Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Йодталған гормондардың түзілуінің реттелу механизмдері



Pdf көрінісі
бет66/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117
Қалыпты физиология

Йодталған гормондардың түзілуінің реттелу механизмдері: 
1) гипофиздің артқы бөлігінен шығатын тиреотропин арқылы реттеу. 
Гормонның йодталу кезеңдерінің бәріне әсер етеді; 
2) йодтың қатысуымен реттеу. Аз мөлшері гормонның түзілуін 
жеделдетеді, көп болса – тежейді; 
3) вегетативтік жүйке жүйесімен реттеу: симпатикалық жүйе – 
гормондардың өндірілуін күшейтеді, парасимпатикалық – төмендетеді; 
4) гипоталамус арқылы реттеу. Гипоталамуста бөлінетін тиреолиберин 
гипофиздегі тиреотропиннің шығуын қолдайды, ал бұл гормон қалқанша 
безінде йодталған гормондардың түзілуіне күшті әсерін тигізеді; 
5) торлы құрылым арқылы реттеу. Оның құрылымдарының қозу 
гормондардың өндірілуін жоғарылатады; 


6) ми қыртысының қатысуымен реттеу.Тәжірибеде ми қыртысы алып 
тасталған (декортикация) жануарларда бастапқы кезде қалқанша бездің 
қызметі белсенді болып, біраз уақыттан кейін төмендейді. 
Тиреокальцитониннің физиологиялық ролі 
Тиреокальцитонин – қалқанша бездің фолликулаларының айналасында 
орналасқан жасушаларда түзіледі. Бұл гормон кальций мен фосфаттардың 
алмасуына қатысады, оның әсерінен қандағы кальций мен фосфаттың деңгейі 
төмендейді. Тиреокальцитонин сүйек тіндерінен Са
2+
иондарының шығуын 
тежеп, оның сүйекте шөгінді түрінде қалуын ұлғайтады. Ол сүйек тіндерін 
бұзатын остеокластардың қызметіне тосқауыл болады да, керісінше, сүйек 
тіндерінің пайда болуына қатысатын остеобласттарды белсендіреді.
Қандағы Са
2+ 
иондары мен фосфат мөлшерінің азаюы, бұл гормонның 
бұйрек түтікшелеріндегі осы заттардың қайта сіңуін төмендету әсерінен 
болады. Мұндай жағдайда несеппен бірге бұл заттар сыртқа көп 
шығарылады.
Тиреокальцитонин 
жасуша 
мембранасындағы 
Са
2+
-тартқышының 
белсендігін күшейтіп, кальций иондарының жасушадан шығуына келтіреді. 
Сонымен қатар бұл гормон митохондрийдің Са
2+
иондарын сіңіру қабілетін 
күшейтеді.
Қорыта келгенде, тиреокальцитонин организмді Са
2+
иондарының аса көп 
болуынан қорғайды және оның сүйекте сақталуына ықпал жасайды. 
Тиреокальцитонин сөлінісінің реттелуі қандағы Са
2+
иондарының 
мөлшеріне 
бағынышты: 
кальцийдің 
қандағы 
шамасы 
өскенде 
(гиперкальциемия), гормонның да мөлшері ұлғаяды, яғни қандағы Са
2+
-дің 
концентрациясы белгілі бір деңгейде сақталады. Тиреокальцитониннің 
сөлінісін күшейтетін биологиялық белсенді заттар бар – гастрин, глюкагон, 
холецистокинин. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет