Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117
Қалыпты физиология

Салыстырмалы рефрактерлік кезең – бұл ӘП-ның реполяризациясы 
кезіндегі жүйке немесе ет жасушасы қозғыштығының қайта қалыптасуына 
байланысты оны табалдырықтан жоғары күшпен тітіркендіргенде жаңадан 
қозу пайда болады. Себебі бұл уақытта жасуша мембранасының 
К
+
иондарына өтімдігі және оның жасушадан шығуы әліде болса жоғары, ал 
Na

- каналдарының бір бөлігінің белсенділігі әліде төмен жағдайда болады 
(h-қақпалары жабық және жасуша тыныштық жағдайға әлі келмеген). Яғни 
осы кезеңде қозу тудыру үшін тітіркендірудің күші табалдырықтан жоғары 
болу керек. 
Супернормалдық (экзальтация) кезең – іздік теріс потенциалға (іздік 
деполяризация кезеңіне) сәйкес келеді. Себебі бүл кезде жасуша 
мембранасының өтімділігі Na
+
иондары үщін өте жоғары болады, сондықтан 
кезекті ӘП пайда болу үшін тітіркендірудің табалдырықтан төмен шамасы 
жеткілікті болады. Іздік оң потенциалға (іздік гиперполяризацияда) сәйкес 
субнормалдық кезең байқалады. Ол жасуша мембранасы өтімділігінің 
К
+
иондар үшін жоғары болуымен байланысты. 
Сонымен жасуша қозғыштығының фазалық өзгерістен өту жылдамдығы 
оның лабилдік қасиетімен анықталады. 


ДӘРІС № 4. Жүйке және жүйке талшықтарының физиологиялық 
қасиеттері. 
Жүйке 
талшықтарының 
жіктелуі. 
Қозуды 
өткізу 
механизмдері мен заңдары.
Дәрістің жоспары: 
4.1.Жүйке талшықтарының жіктелуі. 
4.2. Жүйке талшығымен қозудың өту механизмдері.
4.3. Жүйке талшықтарымен қозуды өткізу заңдары.
Жүйке талшықтары деп нейрон өсінділерін айтады, олардың көмегімен 
нейрондар өзара және басқа атқарушы жасушалармен байланысады. 
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері: 
1) қозғыштығы – тітіркендіруге жауап қайтарудағы қозу жағдайында болу 
қабілеті; 
2) өткізгіштігі – тітіркендіру әсер еткен жерден пайда болған қозуды ӘП 
түрінде әрі қарай өткізуі; 
3) рефрактерлігі (қозбаушылығы) – қозу кезіндегі жүйкенің қозғыштық 
қасиетінің уақытша күрт төмендеуі.  
Жүйке тіндерінің рефрактерлік кезеңі өте қысқа болады. Рефрактерлік 
кезеңнің маңызы – жүйке тіндерін шамадан өте жоғары қозудан сақтандыру, 
тек биологиялық маңызды тітіркендіруге жауап қайтару.
4) лабилдігі – жүйке тіндерінің тітіркендіруге белгілі бір жылдамдықта 
жауап беру қабілеті.
Жүйке талшықтары өз алдына (немесе бөлек) жүйке тіндерінің 
құрылымдық элементтеріне жатпайды, олар құрамында белгілі бөлімдері бар 
кешенді құрылым болып есептеледі: 
1) жүйке жасушаларының өсінділері – осьтік цилиндр; 
2) глиялық жасушалар (мидың дәнекер тіндері); 
3) дәнекертіндік (базальдық) табақша. 
Жүйке талшықтарының негізгі қызметі – жүйке серпіндерін (импульс) 
өткізу. Жүйке жасушаларының өсінділері жүйке серпіндерін өткізеді, ал 
глиялық жасушалар олардың өтуін қолдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет