Бұлшықеттердің
жиырылу түрлері. Бұлшықеттердің жиырылу
сипатына байланысты үш режимі бар: изометриялык,
изотониялық және
ауксотониялық.
Ауксотониялық жиырылу деп бұлшықет бір мезгілде қысқаруы мен
оның тонусының (шиырығуы) күшеюін айтады.
Бұл жиырылу табиғи
қозғалыс актілерінде кездеседі және екі түрлі болады:
эксцентриялық - ет
тонусының күшеюі оның ұзаруымен жалғасады (мысалы, отыру кезінде)
және
концентриялық – ет тонусының күшеюі оның қысқаруымен
жалғасады (мысалы, тұру кезінде аяқтардың жазылуы).
Изометриялық жиырылу деп
бұлшықеттің ұзындығы өзгермей, тек
оның тонусының күшеюін (еттің қатаюын) айтады. Мұндай жиырылуды
тәжірибеде байқауға болады, егер еттің екі жағынан
қозғалмайтындай етіп
бекіткенде, оның қысқаруға мүмкіндігі болмайды, ал табиғи жағдайда –
отырып тұру кезінде және дене қалпын бекітуде болады.
Изотониялық жиырылу деп
бұлшықеттің тонусы өзгермей, тек оның
қысқаруын айтады. Мұндай жиырылуды бір жағынан ілінген,
екінші жағы
бос (жүксіз) етті тітіркендіргенде байқауға болады.
Бұлшықеттердің жиырылу ұзақтығына байланысты екі түрін ажыратады:
жеке және
сіресіп (тетанустық) жиырылу. Ет талшығының
жеке
жиырылуы деп оны бір рет қана тітіркендіргенде байқалатын жауабын
айтады. Тәжірибеде бақаның балтыр етін тікелей немесе жүйке арқылы жеке
серпінді электрлік тітіркендірумен әсер еткендегі
жеке жиырылу сызығын
миографқа жазып алуға болады. Сонда жеке жиырылу қисығы – жасырын
(латенттік, 5 мс), қысқару (40-45 мс), босаңсу (50-60мс) кезеңдерінен тұрады.
Жалпы жеке жиырылу ұзақтығы 95-110 мс болады. Қаңқа еттері жеке
жиырылу
режимінде жұмыс атқарады, егер мотонейрондардың бір ізділік
серпіндерінің арасындағы интервалы жеке жиырылу ұзақтығына тең немесе
одан жоғары болған жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: