Жыныс оралымының (циклдің) төрт кезеңдері болады:
1. Овуляцияға дейінгі (5-ші – 14-күндер арасы). Бұл кезеңдегі өзгерістер
фоллитропиннің әсерінен дамиды: жұмыртқа жасушасында эстрогендердің
түзілуі көшейеді, бұл жатырдың өсуін оның шырышты қабатының
қалыңдауына келтіріп, фолликуланың жетілуін тездетеді, сосын ол жарылып
жұмыртқа жасушасы шығады. Бұл – овуляция деп аталады.
2. Овуляция кезіндегі (15-ші - 28-ші күндер арасы). Бұл кезеңде жұмыртқа
жасушасы жұмыртқа жолына – жатыр түтігіне түсіп, жатыр ішіне қарай
жылжиды, мұнда оның ұрықтануы мүмкін. Ұрықтанған жұмыртқа жатырдың
шырышты қабатына еніп бекітіледі де, әрі қарай жүктілік басталады. Егер
ұрықтану болмаса, овуляциядан кейінгі кезең басталады. Фолликуланың
орнында сары дене дамиды, ол прогестерон түзеді.
3. Овуляцияда кейінгі. Ұрықтанбаған жұмыртқа, жатырға түскен соң өліп
қалады. Прогестерон фоллитропиннің шығуын азайтып, эстрогендердің
өндірілуін тежелтеді. Әйелдің жыныс мүшелеріндегі өзгерістер жойылып,
организм бұрынғы қалпына келеді. Эстрогендердің азаюы нәтижесінде
жатыр еттері жиырылады да, оның шырышты қабаты сылынып түседі
(етеккірдің келуі). Біраздан кейін жатырдың шырышты қабаты қайтадан
қалпына (регенерация) келеді.
4. Тыныштық және овуляциядан кейінгі кезеңдер жыныс оралымының 1-
ші күнінен 5-ші күніне дейін жалғасады.
Жыныстық оралым (цикл) 27-28 күнге созылады. Оның кезеңдерінің
әрқайсысы жыныс жұмыртқаларындағы, жатырдың шырышты қабатындағы,
қандағы, гормондар деңгейіндегі белгілі бір өзгерістермен және басқа да
организмдегі жалпы өзгерістермен сипатталады.
11.10. Плацента (бала жолдасы) гормондары. Тіндік гормондар мен
антигормондар туралы түсінік.
Плацента (шарана, бала жолдасы) – ана организмі мен ұрықты
байланыстыратын ерекше құрылым. Ол көптеген қызметтер атқарады, соның
ішінде метболизмдік және гормондар түзуі маңызды роль атқарады.
Плацентада екі топ гормондар түзіледі:
1)
белоктан синтезделген – хориондық гонадотропин (ХГ),
Достарыңызбен бөлісу: |