талшықтар қанша жуан болса, үзілістер арасы сонша ұзын болады. Диаметрі
12-20 мкм талшықтарда қозудың өту жылдамдығы 70-120 м/с болады.
Қозуды өткізу жылдамдығына байланысты жүйке талшықтары үш түрлі
болады:
А, В және С (Дж. Эрлангер, Х.Гассер, 1937). А
және В типтері
миелинді талшықтар. А-талшықтар – денелік (сомалық) жүйке жүйесінің
афференттік және эфференттік талшықтары; вегетативтік жүйке жүйесінің
ганглийға дейінгі (преганглиялық) талшықтары – В типке қарайды. С-
талшықтары миелинсіз – оған ВЖЖ-нің ганглийдан кейінгі (постгангиялық)
талшықтары
мен кейбір ауырсыну, жылулық және ішкі ағзалар
қабылдағыштарының афференттік талшықтары жатады (кесте 1).
Талшы
қ
типтері
Қызметтері
Диаметрі
, мкм
Өткізу
жылдам
.
м/с
Абс.рефрак
.
кезең, мс
Аα
Афференттік-еттер
ұршығы,
сіңірлердің
құрылымдары;
Эфференттік – қаңқа еттері
10-20
60-120
0,4-1,0
Аβ
Афференттік –
сипап сезу;
интрафузалды ет талшықтарын
дағы Аα-типті коллатералдары
5-12
30-70
-
Аγ
Эфференттік-еттер ұршығы
4-8
15-30
0,4-1,0
Аδ
Афференттік-
температура,
ауырсынуды тез өткізу
2-5
12-30
-
В
Симпатикалық,
преганглиялық;
кірпікті
түйіннің
постганглиялық
талшықтары
1-2
5-12
1,2
С
Симпатикалық,постганглиялы
қ
Афференттік-ауырсынуды
баяу өткізу
0,3-1,3
0,5-2,3
2
«Жүйке» және «жүйке талшығы» деген ұғымдарды алмастыруға болмайды.
Жүйке деп жүйке талшықтары мен сыртын қаптаған іркілдек,
талшықты
дәнекер тіндерден тұратын кешенді құрылымды айтады.