол, порт және жүзу крандарының машинистері мен машинистердің көмекшілері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

15

локомотивтер (электровоздар, тепловоздар, дизель және электр поездары) машинистері мен машинистердің көмекшілері; локомотивтік бригадалардың, оның ішінде метрополитен электропоездарының жұмыскерлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

16

жол машиналарының машинистері және машинисттің көмекшілері, дрезина, мотовоздар, автомотристер және басқа да арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері және жүргізушілер көмекшілері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

17

өндіру және қазба жүргізу комбайндарының машинистері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

18

қазандықтар машинистері, операторлары (жұмыс қысымы 0,07МПа - 0,7кгс/см2 болатын қазандықтар);

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

19

көтергіштердің машинистері, экскаваторлардың, діңгекті көтергіштердің, шприцмашиналардың машинистерінің көмекшілері, компрессорлық қондырғылардың операторлары, оттегі баллондарын толтырушылар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

20

шлюз вахталарының және бақылаушылар бригадалырының бастықтары, аға бақылаушылар мен бақылаушылар, қылмыстық-атқару жүйесінің жүргізуші мамандары

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

21

ұңғымаларды жерасты жөндеу жөніндегі және бұрғылау мұнай өндіру, қабат қысымын ұстау, дайындау және айдау жұмыстарын жүргізу құқығы бар операторлар, арнайы су тазалау мен реакторлы қондырғылардың аға мастерлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

22

атом реакторын зерттеу, реактордың жұмысы және тоқтау жұмыстарына дайындық кезеңіндегі бригадалардың персоналы (жобаның бас инженері, ауысым бастығы, басқару инженері, инженер физик, инженер технолог, бақылау-өлшеу приборлары инженері, қорғауды басқару жүйесінің инженері, инженер электрик, кезекші механик, электрик, слесарь-жөндеуші және дозиметрист, барлық кәсіптер бойынша стажерлар, жұмысқа қатысатын басқа да кәсіптер)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

23

220 Вольт және одан да жоғары кернеулі қолданыстағы электр құрылғыларға қызмет көрсететін, оларды жедел іске қосу және баптау, монтаждау жұмыстарын және осы электр құрылғыларында жоғары вольтты сынақтар өткізетін персонал

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

24

ядролық қауіпті учаскелерде ядролық қауіпті бөлінетін материалдармен жұмысты тікелей орындайтын басшылар, мамандар мен жұмыскерлер

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

25

азот-оттек станцияларының, арнайы су тазалау ауысымдарының мастерлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

26

бағанға шығатын және адамды көтергіштің тұтқасын ұстайтын адамдары

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

27

атыс қаруын ұстау және оларды қолдану рұқсат етілген атқыштар (ведомстволық күзеттегі жұмыскерлер)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

28

әуе кемелерінің экипаждары (ұшқыштар, бортинженерлер, бортсеріктер) бортмеханиктер, бортрадистер, штурмандар, бортоператорлар, бортсеріктер, әуесқой ұшқыштар)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

29

әуе кемелеріне, аэродромдарға және авиажолаушыларға қызмет көрсететін жұмыстарды атқаратын аэропорт жұмыскерлері (авиациялық қауіпсіздік қызметі, инженерлік-авиациялық қызмет, аэродром қызметі, жолаушылар және жүк тасымалын ұйымдастыру қызметі, авиа жанар-жағар май материалдары қызметі, аэропорттың диспетчер қызметі

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

30

өзен және теңіз кемелерінің экипаждары (капитандар мен оның көмекшілері, штурмандар, механиктер, матростар, электриктер, радио мамандары)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

31

метрополитеннің құрылысы және оны пайдалану кезінде барлық жерасты жұмысының түрлерін атқаратын жұмыскерлер (метрополитеннің қазба жүргізу комбайндарының машинистері, тау-кен мастері, тау-кен жұмысшысы, қазушы, эскалаторға қызмет көрсететін жұмысшылар, бағанға шығатын және адамды көтергіштің тұтқасын ұстайтын адамдары, жол жөндеушілер, радио мамандары)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын

32

вагонды тексерушілер, вагон қозғалысының жылдамдығын реттеушілер, поезд құрастырушылар және құрастырушылар көмекшілері, құюшылар, шахтерлар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат бұрын


4. Міндетті медициналық тексеруге жататын жұмыскерлер тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін адамдарды зертханалық және функционалдық зерттеулердің

жиілігі мен көлемі




Орындалатын жұмыстар тізбесі

Алдын ала медициналық тексерулер (жұмысқа тұру кезінде)

Мерзімдік медициналық тексерулер

Зертханалық және функционалдық зерттеулер

Тексерулер мерзімділігі

Зертханалық және функционалдық зерттеулер




1

2

3

4

5

1

Азық-түлік саудасы объектілері, қоғамдық тамақтану объектілері, өнеркәсіптің тамақ салалары ұйымдары, азық-түлік тауарларын сақтауға және өткізуге арналған базалар мен қоймалар, азық-түлік базарлары, ыдысқа құйылған суды шығаратын ұйымдар, вагон-мейрамханалар, борттық тамақтану цехтары, теңіз, ішкі су көлігіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыскерлері, көлік ұйымдары жұмыскерлері және өндірістік тұмшаланған қаптамасы жоқ азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын жеке адамдар, тәрбиелеу, білім беру, тұру, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыратын, мектепке дейінгі ұйымдар (сәбилер бақшалары, балалар бақшалары, сәбилер-балалар бақшалары, шағын орталықтар, бөбектер үйлері), мектеп-интернаттар, балалардың жыл бойғы маусымдық сауықтыру және санаториялық ұйымдары, балалар үйлері, бастауыш, жалпы орта, кәсіптік, жоғары білім беру оқу орындары асханалары мен буфеттерінің жұмыскерлері

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау



әр 12 ай сайын


Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау



2

Кремді-кондитерлік өндірістер мен балалар сүт ас үйлерінің жұмыскерлері

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау



әр 12 ай сайын


Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау



3

Жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың

(теміржол вокзалдарының, аэровокзалдардың, теңіз және өзен вокзалдарының, автовокзалдардың, метрополитендердің) жұмыскерлері



Флюорография



әр 12 ай сайын


Флюорография

4

Жолаушылар поездарының жолсеріктері, өзен, теңіз және авиакөліктердің стюарттары

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау



әр 12 ай сайын

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау



5

Бастауыш, жалпы орта, кәсіби, жоғары білім беру мекемелері, мектептен тыс мекемелер, компьютер клубтарының жұмыскерлері

Флюорография

әр 12 ай сайын

Флюорография

6

Балалар мен жасөспірімдердің маусымдық сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау



әр 12 ай сайын

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына,

мерезге, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау


7

Мектепке дейінгі ұйымдар (сәбилер бақшалары, балалар бақшалары, сәбилер-балалар бақшалары, шағын орталықтар, бөбектер үйлері), мектеп-интернаттар, балалардың жыл бойғы сауықтыру және санаторийлік ұйымдары, балалар үйлерінің жұмыскерлері

шаруашылық қызметінің: бухгалтер, қарауыл, аула сыпырушы, күзет қызметінің жұмыскерлерін, үй-жайларды, дәліздерді, киім-кешекті жөндеуге арналған техникалық персоналды қоспағанда

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау


Флюорография

әр 12 ай сайын

әр 12 ай сайын



Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа, мерезге зерттеп-қарау


Флюорография

8


Перзентханалар (бөлімшелер), балалар ауруханалары (бөлімшелерінің), жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелері, шала туған нәрестелер бөлімшелері және ауылдық ауруханалардың аралас бөлімшелері мен күндізгі стационарлардың медицина қызметкерлері

Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың медицина қызметкерлері



Флюорография

әр 12 ай сайын

Флюорография

9

Қан қызметі ұйымдарының медицина персоналы, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық бейіндегі медицина қызметкерлері, гемодиализбен айналысатын медицина персоналы, сондай-ақ вирусологиялық, клиникалық, иммунологиялық және микробиологиялық зертханалардың медицина персоналы

Флюорография

В вирустық гепатиті мен С вирустық гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау



әр 12 ай сайын

әр 6 ай сайын



Флюорография
В вирустық гепатиті және С вирустық гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау

10

Санаторийлер, демалыс үйлері, пансионаттар, интернаттар және мүгедектер мен қарттар үйлерінің қызметкерлері, үйге келетін медициналық-әлеуметтік қызметкерлер

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау



әр 12 ай сайын

Флюорография

дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау




11

Меншік нысанына қарамастан халыққа санитариялық-гигиеналық қызмет көрсету ұйымдарының (моншалар, себезгілер, сауналар, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары) жұмыскерлері, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, боулингтер, ойын-сауық орталықтарының жұмыскерлері, бассейндер мен су емханалары, балшықпен емдеу орындарының, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге зерттеп-қарау



әр 12 ай сайын

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге зерттеп-қарау



12

Қонақүйлердің, мотельдердің, жатақханалардың, кемпингтердің менеджерлері, қабат меңгерушілері, әкімшілері

Флюорография



әр 12 ай сайын

Флюорография

13

Дәрілік заттарды дайындаумен, ораумен, өткізумен айналысатын дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың (зауыттар, фабрикалар) қызметкерлері

Флюорография

әр 12 ай сайын

Флюорография

14

Су дайындауға тікелей қатысы бар су құбыры құрылыстарының жұмыскерлері, су құбыры желілеріне қызмет көрсететін адамдар, өндірістік зертханалар, сумен қамту және кәріз объектілерінің жұмыскерлері

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау




әр 12 ай сайын

Флюорография

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау



15

Жалпы білім беретін мектептердің, арнайы орта және жоғары оқу орындарының оқушылары (студенттер), жұмыскерлері міндетті медициналық тексеруге жататын ұйымдардағы жұмыскерлер сияқты практикадан өту алдында және өту кезінде

Флюорография

Зертханалық және функционалдық зерттеулер практика өтетін ұйымның санатына сәйкес жүргізіледі





Флюорография практикадан өту кезеңінде 12 айда 1 рет

Зертханалық және функционалдық зерттеулер практика өтетін ұйымның санатына сәйкес жүргізіледі


______________________________________________________


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

25.01.2012 жылғы

№ 166 қаулысымен

бекітілген



Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін айқындайды.

2. Міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.

3. Алдын ала медициналық тексеріп-қарауды жұмысқа тұру немесе оқуға түсу алдында кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.

4. Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарауды жұмыс істеп жүрген адамдардың денсаулық жағдайын динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.

5. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды білікті мамандары, қажетті аспаптары, жабдығы, функционалдық-диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған химиялық реактивтері және материалдық-техникалық ресурстары бар, тексерілетін адамдардың жұмысқа (өндірістік практикаға) жарамдылығын бағалау, денсаулық жағдайы бойынша кәсіптік жарамдылығын бағалау бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.

2. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауды жүргізу тәртібі
6. Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізуге қатысатын медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жұмыскерді тексеруді жүзеге асырады және зерттелетін адамды зертханалық зерттеулерге жібереді.

7. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулар деректері жұмыскердің орындалатын жұмысқа (өндірістік практикаға) денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдей отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.

8. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулар нәтижелері эпидемиологиялық маңызды объектілерге жұмысқа тұратын адамдар үшін жеке медициналық кітапшаға ресімделеді. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараудан өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды деп танылған адамдарға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама беріледі.

9. Медициналық ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты медицина қызметкері денсаулық жағдайларының жұмысты орындауға қажетті талаптарға, оның ішінде оқушылардың оқу орындарында оқуы кезеңінде өндірістік практикада көзделген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны қабылдайды.

10. Жеке медициналық кітапшаға денсаулық жағдайы туралы қорытындыны медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері жеке медициналық кітапшада міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараудан өткені туралы мөрлер мен міндетті медициналық тексеріп-қарауға қатысатын барлық медицина қызметкерлерінің барлық қолдары болған жағдайда қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет