Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет32/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   117
Қалыпты физиология

Бұлшықеттің қажуы. Бұлшықет ұзақ және қүшті жұмыс атқару кезінде 
оның жиырылу күші мен қатаюы біртіндеп төмендей береді де қажу 
жағдайына түседі. Бірақ қажу уақытша құбылыс, біраз үзіліс жасап етті 
тынықтырса, ол қайтадан жиырыла бастайды, яғни дем алған соң 
бұлшықеттің жұмыскерлігі бұрынғы қалпына келеді. Қажудың пайда болуы 
ұзақтығы жұмыстың ырғағы мен жүктің ауырлығына байланысты. Ауыр жүк 
немесе жиі ырғақты жұмыс бұлшықетті тез қажуға келтіреді. Сондықтан 
жүктің ауырлығы мен жұмыстың ырғағы орташа дәрежеде болса
бұлшықеттің қызметі де нәтижелі болады. Бұлшықеттің қажу сызығын – 
эргограмманы алғашқы рет И.М.Сеченов жазып алған. Оның айтуы 
бойынша, бір қолдың еттері қажуға түскенде, екінші қолмен жұмыс істесе, 
еттердің қажудан кейінгі бұрынғы қалпына келуі жылдам болады. Сөйтіп, 
И.М. Сеченов толық организмнің жұмыскерлік қабілетін сақтау үшін 
алғашқы рет «белсенді демалыс» ілімін енгізді. 
Қажудың пайда болу себептерін түсіндіретін қағидалар өте көп, солардың 
ішінде: «әлсіреу» теориясы бойынша – энергия қорының әсіресе гликогеннің 
азаюы, «улану» теориясы – сүт, фосфор қышқылдарының және басқа да 
ыдырау өнімдерінің жиналуы, «тұншығу» теориясы – оттегінің жетіспеуі 
және т.б. Бұл пікірлер бұлшықеттің қажу сырын толық анықтамағанымен, 
оның жеке себептерін көрсетеді. Ал тұтас организмде бұлшықеттердің бәрі 
жүйке талшықтарымен қамтамасыз етілген және арасында мионевралды 
түйіспе орналасады. Міне осы түйіспеде қажу тез дамиды. Мұндай 
түйіспелер орталық жүйке жүйесінде де өте көп мөлшерде болады. Яғни 
қажу құбылысы тұтас организмде орталық жүйке жүйесінде байқалады. 


5.4.Бірыңғай салалы бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. 
Бірыңғай салалы ет бүкіл ішкі қуыс ағзалардың қабырғасында, қан мен 
лимфа тамырларында, несеп шығаратын мүшелерде, жатырда, бронхта, 
қыспақтар (сфинктер) құрамында және т.б. жерлерде кездеседі. Бұл еттің 
физиологиялық қасиеттері қаңқа бұлшықетіндегі сияқты, бірақ оның өзіне 
тән ерекшеліктері болады: 
1) Қозғыштығы. Физиологиялық қалыпты жағдайда бірыңғай салалы 
бұлшықет жасушаларының МП - 60 -70 мВ арасында, ал өздігінен қозатын 
миоциттерде - -30-60 мВ болады. Қаңқа етімен салыстырғанда,оның ӘП-ның 
мөлшері төмен және ұзақтау (10-50 мс), ал мембрананың деполяризациясы 
Ca
2+
иондарының жасушаның ішіне енуімен байланысты. 
2) Өткізгіштігі. Бірыңғай салалы еттердің құрылымды-әрекеттік бірлігі - ет 
талшықтарының будасы (шоғыры) болады. Мұндай талшықтар бір-бірімен 
нексус арқылы байланысады да, қозу бірнеше талшықтарға таралады. Бір 
буда маңындағы ӘП-ның таралу жылдамдығы баяу, шамамен 5-10 см/с. 
3) Жиырылғыштығы. Қозудың ет талшықтарының будасымен таралуына 
сәйкес оның жиырылуыда біртұтас болып байқалады. Бірыңғай салалы ет 
талшығы миозиніндегі АҮФ-аза белсенділігі көлденең жолақты ет 
талшығымен салыстырғанда 40-80 есе төмен болады. Сондықтан бірыңғай 
салалы еттің жиырылуы өте баяу болады. Бұл ет талшықтары ұзақ уақытқа 
дейін ширақтығын (тонусын) сақтайды және қажымайды. Кейбір бірыңғай 
салалы еттердің (ас қорыту, несеп шығару жүйелерінде) автоматиялық 
қасиеттері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет