Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117
Қалыпты физиология

Сіресіп (тетанустық) жиырылу деп бұлшықетке ырғақты және жиі 
тітіркендірумен әсер еткенде оның ұзақ және тұтас жиырылуын айтады. 
Сіресіп (тетанустық) жиырылудың негізіне жеке жиырылудың жинақталу 
құбылысы жатады. Бұл құбылыс - бұлшықет талшығына немесе тұтас етке 
екі және оданда жиі бірінен соң бірі тез келетін серпіндер (тітіркендіру) 
әсерінен пайда болатын жиырылу амплитудасының жоғарылауы мен 
ұзақтығының ұлғаюы. Жинақталудың екі түрі бар: шала және толық. Егер 
еттің жеке жиырылуының қысқару кезеңінде жиі тітіркендірумен әсер етсе, 
серпіндер жинақталып еттің жиырылуын одан әрі күшейтеді, бұл толық 
жинақталу деп аталады. Мүндай да еттің босаңсуға мүмкіндігі болмайды да, 
ол ұзақ және күштірек сіресіп жиырылады. Мұны тегіс (жазық) тетанус деп 
атайды. Ал тітіркендіру серпіндері жеке жиырылудың босаңсу кезеңіне 
сәйкес келсе, онда ет солған жерінен бастап қайтадан күштірек жиырылып 
жауап береді, бұл шала жинақталу деп аталады. Осындай жинақталу 
нәтижесінде тісті (өркешті) тетанус байқалады. 
Тегіс тетануста дамитын еттің қатаюы, жеке жиырылумен салыстырғанда, 
2-4 есе жоғары болады. Тегіс тетанустағы жинақталудың максималды болуы, 


әрбір тітіркендіру серпінінен кейінгі саркоплазмалық ретикулумдегі 
Ca
2+
иондары концентрациясының біртіндеп жоғарылауымен байланысты. 
Тісті тетануста Ca
2+ 
иондарының бір бөлігі
Ca
2+
-АҮФ-азаның көмегімен 
саркоплазмалық ретикулумге қайта оралады, ал жеке жиырылудың босаңсу 
кезеңінде Ca
2+
иондары концентрациясы қалыпты жағдайға келеді (10
-8
М). 
5.2. Бұлшықеттің жиырылу және босаңсу механизмі. Көлденең 
жолақты бұлшықеттің жиырылу және босаңсу механизмдерін білу үшін 
алдымен оның молекулярлық физиологиясына, яғни ет талшықтарының 
құрылымдық және әрекеттік ерекшелігіне тоқталу қажет.
Әрбір ет талшығы бірнеше 100-ден 1000-ға дейін жиырылтқыш 
элементтері – миофибрилладан тұрады. Еттің жиырылуына келтіретін әрбір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет