Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет77/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117
Қалыпты физиология

Жоғары жүйке іс-әрекеті – үлкен ми сыңарлар қыртысының қызметі, ол 
адам мен жануарлардың жеке тіршілігіндегі қоршаған ортаға бейімделу 
әсерленістерін, мінез-құлық өгерістерін камтамасыз етеді, сондықтан оның 
негізіне шартты рефлекстер жатады. 
Жоғары жүйке іс-әрекетінің бір қатар ерекшеліктері бар: 
1. Морфологиялық құрылымына үлкен ми сыңарлар қыртысы мен қыртыс 
асты құрылымдары (таламус, гипоталамус ядролары, лимбиялық жүйе мен 
базалдық ядролары) қарайды. 
2. Организмнің қоршаған ортамен байланыстарын қадағалайды. 
3. Пайда болу механизмдерінің негізіне инстинкттер мен шартты рефлекстер 
жатады. 
Инстинкттер дегеніміз мақсатты бағытта икемделуге қажетті іс-
әрекеттерді жасататын туа біткен күрделі шартсыз рефлекстер мен мінез-
құлықтар (тамақтану, жыныстық, қорғаныстық, т.б.) жиынтығы. Олардың 
іске асулары мен көріністерінің ерекшеліктері бар: 
1) морфологиялық құрылымдарына лимбиялық жүйе, базалдық ядролар мен 
гипоталамус жатады; 
2) тізбектеліп жасалады, яғни бір шартсыз рефлекс уақытының аяқталуы 
келесі әрекеттің басталуына келтіреді; 
3) олардың байқалуында гуморальдық факторлардың маңызы өте зор 
(мысалы, тамақтану рефлекстеріне себепші - қандағы глюкоза мөлшерінің 
азаюы); 
4) дайын рефлекстік доғалары болады; 


5) шартты рефлекстердің негізін құрады; 
6) ұрпақтан ұрпаққа беріледі және түрлік рефлекстерге жатады; 
7) тұрақтылығымен ерекшеленеді және өмір бойы өзгермейді; 
8) барабар тітіркендіру әсерінен қалыптасады, байқалуы үшін қосымша 
жағдайдың қажеті жоқ. 
Шартты рефлекстер – жеке тіршілік кезінде қалыптасатын жүйке 
жүйесінің даралық әсерленісі. Ол лайықты қабылдағыш аппараты арқылы, 
кез келген сигналдық тітіркендірудің әсеріне жауап ретінде, тұрақсыз және 
өзгергіш рефлекстік жолмен жүзеге асырылады. Олардың ерекшеліктері: 
1) морфологиялық құрылымы болып ми сыңарларының қыртысы саналады, 
оны алып тастаса ескі рефлекстер жойылады да, жаңа рефлекстер 
қалыптаспайды; 
2) олардың негізінде организмнің қоршаған ортамен өзара қатынасы 
жасалады, яғни бұл қатынастар нақтылы, күрделі және пайдалы болады. 
Сөйтіп шартты рефлекстер тіршілікте, өмірлік даму кезінде қалыптасқан 
мінез-құлықтар жиынтығы.
Шартты рефлекстің жіктелуі. Шартсыз рефлекстердің негізінде жасалған 
шартты рефлекстер үш топқа бөлінеді. 
1. Биологиялық маңызына қарай – тамақтану, қорғаныстық, жыныстық 
және т.б. 
2. Шартты рефлексті тудыратын қабылдағыштарына сәйкес:
- экстерорецептивтік – сыртқы қабылдағыштарды тітіркендіргенде пайда 
болатын шартты рефлекстер (көру, есту, иіс, дәм сезу т.б.); 
- интерорецептивтік – ішкі ағзалар қабылдағыштарынан көрінетін рефлекстер 
(қысым, температуралық, қан құрамы өзгерістері); 
- проприорецептивтік – бұлшықет пен сіңір рецепторларынан пайда болатын 
рефлекстер (жүріп тұру, өндірістік дағдылардың қалыптасуы және т.б.) 
3. Шартты рефлекске қатысатын жүйке жүйесінің бөлімдеріне қарай 
соматикалық (қозғалыстық) және вегетативтік (жүрек-тамырлық, сөліністік, 
шығару және т.б.) болып ажыратылады. 
Шартты рефлекстер тітіркендірудің табиғатына қарай табиғи және 
жасанды болып жіктеледі. Табиғи шартты рефлекстер шартсыз 
тітіркендіргіштің шын белгілеріне қалыптасады (мысалы, тағамның түріне 
немесе иісіне). Ал ортаның кез келген талғаусыз (индифференттік) 
тітіркендіргіштеріне (жарық, дыбыс, т.б.) қалыптасатын шартты рефлекстер 
жасанды (немесе зертханалық) болады. 
Организмге әсер ететін қоршаған орта тітіркендіргіштерінің санына 
байланысты шартты рефлекстер ажыратылады: 
1) қарапайым рефлекстер – бір ғана тітіркендіргіш әсерінен бір рефлекс 
қалыптасады (И.П.Павловтың классикалық шартты рефлекстері); 
2) кешенді шартты рефлекстер –бірнеше сигналдар бір мезгілде немесе 
жүйелі түрде әсер еткенде пайда болатын бір ғана шартты рефлекс; 
3) тізбекті шартты рефлекстер – әрқайсысы жеке өзіндік шартты рефлекс 
тудыратын тітіркендіргіштер тізбегі әсер еткенде пайда болады 
(динамикалық стереотип) ; 


4) аспаптық (инструменттік) шартты рефлекстер – жануарлар тамақтану үшін 
белгілі бір әрекет жасауы керек (мысалы, арнаулы педальды басу). 
Шартты, шартсыз тітіркендірулердің қарым-қатынасына және ұштастыру 
мерзіміне сәйкес шартты рефлекстер нақтылы және ілеспелі болып бөлінеді. 
Нақтылы рефлекстер шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің дәлме-
дәл ұштастыру жағдайларында қалыптасады. Бұл рефлекстің қарапайым 
және күрделі түрлері кездеседі. Оның бірмезгілді, бірізді және тізбекті 
түрлері де болады. 
Ілеспелі рефлекстер бекітуші тітіркендіргіш шартты сигналдың әсері 
аяқталғанда қосылса пайда болады. Мысалы, сілекей бөлінетін рефлекс 
шартты сигналдың әсері аяқталған соң, 2-4 минуттан кейін байқалады. Бұл 
рефлекстің тағы бір түрі белгілі бір уақыт мерзіміне қалыптасатын – 
уақыттық шартты рефлекс.
Уақыттық шартты рефлекстер әртүрлі уақыт аралықтарында (бірнеше 
секунд, сағат, тәулік арасында) қалыптасады. Оны қадағалайтын 
организмдегі көптеген ырғақты өтетін құбылыстар (тынысалу, жүректің
соғуы, қимыл, асқорыту кезіндегі сөл бөлінуі және т.б.). 
Басқа шартты рефлекстің негізінде пайда болатын шартты рефлекстерді 
бірінші, екінші, үшінші ретті деп ажыратады. Бірінші ретті рефлекс – 
шартты сигналды (жарық) шартсыз тітіркендірумен (ет) ұштастырғанда 
қалыптасатын шартты рефлекс (классикалық шартты рефлекс). Екінші ретті 
рефлекс бірінші реттегі шартты рефлекстің негізінде пайда болады. Жарыққа 
қалыптасқан шартты рефлекс кезінде, оған қосымша қоңырау дыбысын 
(ұштастыру) бірнеше рет қосқанда қоңырауға шартты рефлекс қалыптасады. 
Иттерде тек үшінші ретті шартты рефлекстер ғана қалыптастыруға болады, 
ал адамда 10-12 ретке дейін.
Сонымен шартты рефлекстер тіршілікте өмір бойы қалыптасады және 
адам үшін олардың маңызы өте зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет